Авторские архивы: admin

ШЫМКЕНТТЕ «ДӘРІГЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында «Дәрігерлерге мың алғыс!» жалпыұлттық акциясы өтті. Акцияның мақсаты — бірнеше айға жуық уақыттан бері қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс айту. Акция аясында Толстова 121 мекен-жайында орналасқан Шымкент қалалық «Жедел жәрдем көрсету станциясы» дәрігерлеріне алғыс білдірілді. Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер 100-ден астам денсаулық себетін дайындады. Себетке азық-түлік, иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол ...

Читать далее »

«МӘДЕНИ АСТАНА» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте Р.Мамытұлы «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында өткізілетін шаралар және атқарылған жұмыстар жөнінде сөз қозғады. – Елімізде енгізілген карантин режиміне байланысты «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына орай іс-шараларды онлайн форматта өткіземіз. Бұл тамыз айында басталып, жыл соңына ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Президенттік Жастар кадрлық резервінің өкілі Сәттібаев Айбек Берікұлы тағайындалды. Айбек Сәттібаев бүгінгі күнге дейін «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарып келген. Айбек Берікұлы 1987 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша қаржыгер, мемлекеттік саясат магистрі. Ол Банк ісі жоғары мектебінің колледжінде, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен ...

Читать далее »

«IKOMEKКЕ» КЕЛІП ТҮСКЕН САУАЛДАРДЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасымен «iKomek» жедел қызмет ету орталығы ашылған болатын. Күні кеше қала басшысы орталықтың жұмысымен танысып қайтты. Қалада көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыруда аталған орталықтың қосар үлесі мол екеніне сенім білдірген қала әкімі, мекеме шаһардағы күрмеуі шешілмеген көп мәселені анықтап, жедел әрі сапалы шешілуіне ықпал ететінін айтты. «Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Ол Алматыдағы «Қайнар» университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА МАЛ БАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы арқылы» қаржылай көмек алып, шаруасын дөңгелетіп отырған шаруа қожалықтары көп. Есепті кезеңде мал басы мен өнімділіктің өсуі байқалып отыр. Мәселен, ірі қара малдың саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6 пайызға артып 82,7 мың басты, қой мен ешкі 5,7 пайызға артып 112,3 мың басты, ал құс 8 пайызға артып, саны 972,1 мың басқа жеткен. Көрсеткіштердің ...

Читать далее »

ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРҒАНДАР СОТТАЛДЫ

Шымкент қаласының екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Атап айтқанда, жалпыреспубликалық «Стоп-игра» жедел іс-шарасы барысында, Наурыз және Нұрсат мөлтек аудандарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастыру бойынша алдын ала келіскен екі азаматтың заңсыз іс-әрекеті әшкереленді. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының ...

Читать далее »

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың қатысуымен қаламызда енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты Абай ауданында атқарылып жатқан дезинфекциялық шаралар бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Б.Рысқұлұлы, ең алдымен, залалсыздандыру жұмыстары жөнінде сөз қозғады. – Елімізде төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері ауданда карантинге жабылған аумақтардан бөлек, шағын аудандар мен тұрғын алабтардың көшелері және көп қабатты тұрғын үй аулаларында қарқынды ...

Читать далее »

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы жиын өтті. Жиында қалалық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ж.Шайхисламов алдағы қыс мезгілінде жылу беру маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Айтуынша, тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары жоспармен жүзеге асырылып келеді екен. «Мәселен, «3-Энергоорталық» АҚ-ның қысқы маусымға дайындық жұмыстарына бөлінген 648 млн. ...

Читать далее »

ҚАЗНЕТТЕ ТАРАЛҒАН БЕЙНЕЖАЗБАҒА ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қазнетте қызу талқыға түскен бейнежазбаға қатысты сауалдарға Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев пен Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Болат Малимов жауап берді. – Сірке қышқылы қоспасын көп қабатты тұрғын үй аулаларына (1 156 аула) және халық көп шоғырланатын қоғамдық ...

Читать далее »