Авторские архивы: admin

ШЫМКЕНТТЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады. Басқарма басшысының орынбасары Болат Малимовтың айтуынша, Шымкентте бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады. Бүгінде қаладағы 13,8 млн. шаршы метрді құрайтын 1500-ге жуық көшені толығымен залалсыздандыру үшін 20 бағыттық кесте әзірленген. 32 техника жоспар бойынша күнделікті дезинфекция жұмыстарын атқаруда. – Жауапты мамандар гипохлорит кальций қоспасымен қала аумағын тазалап жүргендердің жұмысын күнделікті ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 103-КЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясы тағы 11 азаматтан анықталды. Дертке шалдыққан азаматтар 1966 жылғы коронавирус инфекциясы анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған. Олар – 1983 ж., 1987 ж., 1990 ж., 1988 ж., 1973 ж., 1993 ж., 1994 ж .,1997 ж.,1976 ж., 1995 жылғы азаматтар. Оның сегізі — ер кісі, екеуі әйел. Ал бір азамат — 1984 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Науқас ЖРВИ-мен ауырып, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «CALL ОРТАЛЫҚ» 10 КҮНДЕ 13 253 ҚОҢЫРАУҒА ЖАУАП БЕРДІ

Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беру мақсатында арнайы «Call орталық» жұмысын бастаған болатын. Орталық мамандары 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында қоңырау шалған 8 707 азаматқа жауап берсе, 9-19 сәуір аралығындағы 10 күнде тұрғындар қойған 13 253 сауалды тыңдап, нақты жауап берді. Өз кезегінде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ШАРУАЛАР ӨЗ ӨНІМІН ДЕЛДАЛСЫЗ САУДАЛАУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен аптада жылыжай иелерімен кездесіп, өндірген өнімдерін сауда орындарына тікелей шығаруға келіскен болатын. Бүгіннен бастап кәсіпкерлерге «Қазыбек» базарынан арнайы орын беріліп, жылыжайдан жиналған көкөністер саудаға қойылды. Қала әкімінің бастамасымен «Шарипов», «Ильяв», «Таза өнім», «Зәуре» және «Колесников» шаруа қожалықтары қызанақтың келісін 350 теңгеден, ал қиярды 250 теңгеден сатып жатыр. Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында «Taza onim» ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 228 223 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

2020 жылғы 21 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша, Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 471 971 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 228 223 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 216 379 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 228 223 адамның 215 674-іне өтініштер бойынша, ал 12549-ына проактивті ...

Читать далее »

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ҮШІН 15 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай, карантин енгізілген өңірлерде халықтың жекелеген санаттарының коммуналдық шығыны үшін тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 15 мың теңгеден аударылмақ. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, қалада коммуналдық шығыны үшін аталған қаржыны алатын 200 мыңға жуық абонент бар. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «BIRGEMIZ» ҚОРЫ ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК БЕРУДЕ

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың игі бастамасымен жүйелі жұмыс істеп келе жатқан «Birgemiz» қоғамдық қоры аса мұқтаж шымкенттіктерге нақты көмектер беруде. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты. – «Birgemiz» қоры Шымкент қаласында тұратын көмекке аса мұқтаж 21804 отбасыға 50 мың теңгеден қаржы аударды. Бұл бағыттағы жұмыстар мамыр айында жалғасын тауып, 19700 отбасыға қаржылай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИНДІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған қосымша карантиндік төсек орындардың дайындығымен танысты. Қосымша карантиндік орындар қаладағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне қарасты №4, 5 жатақханасында дайындалған. №5 жатақхана «Нұрсат» шағынауданында, ал №4 жатақхана «Отырар» шағынауданында орналасқан. Қала әкімі жатақханалардағы медициналық бекеттердің жабдықталуы мен тұрмыстық жағдайларының мүмкіндігімен танысты. Айта кетейік, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ТАҒЫ 4 НАУҚАС САУЫҒЫП ШЫҚТЫ

Коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастардың үшеуі бір отбасының мүшелері. Дертінен айығып шыққандар — 1972 жылғы және 1996 жылғы азаматшалар. Сондай-ақ бұл отбасынан қауіпті індетке шалдыққан екі айлық нәресте инфекциядан жазылып шықты. Дәрігерлер үздіксіз жасаған емнің нәтижесінде Түркістан облысынан 6-сәуір күні ауыр халде 1972 жылғы азамат қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған еді. Бір аптаға жуық жансақтау бөлімінде жатқан науқастың өмірі үшін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – ДӘРІГЕР ГҮЛЖАНАТ

І санатты дәрігер Гүлжанат Маханбетәліқызы Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде меңгеруші қызметін атқарады. Дәрігер-педиатр ел аумағында «COVID 19» індетіне байланысты төтенше жағдай енгізілгелі өзге әріптестері сынды күшейтілген режимде тынымсыз еңбек етіп жүр. Бүгінде қаладағы ауруханалар дене қызуы бар және жедел респираторлық симптомдармен жеткізілген науқастарды арнайы жабдықталған фильтрлі кабинеттерде қабылдауда. – Біздің фильтрлі кабинетке күніне 40-50 науқас жүгінеді. Науқастардан ...

Читать далее »