Шымкент қаласында күзгі егін жинау жұмыстары аяқталды. Биылғы жылы 27,9 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 мың гектарға артты. Қала әкімі Мұрат Әйтеновке дала жұмыстарының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков есеп берді. Оның айтуынша, күзгі дала жұмыстарын толығымен мерзімінде аяқтау үшін 725 доңғалақты трактор және 35 комбайн жұмылдырылған. ...
Читать далее »Архив меток: өнеркәсіп
ШЫМКЕНТ: 136 ГЕКТАР АУМАҚҚА ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ
Шымкент қаласында 2 агро-индустриалды аймағын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде көліктік-логистикалық орталық маңындағы 136 га аумақта заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салуға жер бөлінеді. Бірінші кезеңде қарастырылған жобаларға 30 га өнеркәсіптік жылыжай кешенін салатын 8 инвестор анықталды. Оларға 12 жылға жер жалға берілді. Қазіргі таңда инвесторлармен келісім шартқа тұрып, жерді тегістеп дайындау жұмыстары басталды. Ал, екінші кезеңде 60 га жылыжайды ...
Читать далее »ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛЫЖАЙҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтар өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты. Алдымен Асар–2 шағын ауданында орналасқан «ZERO MAX KZ» зауытына барды. Аталған зауыт жылыжай кешендерін салуға арналған мырышталған құбырлар мен жылыжай құрылысына қажетті өнімдерді өндіреді. Жоба құны — 2,6 млрд. теңгені құрайды. Өндіріс орны жылына 380 гектар болатын жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтарды өндіруге қауқарлы. ...
Читать далее »«ТЕПЛИЧНЫЙ РАЙ» АГРО-ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласындағы «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағындағы іске асырылатын жылыжайлардың құрылысы басталды. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов және жеке инвесторлар мен шаруақожалық иелері қатысты. Аталған агро-индустриялды аймақ Абай ауданындағы сауда-логистикалық орталық маңында орналасқан. Аумағы 136 гектарды құрайды. Жылыжайлардың құрылысы 2 кезеңді қамтиды. Атап айтқанда І–кезеңде 2020 – 2021 жылдар аралығында 30 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынады. 9,4 млрд. теңгені ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕНСИВТІ БАУ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Шымкент қаласының бағбандары бүгінде озық технология бойынша егілген қарқынды баудың өнімділігі дәстүрлі тәсілмен егілген бауға қарағанда 1,5 — 2 есеге артқанына көз жеткізіп отыр. Себебі, Шымкент қаласында соңғы екі жылда 135 гектарға қарқынды алма бағы отырғызылған. Ал, биыл «Д-Сабыр» шаруа қожалығы 15 гектар аумаққа интинсивті бау екті. Бозарық тұрғын алабында орналасқан шаруашылыққа 100 млн теңге инвестиция құйылған. Мұнда алманың «Айдаред», ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 28 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков 2020 жылы қаңтар-маусым айларында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Береке Талғатұлының айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2020 жылғы қаңтар-маусым айларында 304,1 млрд. теңгені құрады. – Бүгінде қалада инвестиция тарту негізгі басымдықтардың бірі. Инвестиция – ол жаңа жұмыс орындары және жаңа кәсіпорын. Бүгінгі таңда қалада қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша 129,5 млрд. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АЛТЫ АЙДА 34,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ҚҰРЫЛЫС ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІЛДІ
Шымкент қаласында құрылыс материалдарын шығаратын 215 ірі, орта және шағын кәсіпорындар бар. Осы жылдың 6 айында олармен 34,2 млрд. теңгенің құрылыс материалдары өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,5 пайызға артқан. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құраған. Ал құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІК ШАРУАЛАР ӨЗ ӨНІМІН ДЕЛДАЛСЫЗ САУДАЛАУДА
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен аптада жылыжай иелерімен кездесіп, өндірген өнімдерін сауда орындарына тікелей шығаруға келіскен болатын. Бүгіннен бастап кәсіпкерлерге «Қазыбек» базарынан арнайы орын беріліп, жылыжайдан жиналған көкөністер саудаға қойылды. Қала әкімінің бастамасымен «Шарипов», «Ильяв», «Таза өнім», «Зәуре» және «Колесников» шаруа қожалықтары қызанақтың келісін 350 теңгеден, ал қиярды 250 теңгеден сатып жатыр. Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында «Taza onim» ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК
Алдағы бірер жылда Шымкент маңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жергілікті шаруалармен жүздесуінде айтылды. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылыпты. Оның 100 гектары өнеркәсіптік кешен болады. Қалғанын инфрақұрылым қамтиды. Жоба жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады, дейді қалалық ауыл ...
Читать далее »Жіп иіру фабрикасы іске қосылды
ШЫМКЕНТТЕ «АЛЬЯНС» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖІП ИІРУ ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Экономикаға қуат беретін басты сала – өнеркәсіп. Шымкент қаласының әкімі есеп беру барысында осы саланы ерекше атап өтті. Республика бойынша индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы іске асырылуда. Шымкентте бағдарлама аясында 3 жылда 24 кәсіпорын ашылды. 1300 тұрақты жұмыс орны пайда болды. Ал, «Альянс» компаниясының жіп иіру фабрикасы өткен жылы қайта іске қосылды. Ол ...
Читать далее »