ҚОҒАМ

ШЫМКЕНТТЕГІ «QYRGY BAZAR» ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫНЫҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙЮДЕ

Жерасты автотұрақтары, жеке павильондар мен хамам моншасы – жаңарған «QYRGY BAZAR» аумағында осының барлығы болады. Көтерме және бөлшек сауда орталығы ретінде қызмет көрсететін «Қырғы базарда» бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен базар алдына гүлзар салынған. Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай туғызып отыр. Жаңғырту жобасына сәйкес, базар аумағы 30 мың шаршы метрден 85 ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымымен кездесті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті — дамыған білім беру және зерттеу инфрақұрылымы бар көп профильді жоғары оқу орны. Мұнда бакалавриатта — 135, магистратурада — 143 және докторантурада 19 мамандық бойынша кадрлар әзірленеді. Университет ұжымына шақыртуы үшін алғыс айтқан қала әкімі қазір терең логикалық ойлау қабілетіне ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНКЛЮЗИВТІ СЕКЦИЯЛАР АШЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы №80 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасылардың балаларына арналған бейімді және инклюзивті спорт секцияларының ресми түрде ашылуы өтті. Секция «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жүзеге асыратын «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасының аясында іске қосылып отыр. Жоба Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Ал биыл Шымкент қаласы мен басқа да өңірлерде басталды. Жобаның ашылу салтанатына ...

Читать далее »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дарын орталығының ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Оған Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Дарын орталығының директоры Раушан Джеренова, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов қатысты. Шараның мақсаты – дарынды балаларды анықтауға, ынталандыруға, қолдауға, теориялық және практикалық біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік ашу. Іс-шара барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Дарын орталығы» КММ-нің жұмысымен ...

Читать далее »

100 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ ТУҒАН КҮНІНДЕ ПНЕВМОНИЯДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Қызтай Дүйсебекова жүзінші күзін жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен бірге қарсы алды. Екі ғасырдың куәсі болған қарт кісіні медицина мамандары 100 жасқа толған күнінде ауруханадан шығарып салды. Қызтай әжей 7 қыркүйек күні Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына ауыр халде жедел жәрдем көлігімен жеткізілген еді. Дәрігерлер науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, әжейдің өкпе тінінің 55% зақымдалғаны анықталды. Бұған қоса қарт кісіні асқазанындағы ...

Читать далее »

МЕДИАТОРЛАРДЫҢ БІЛІМ-БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Шымкент қаласының аудан аумақтарында аудандық соттың судьялары мен ауыл билері, медиаторлармен кездесулер ұйымдастыру дәстүрге айналған. Ондағы мақсат – медиаторлардың жұмысын жандандыру, біліктілігін арттыру. Еңбекшi аудандық сотының судьясы Еркін Отарбаев Қазығұрт аумағы бойынша ауыл билерімен және медиаторлармен кездесіп, пікір алмасты. Жиында дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей шешу, оның ішінде неке бұзу фактілерін болдырмау, отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында бірлесе жұмыс жүргізу мәселелері талқыға түсті. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «МАЛАХИТ» ПЛАТФОРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында осы жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу, білім беру бойынша жүйелі шаралар қабылданған. Бұл жөнінде толығырақ Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент — адалдық алаңы» жобасы ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты. — Биыл мүмкіндігі шектеулі балалардың кедергісіз білім алуын қамтамасыз ету мақсатында «МАЛАХИТ арнайы білім беру ұйымдарының қызметтері» платформасын іске қостық. Онда арнайы білім беру ұйымдары көрсететін қызметтерді ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 86 ПАЙЫЗЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Шымкент қаласында салаларды цифрландыру мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жасалынуда. Атап айтқанда, биыл сегіз ай ішінде Шымкент қаласы әкімдігіне келіп түскен 2, 5 миллион қызметтің 2 миллион 200 мыңы немесе 86,1 проценті электронды түрде көрсетілген. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметті электронды түрде алған азаматтардың саны 700 мыңға өскен. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ

Биыл шымкенттіктерді тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 128 963 доза вакцина сатып алынды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше қосымша 109 432 дозаға өтініш берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп екенін айтуда. Тұмауға қарсы вакцинация жергілікті мекенжайы бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі. •Вакцинация созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар; • медициналық қызметкерлер; •жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі); ...

Читать далее »

АУРУХАНАЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Шымкент қаласының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін пайдалануға алды. Бұған дейін қалаға өкпені жасанды желдету аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын. Атап айтқанда, қалаға 10 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр және бір өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ) жеткізілді. Сондай-ақ, Shevrolet Damas маркалы 3 жедел жәрдем көлігі келді. Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ...

Читать далее »