Архив меток: театр

«ӘКЕ ТАҒДЫРЫ» ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театрының сахнасында Б.Жакиевтің «Әке тағдыры» драмасының премьерасы өтті. Драма Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналды. Қойылым соғыстан қайтпаған баласын келер деп үміт үзбеген әкенің, жесір қалған келінімен немересін бөлісе алмаған атаның айналасында өрбиді. Көпшіліктің көңілінен шыққан қойылым театрдың қоржынына енген екінші драма жанрындағы туынды.

Читать далее »

«Жеңгетай» комедиясы сахналанды

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында Е.Төлеубайдың «Жеңгетай» комедиясы сахналанды. Қойылым оқиғасында Толым апайдың пәтерін жалдап тұрып жатқан бойжеткен төрт қызға өмірлік серік іздеген жеңгетайдың әлегі баяндалды. Күлімкөз жеңгетай мінез-қылығы төрт түрлі бойжеткендерге төрт түрлі серілерді таныстырып, тездетіп тұрмысқа беріп құтылмақ. Себебі, үй иесі Толым апайдың өзі де Күлімкөз жеңгетай таныстырған Қотан ақсақалға тұрмысқа шығып, бақытты өмір сүрмек. ...

Читать далее »