Авторские архивы: admin

ШЫМКЕНТ: МҰҒАЛІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДА 30 ҰСТАЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Шымкент қаласында мұғалімдер олимпиадасы өз мәресіне жетті. Осы жылы 28 қазан мен 4 қараша аралығында өткен білім бәйгесіне 1185 ұстаз бақ сынасып, білім саласындағы күрделі тапсырмаларды орындады. Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, өзбек тілі мен әдебиеті, өзге тілде білім алатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті, информатика және жаратылыстану пәндерінің ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 92 АДАМ ГАЗДАН УЛАНҒАН

Шымкент қаласында газдан улану жағдайы күннен-күнге артып отыр. Қазіргі таңда көмір қышқыл газынан уланудың 92 оқиғасы тіркелген. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді. — Таңертең улану бойынша қоңырау түсті. Өкінішке орай, газдан уланып 1 жасөспірім қаза болды. 2 адам ауыр жағдайда. Тұрғындардан үй жағдайында барынша қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз, — деді. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Нұрсат шағын ауданындағы №218 үйдің жанынан салынғалы жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды. «Комфорт building» құрылыс компаниясының қазіргі уақытта сараптамадан өтіп жатқан жобалық-сметалық құжаты жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар, сараптаманың оң қорытындысынан басқа құрылыс салушы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының рұқсат алуы, осы мемлекеттік органға жұмыстардың басталғаны туралы хабарлауы, авторлық және техникалық қадағалау туралы шарт жасасуы қажет ...

Читать далее »

«ДОСТАСТЫҚТЫҢ ОПЕРА ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 2020 жылдың 15-31 қазан аралығында «Достастықтың опера жұлдыздары» онлайн-фестивалі өтті. Фестивальге Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы және елімізден жалпы 11 опера орындаушысы қатысты. Фестиваль классикалық музыканың биік шыңы саналатын опера өнерін әлеуметтік желі тыңдаушылары арасында насихаттау, ТМД елдері арасында мәдени ынтымақтастық ауқымын кеңейту және қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК ҚҰРУ МАҚСАТЫНДА 8 ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Шымкент қаласында биыл мамыр айында «SHYMKENT» ӘКК» АҚ базасында урбанистика департаменті құрылған болатын. Қазіргі уақытта урбанистика департаменті қаланың жан-жақты талдауы мен зерттеулерін жүргізуде даму мен өзгерісті талап ететін әлеуметтік маңызы бар учаскелерді анықтады. Бұл бағытта 8 жобаны қолға алып отыр. Атап айтқанда, 12 шағын аудандағы саябақты қалыпқа келтіру, Т.Рысқұлов көшесінде, «Север» СО ауданында (Ж. Шаяхметов көшесінен Жолан батыр көшесіне дейін) ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 38 КӘСІПКЕРГЕ ЖЕР ТЕЛІМІН БЕРУ ЖӨНІНДЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

Шымкент қаласындағы қолға алынған тағы бір ауқымды жобалардың бірі – «1000 сауда нүктесі» жобасы. Жоба биылғы жылдың мамыр айында жүзеге асырыла бастады. Жобаға сәйкес қала аумағында кәсіпкерлерге байқау негізінде сауда және қызмет көрсетуге арналған киоскілер немесе дүңгіршіктер орнатуға жер телімдері беріледі. Қазіргі таңда 38 кәсіпкерге жер телімдерін беру жөнінде комиссия шешімі шықты. Жалпы «1000 сауда нүктесі» жобасының ауқымын индустриялды жобамен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІГЕРЛЕР РЕЗЕРВІ ЖАСАҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында 1800-ге жуық дәрігерлер резерві жасақталды. Олардың қатарында 256 резидент, 1098 интерн (медициналық жоғарғы оқу орнының түлегі), 225 колледж студенті, 200 профессор-оқытушы, 20 терапевт бар. Бұл бағытта 79 медицина маманы алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша біліктілігін арттыруда. Оқудан өтіп жатқан мамандардың 40-ы резидент және 39-ы фтизиатр пульмонологтар. Осылайша денсаулық сақтау саласының басшылары медицина мамандарының тапшылық мәселесін шешпек. Тағы айта ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІ ӘДЕБИ АВТОБУС АРАЛАДЫ

http://https://youtu.be/jYAsQijxNSg Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Кітап оқып, рухани бай бол!» жобасы аясында «Әл-Фараби –Абай: рухани мұралардың тағылымы» тақырыбындағы «Кітап жолы-bookway» атты әдеби автобус акциясы өткізілді. Акция «Shymkent bus» ЖШС-ның № 158 қоғамдық көлігінде өтті. Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері Шымырқұлов Еркінбек Өксікбайұлы Абай образын сомдап, әндерін орындап ғибратты әңгімесін айтып, жолаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Кітапхана қызметкерлері ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒЫТЫМЕН БАСПАНА АЛУҒА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА БАСТАЛАДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов мәлімдеді. – Биылғы Жолдаудың 4-тармағы баспана мәселесіне тікелей байланысты. Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін тезірек шешу керек екенін баса айтты. Осы мақсатта тиісті жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағыты. Бұл ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында Азаматтық Альянс қауымдастығы өкілдерінің онлайн режимде конференциясы өтті. Конференция барысында бағдарламалық іс-шаралардың жылдық есебі және Шымкент қаласының Азаматтық Альянсының тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған есебі тыңдалды. Ресми бөлімде Шымкент қаласы Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Жұмағали Білісбеков сөз сөйледі. Ол өз кезегінде Азаматтық Альянс қызметінің жетістіктерін атап өтіп, COVID-19 таралуына қарсы тұру кезеңінде ҮЕҰ-ның қосқан үлесі туралы статистиканы жариялады. ...

Читать далее »