Авторские архивы: admin

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ КҮШЕЙТТІ

Коронавирустық инфекцияға қарсы күрес шаралары бойынша Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Шымкент қаласында карантиндік азаматтарды қабылдау үшін жұқпалы аурулар ауруханасы және 2 провизорлық стационар жұмыс істейді. Бұған қоса басқа қаладан және шетелден келуші азаматтарды орналастыру үшін №2 Оңалту орталығынан және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне қарасты №4 және №5 жатақхана базасында қосымша 3 карантиндік стационар ашылды. ...

Читать далее »

ТАУАРЛЫҚ ГАЗДЫ ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАРИФ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Шымкент қаласында «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-ның тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф төмендетілді. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті хабарлады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-ның тауарлық газды газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау қызметінің тарифі төмендетілді. Аталған шара бекітілген тарифтердің қолдану мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының ...

Читать далее »

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ АЛДЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ӨТКЕЛДЕР ОРНАТЫЛУДА

Шымкентте медициналық ұйымдардың алдында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу үшін дезинфекциялық өткелдер орнатылуда. Енді емханадағы, ауруханадағы, жедел жәрдем станциясындағы медициналық қызметкерлерден бастап, келушілердің барлығы арнайы дезинфекциялық өткелден өтіп, дене температурасы өлшенеді. Мұнан соң қолдарын арнайы дезинфекциялық ерітінділермен өңделгеннен кейін медициналық ұйымға кіреді. Бұл жұмыстар емханаға келуші әрбір пациент пен қызметкердің қауіпсіздігі және денсаулық жағдайларына тұрақты бақылау үшін қолға алынған.

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП ТАПШЫЛЫҒЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қашықтан оқыту, ҰБТ-ға дайындық туралы ақпарат берді. — Қаламызда үш ауысымды мектептер үшін 2020 жылдың қыркүйек айында 7 жаңа білім ордасы берілгелі отыр. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде мектептерге деген тапшылық барысында 6 мың қосымша орын беріледі. Бұл, қаламызда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНДАҒЫ ТЕРМИНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОҚТАУСЫЗ ЖҮРУДЕ

Шымкенттегі халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Бұл жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмалары негізінде жүзеге асуда. Бүгінде өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын терминалдың құрылыс-монтаж жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. Екінші кезеңнің құрылыс жұмыстарын «Альянс Контракт Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстарына 110 жұмысшы, 10-ға жуық арнайы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 17-НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққан 1994 жылғы азамат қаладағы «Солтүстік Батыс» шағынауданының тұрғыны. Дертінен сауыққан жігіт 5-сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған 25 жасар азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ,- дейді мамандар. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ ...

Читать далее »

ОНЛАЙН МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерді, 20-26 сәуір аралығында үйде отырып Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы жоспарлаған онлайн іс-шараларды тікелей эфирде көруге шақырамыз.

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 16 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Шымкентте 16 төтенше жағдай қызметкері коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында жариялады. «Өкінішке қарай, барлық қабылданған шараларға қарамастан, КВИ диагнозы расталған шымкенттіктердің саны артып келеді. 21 сәуір сағат 12:30-дағы жағдай бойынша қаламызда аталған індетті жұқтырғандар саны 103 адамға жетті. Белгілі болғаны, кеше анықталған 23 науқастың 16-сы — төтенше жағдай қызметінің өкілі. Науқастармен байланыста болған адамдардың ...

Читать далее »

САУДА ОРЫНДАРЫНДА ТӨЛЕМДЕР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЖАСАЛАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады. — Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! «COVID-19» каронавирустың таралуының негізгі тәуекелі адамдар көп жиналатын орындар, оның ішінде — банкоматтар. Коронавирустың таралуын азайту мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі келесі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу әдістерін қолдануды ұсынады: — банк картасымен төлеу; — мобильді банктік қосымшалар; — төлем операторларының онлайн-сервистері, — делінген басқарманың хабарламасында. Айта ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН АВТОБУСТАР ТАСЫМАЛДАУДА

Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 19 сәуірден Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылды. — Өйткені автобустар тікелей індеттің таралу ошағы болуы әбден мүмкін. Оған қоса сарапшылардың пікірі де ескерілді. Сондықтан осындай қадамға амалсыздан бардық, — деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов брифингте. М.Пернебайұлының мәлімдеуінше қалада арнайы тіркелген 11 такси компаниясы жұмысын жалғастыра береді. Оларда 2 ...

Читать далее »