Архив меток: қоқыс контейнері

ШЫМКЕНТКЕ ЖАҢА ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ӘКЕЛІНУДЕ

Қазіргі таңда қала аумағында қоқыс тастайтын 490 қоқыс алаңшасы, 2039 қоқыс контейнері бар. Алайда олардың көбінің тозығы жеткен. Осы мақсатта қала әкімі Мұрат Әйтенов қоқыс салатын контейнерлерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңарту қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай, бүгінде Шымкентте көпқабатты тұрғын үй аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылуда. Жалпы осы жылы 1376 контейнер сатып алынбақ. Қазір олардың 376-сы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коммуналдық қызметтердің жұмысын қатаң сынға алып, тиісті басшылардан бұл салада тәртіп орнатуды талап етті. Шымкент аумағына қоқыс контейнерлерін орнату бойынша өткен жиында қала басшысы тұрғындар тарапынан қоқысты жинау жұмыстарына деген наразылығы көп екенін айтты. «Қаланы аралау барысында коммуналдық қызметтер жұмысының өте нашар жүргізілетінін көріп жүрмін. Көптеген қоқыс алаңшаларына санитарлық тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмейді. Ал ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Абай ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасы бар. Осы алаңшаларға 485 контейнер қойылған. Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы мамандарының хабарлауынша, ағымдағы жылы тозығы жеткен қоқыс контейнерлерін ауыстыру мақсатында қалалық бюджеттен қаржы бөлініп 19 млн 500 мың теңгеге 150 дана контейнер сатып алынды, мердігер мекеме — «Статус КБО бюлдинг» ЖШС. Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев жаңадан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛАҒА 1500-ГЕ ЖУЫҚ ҚОҚЫС ЖӘШІГІ АЛЫНАДЫ

Шымкентте жеке тұрғын үйлер аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылатын болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыру мақсатында осы жылы 1474 контейнер сатып алынбақ. Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен жиында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а Нұрлан Жаманкөз мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Оның айтуынша, қала аумағында қоқыс ...

Читать далее »