Авторские архивы: admin

ШӘМШІ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін композитор, Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай, қала әкімі Мұрат Әйтенов пен бір топ өнер адамдары Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі сазгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Нақтырақ айтқанда, шараға қала әкімінен өзге композитор-әнші Құралай Сәтмұхамбетова, композитор, Шымкент қалалық мәдениет үйінің директоры Нұрлан Ыдырысұлы Адильханов, композитор Қалдыбек Құрманәлі, мәдениет қайраткері, Шымкент қалалық опера және балет театрының әншісі Үрәлхан Сейілбекова қатысты. ...

Читать далее »

АҚТАС-2 САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдау кезінде айтты. Қала басшысының онлайн қабылдауында болған Ақпан Жұмаділлә — Ақтас-2 шағын ауданындағы инфрақұрылым және интернет мәселесін сөз қылды. «Ақтас-2 шағын ауданына ауыз су, табиғи газ берілуі бойынша аудан әкімдігіне өтініш берілген. Алайда әлі күнге дейін мәселеміз шешілмей келеді және жаңа оқу жылына қарай интернет жайы да ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 28 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков 2020 жылы қаңтар-маусым айларында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Береке Талғатұлының айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2020 жылғы қаңтар-маусым айларында 304,1 млрд. теңгені құрады. – Бүгінде қалада инвестиция тарту негізгі басымдықтардың бірі. Инвестиция – ол жаңа жұмыс орындары және жаңа кәсіпорын. Бүгінгі таңда қалада қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша 129,5 млрд. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МЕН СЕНАТОРЛАР КЕЛДІ

Бүгін Шымкент қаласына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында сөйлесті. Сондай-ақ, олар Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы ситиуациялық штабтың жұмысымен танысты. Қала басшысы онда жұқпалы дертпен күресте әкімдік тарапынан атқарған жұмыстар ...

Читать далее »

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАҢА АППАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты. Емдеу мекемесіне “Sauap” белсенділер тобының атынан оттегі концентраты және пульсоксиметр құрылғысы берілді. Науқастарды емдеуде мүмкіндігі зор бұл құрылғы жұмысты жеңілдетеді дейді мамандар. Ал қала әкімі Мұрат Әйтенов өз кезегінде жомарттық танытқан белсенділер тобына алғыс айтты. Ауруханаға жеткізілген жабдықтар пандемия аяқталғаннан кейін де кәдеге жарайды. Мамандар бұл аппараттарды жай-күйі ауыр пациенттерді емдеудің барлық кезеңінде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚШАЛАР ІЛІНУДЕ

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында қала аумағындағы 2180 көпқабатты тұрғын үйлердің кіре берістеріне, лифтілеріне арнайы дайындалған ақпараттық парақшалар орналастырылуда. Бұл бағыттағы іс-шараларға қаланың еріктілері де өз үлестерін қосып атсалысып отыр. Осы мақсатта қаланың басты көшелерінде «Бетперде тағыңыз!», «Жақыныңа жанашыр бол!», «Қашықтықты сақтаңыз», «Тазалық қол жуудан басталады» тақырыптарындағы баннерлер ілінді. Қаладағы қоғамдық көліктердің ішкі-сыртқы беттеріне де індеттен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР «ЖАНҒА ЖЫЛУ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласының еріктілері дәрігерлер мен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыға 100-ге жуық азық-түлік себеттерін үлестірді. «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мамандары, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері, ерікті Зарина Жиенбаева, «Қазақстан темір жолы жастары бірлестігі» белсенділері ат салысты. Жобаның негізгі мақсаты – індетпен күресте өмірін қауіпке төндіре отыра жұмыс жасап жүрген ақ халаттыларға алғыс білдіру және мұқтаж жандарға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев мәлімдеді. – Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылы 12 тамызда №31 қаулысы шығып, №30 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда ...

Читать далее »

ЖЕРГІЛІКТІ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРГЕ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БЕРІЛУДЕ

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жергілікті тауар өндірушілерге жер телімдері беріліп жатыр. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында мәлім болды. Шаһарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру шаралары аясында сауда нысандарға айналымға қарыз қаражат беру, тауар интервенциясын жүргізу, жылжымалы әлеуметтік сауда нүктелерін ашу, жергілікті тауар өндірушілерге жер телімдерін бөлу сияқты стратегиялық жұмыстар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ «SHYMKENT» ӘКК» АҚ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қаладағы әлеуметтік саладағы құрылыс мәселесі жөнінде жиын өтті. Онда салаға жауаптылар қазіргі таңға дейін атқарған жұмыстары жайлы қала әкіміне баяндады. «Shymkent» ӘКК» АҚ төрағасы Бауыржан Канкиннің айтуынша, осы күнге дейін жоспарланған 66 жобаның 32-сі жүзеге асқан. Қалған 31 жоба жасалу үстінде екен. Ал 3 жоба нақтыланып жатыр. Оның ішінде, үй құрылысы – 9, ...

Читать далее »