ҚОҒАМ

ШЫМКЕНТТЕ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

Елімізге танымал репродуктивтік медицина институты Шымкент қаласында өз филиалын ашып жұмысын бастады. Бүгін аталмыш клиникаға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келді. Бұл – жоғары репродуктивтік технологиялар саласындағы соңғы жетістіктердің көмегімен бедеулікті емдеуге арналған денсаулық сақтау саласының жаңа әлеуметтік-маңызы бар нысан болып табылады. Клиникада тиімділікті барынша арттыру мақсатында әйелдер мен ерлер бедеулігін емдеу бойынша қызмет көрсетудің толық спектрі ұсынылған. Мұнда ЭКО ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ұлы Отан соғысының ардагері Шаля Анна Федоровнаны 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шаңырағына барды. Ардагерге жылы лебізін білдірген қала әкімі ІІ Дүниежүзілік соғыста апа-әпкелеріміздің көрсеткен жанқиярлық ерліктері мен жаужүректілігін мәңгі естен шағармайтынын, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңістің біз үшін маңызы ерекше зор екенін атап өтті. Анна Федоровна майдан даласындағы естеліктерімен бөлісіп, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КӨП ҚАБАТТЫ 41 ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРУДА

Бүгінде жөнделуі қажет 71 үйдің тізімі жасалды. Көп қабатты үйлердің сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жобасы 2 кезеңге бөлінген. Бірінші кезекте Республика және Тәуке хан даңғылдары бойындағы үйлердің қасбеттері ретке келтіріледі. Осы мақсатта қазіргі таңда аталған орталық көшелерден 41 үй анықталған. Жалпы 41 үйдің қасбетін жөндеу үшін 13 мердігер мекеме тартылды. Бүгінгі таңда мердігер мекемелер мен басқарма мамандар үйлердің жағдайын зерделеп, ...

Читать далее »

Менің ағашым менімен бірге өседі

Шымкенттегі №90 жалпы орта білім беретін мектебінде «Менің ағашым менімен бірге өседі» атты іс-шара өтті. Ағаш отырғызу- аталмыш білім ордасында жылда жалғасып келе жатқан дәстүр. Республикалық ғылыми жоба, пән олимпиадасының жеңімпаздары, жетекшілерімен бірге мектеп директоры Арман Шымбайұлының бастамасымен мектеп ауласына арша ағашын отырғызған. Арша-кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты ағаштың тұқымдас тармағы. Аршаның емдік қасиеті бар, халық емінде кең ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: БАС ИМАМ МЕШІТ ИМАМДАРЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Шымкент қаласында орналасқан «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің ғимаратында имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығы» ашылып, жұмыс істеп келеді. Апталық курс барысында имамдарымызға қажетті дүниелердің барлығы түсіндіріліп, айтылып келеді. Кезекті топқа Шымкент қаласының Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев арнайы қатысып, ІІІ имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» құжатының мәні мен маңызы туралы имамдарға дәріс оқыды. ...

Читать далее »

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ТАПСЫРМА БЕРДІ

Премьер-министр Асқар Мамин су тасқынының алдын алу бойынша министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Болжам бойынша республиканың орталық, солтүстік және шығыс аймақтарында қар өте көп көлемде еритіні күтілуде. Сондықтан бірінші барлық әкімдер бүгінгі күннен бастап жағдайды күнделікті жеке бақылауға алсын. Елдімекендерді, оның ішінде ауылдарды қардан тазарту үшін барлық қажетті құрал мен техниканы жұмылдыру қажет. Өзендер ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МӘМС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ПРЕСС-ТУР ӨТТІ

Шымкентте МӘМС жүйесі бойынша мектептегі оқушыларға көрсетілетін медициналық көмекті БАҚ-на таныстыру үшін пресс-тур өтті. Шара барасында жиналғандар Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясындағы медициналық пунктің жағдайымен танысты. Атап айтқанда, журналистер қабылдау бөлімі мен ем-шара кабинетінің жұмысын көріп шықты. Мектептегі медициналық кабинеттерде алғашқы медициналық көмек және профилактикалық қызметтер көрсетіледі. Мұндағы медицина мамандары автоматандырылған басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бірыңғай жүйе арқылы мектептегі медицина ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ 78,5 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГІЛЕДІ

Биыл Түркістан облысының Жетісай ауданында 78,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егіледі деп жоспарлануда. Оның басым көпшілігін мақта дақылы құрап отыр. Яғни биыл ауданда 45,1 гектар егістік алқапқа мақта дәні себілетін болады. Екініші басымдық бақша дақылдарына берілмек.Нақтырақ айтсақ, биыл жетісайлық диқандао 17 мың гектар жерге қауын мен қарбыз егуге ниеттеніп отыр. Бұдан бөлек,ауданда 3,6 гектарға көкөніс,4,8 гектарға дәндік жүгері,2,7 гектарға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНА ОРАЙ 34 ІС-ШАРА ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТ: «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНА ОРАЙ 34 ІС-ШАРА ӨТЕДІ» Мұрат ӘЙТЕНОВ: «Қаланың жоспары айқын, мақсаты биік». Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берген Шымкент қаласының әкімі жоспарларымен бөлісті. – Мұрат Дүйсенбекұлы, биылғы жыл – шымкенттіктер үшін ерекше жыл. Өйткені Шымкент шаһары 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып жарияланды. Шын мәнінде, бұған қуанып жатқандар аз емес. Осы атаулы жылға байланысты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБІНІҢ СЕМИНАРЫ ӨТУДЕ

Шымкентте «Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің семинар тренингі басталды. «Саяси коммуникациялар» тақырыбындағы семинарға бастауыш партия ұйымы жетекшілері, белсенді мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары қатысуда. Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облысынан да жалпы 100-ге жуық адам жиналған. Саяси менеджмент мектебінің директоры Шыңғыс Нұрланұлының айтуынша, биыл еліміз бойынша 1700 белсенді азаматты оқыту жоспарланып отыр. Негізгі мақсат – көпшіліктің алдында дұрыс сөйлеу, партиялық бағдарламаларды ...

Читать далее »