Авторские архивы: admin

Дмитрий Баландин брасс әдісімен 200 метрге жүзуден 4-орын алды

Қытай астанасы Бейжіңде Champions Swim Series жарысының екінші кезеңі аясында 200 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесі өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған қашықтықты 2:12.36 көрсеткішімен жүзіп өткен Дмитрий Баландин 4-орын алды. Жарыс жолын 2.08.40-та бағындырған жапондық Ватанабэ Иппэй топ жарса, күмісті 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден өткен жылғы Еуропа чемпионы нидерландтық Арно Камминга ...

Читать далее »

Түркістандық спортшылар табысы

Түркістан облысының спортшылары ҚР чемпионаттарында жалпы 839 медальға (273 алтын, 274 күміс және 292 қола) қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында 139 медаль (68 алтын, 44 күміс және 27 қола) иеленген. Ал, әлем чемпионаттарында жалпы 72 медаль (31 алтын, 20 күміс және 21 қола) жеңіп алды. Жалпы өңір спортшылары барлық чемпионаттарда 372 алтын медальға ие болған. Өткен жылы облыста 13 халықаралық дәрежедегі ...

Читать далее »

Руханият пен ғылым жайы талқыланды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында жазушы-драматург Роза Мұқанова мен Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ақан Бижановты қабылдады» деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Роза Мұқанова Мемлекет басшысына Қазақ ұлттық өнер университетінің жас мамандарды даярлау бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты. Əңгімелесу барысында отандық драматургия мен театр өнерін дамытудың өзекті мəселелері талқыланды. Ақан Бижанов Президентке Философия, саясаттану жəне дінтану институтының ...

Читать далее »

Түркі әлемінің ұлы ойшылы

Абай Құнанбайұлы – заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ретінде қазақ мәдениеті үшін де, бүкіл түрік әлемі мәдениеті үшін де маңызды тұлға. Ол қазақ тіліне, жалпы руханиятына, сондай-ақ бүкіл түркі әлемінің әдебиеті мен мәдениетіне жаңашылдық пен байлық әкелді, қаламының күшімен әлемді таңғалдырды. Өлеңдерінде де, қара сөздерінде де қазақ мәдениеті мен түрік мәдениетін әр қырынан танытты. Қазақстан Республикасының Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың ...

Читать далее »

Шымкентте аптаның бір күні поэзияға арналады

Шымкент қаласында «Мәртебелі поэзия мінбері» атты  рухани бағдарлама бастау алған болатын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасыр» мақаласында «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» деген болатын. Осы тұрғыда қайырымды қала тұрғындарын рухани азықтандыру мақсатында әр жұма поэзия күніне арналмақ. Шараға ТМД елдері мен республикаға танымал белгілі ақындар ...

Читать далее »

Биыл 40 мыңға жуық қала тұрғыны сапалы электрмен қамтылады

ымкентке жаңадан қосылған елдімекендерде жарық мәселесі өзекті проблемалардың бірі. Алдын ала тексеру жүргізген мамандар 35 елдімекенде электр сапасы төмен екенін анықтаған. Қазіргі таңда қалаға сапалы электр қуатын беру үшін 3 подстанцияның құрылысы мен 13 елдімекенде электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы 2020 жылы аталған жобаларды іске асыру арқылы 40 мыңға жуық қала тұрғындары сапалы электрмен қамтылады.

Читать далее »

Биыл шымкентке 590 жаңа автобус келеді

Шымкентте қоғамдық көлікті күніне 650 мыңға жуық жолаушы пайдаланады. Оларға 25 тасымалдаушы мекемедегі 1 621 автобустар қызмет етеді. Дегенмен қолданыстағы көліктердің 60%-ы ескірген. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін өткен жылы 300 жаңа автобус алынды. Бұл жерде Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі қолданылған, арнайы мамандармен бірлесе жұмыс тобы құрылып, жол картасы бекітілді. Жоспарға сәйкес, қаланың көлік саласын даму схемасы әзірленеді. Осыған сәйкес, ...

Читать далее »

Шымкентте 41768 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру үшін мемлекет пен адамдардың күш біріктіруі аса маңызды. Оны іс жүзінде тиімді жүзеге асыру мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарлама аясында өткен жылы Шымкентте қандай жұмыстар атқарылды? Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама ТӨРТ бағыттан тұрады. Бірінші бағыты. 2019 жылы 2000 адамды техникалық және кәсіптік оқыту жоспарланған. ...

Читать далее »

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен алғашқы аппарат мәжілісі өтті.

Мәжілістің күн тәртібінде бірқатар мәселе көтеріліп, нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтар болсақ, индикаторлар бойынша жұмыстарды күшейту және ТМД елдерінің мәдени астанасы жылын жоғары деңгейде өткізу. Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс атқаруды алға тартты. Сондай-ақ, шаһар басшысы әр сала жетекшілеріне жұмысты сапалы әрі уақтылы атқаруды тапсырды.

Читать далее »

Еңбекші ауданы әкімінің қорытынды есебі өтті

Шымкентте Еңбекші ауданы әкімі Ғалымжан Ильясовтың халыққа есеп беру жиыны №24 мектеп-лицейде қорытындыланды. Есептік жиынға қала әкімі Ерлан Айтаханов, қалалық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Кездесуде аудан әкімі 2019 жылы атқарылған негізгі басымдықтарға тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар жайын баян етті. Аудан тұрғындары инфрақұрылым, қоғамдық көлік, жол, көпқабатты үйлердің ауласын жарықтандыру мен ойын алаңшаларын салу, жер ...

Читать далее »