Бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан бір топ азаматтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды. Жұқпалы індетпен күресте ерекше көзге түскендердің қатарында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және өзге де сала өкілдері мен еріктілер бар. Мегаполистің марапат иелеріне медальді қала әкімі Мұрат Әйтенов табыстады. — Бұл марапат — бүкіл әлемде орын алып отырған ...
Читать далее »Архив меток: қауіпті індет
ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР «ЖАНҒА ЖЫЛУ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ
Шымкент қаласының еріктілері дәрігерлер мен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыға 100-ге жуық азық-түлік себеттерін үлестірді. «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға қалалық «Жастар ресурстық орталығы», «АSAA» жастар қоғамдық бірлестігі, Зарина Жиенбаева Қазақстан темір — жол жастары бірлестігі ат салысты. Жобаның негізгі мақсаты – індетпен күресте өмірін қауіпке төндіре отыра жұмыс жасап жүрген ақ халаттыларға алғыс білдіру және мұқтаж жандарға көмек көрсету болды. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 17 ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРҚАТАР НЫСАНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ә.Төлебаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қалада 17 тамыздан бастап сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м), сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.), бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-дан аспауы ...
Читать далее »ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАҒЫ ЗЕРТХАНА 9 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛҒАН
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық диагностикалық орталықтың жұмысымен арнайы барып танысып, медицина қызметкерлеріне пандемия кезінде атқарған ерен ебектері мен ерлігі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар орталықтандырылған медициналық зертхананың жұмысын жоғары бағалады. Аталған орталық Covid-19 эпидемиясына қарсы іс-шараларының ішінде басым бағытта медициналық қызмет көрсеткен. Мамандар науқастардың өкпе қуысының рентген және компьютерлік томография зерттеулерін жүргізген. Ал, ПТР зертханасы жоғары сапалы зерттеу ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ДЫБЫС КҮШЕЙТКІШ ҚҰРАЛЫ АРҚЫЛЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ
Әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетіне байланысты Шымкент қаласында сақтық шаралары барынша күшейтілуде. Қауіпті індеттің алдын алу бағытында халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте, Шымкент қаласының әкімдігі құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, адам қарасы көп жерлерде дыбыс күшейткіш құралдың көмегімен COVID-19 ауруынан сақтану бойынша ақпараттар беруде. Осыған байланысты, «Шымкент Сити» шағынауданындағы 9 қабатты 16 тұрғын үйдің ауласында қауіпті індеттің алдын алу ...
Читать далее »ҚАУІПТІ ІНДЕТТЕН 288 АЗАМАТ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Соңғы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Шымкент қаласы ауруханаларынан 288 азамат жазылып шықты, оның ішінде пневмониядан — 209, КВИ — 47, ОРВИ — 13. Қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Осы орайда, қауіпті індетпен күресте аянбай тер төгіп жатқан шымкенттік дәрігерлердің еңбегі зор. Мәселен, ауыр халде ауруханаға жеткізілген науқастардың бірі 4 тәулік жан сақтау бөлімінде жатып, бүгін ол дәрігерлердің тиісті ...
Читать далее »