Архив меток: провизорлық орталық

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАҒЫ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Шымкенттегі провизорлық стационардың бірінен вирустық инфекцияға шалдыққан соңғы науқас жазылып шықты. Қала тұрғыны Тастанова Мақпал Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына 19 тамыз күні жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Тексеру барысында науқаста екі жақты вирустық пневмонияның бары анықталған. Дәрігерлер науқастың жағдайын байқап, бірден ем-дом шараларын жүргізген. Денсаулық жағдайы жақсарған көп балалы ананы дәрігерлер бүгін арнайы стационардан шығарып салды. «Орталықтың барша дәрігеріне алғысым ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 30 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ӨТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында қызмет бабында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 30 дәрігерге екі миллион теңгеден өтемеақы берілді. Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлім етті. «Жалпы қала бойынша 185 медицина қызметкері короновирус инфекциясын жұқтырған. Олардың қатарында жедел жәрдем медициналық көмек көрсету қызметінің, провизорлық орталықтардың және емханадағы фильтр кабинетінің қызметкерлері бар. Қазіргі таңда 30 қызметкерге МӘМС ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРЫНДАРДЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ БОСАДЫ

Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 2810 төсек-орын бар. Оның ішінде 650 инфекциялық, 2160 провизорлық төсек-орын. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінде стационардағы төсек-орындардың 90 пайызы босады. Қолайсыз эпидемиологиялық ахуал кезінде COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26 провизорлық стационар жұмыс істеді. Сонымен қатар, шаһардағы емханалар жанынан құрылған 133 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ COVID-19 ЖҰҚТЫРУ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛМЕДІ

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ. Қаладағы эпидемиологиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. Бүгінде провизорлық стационардағы төсек-орындардың 88 пайызы бос. Вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Мейлінше сақтық шараларын күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады. Айта кетейік, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз ...

Читать далее »