ҚОҒАМ

ЖАНУАРЛАР ҚАЛДЫҚТАРЫН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының тапсырысымен 2020 жылы бірқатар ауылшаруашылық нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда мемлекеттік қабылдау актісімен пайдалануға тапсырылды. Атап айтқанда, қаланың солтүстік-батыс бөлігі 295 орамдағы және Ақтас шағынауданындағы биотермиялық шұңқырдың құрылысы пайдалануға берілді. Биотермиялық шұңқыр – биологиялық қалдықтарды, яғни малдардың өлекселерін залалсыздандыруға арналған нысан. Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда аталған нысандарды Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ТОЛЫҒЫМЕН ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ

Шымкент қаласындағы жедел жәрдем қызметі елімізде алғашқылардың бірі болып толықтай цифрлық жүйеге көшкен болатын. Жедел жәрдем қызметіндегі қағазбастылықты жою мақсатында мамандардың барлығы смартфонмен қамтылған. Ондағы бригаданы шақырту картасы, учаскелік дәрігердің дабыл қағазы және жедел медициналық жәрдем станциясының ілеспе парағы смартфонға енгізіледі. Осы арқылы қызметкерлер орталық станцияға келмей-ақ, қолындағы смартфон арқылы тікелей шақыртуға бара алады. Бұл өз кезегінде мамандардың уақытын үнемдеуге ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОСАЯБАҚ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ алдағы уақытта жаңа кейіпке енеді. Себебі мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, вело және жүгіру жолақтары орнатылатын болады. Сондай-ақ, заманауи үлгідегі жарықшамдар қою да жоспарланған. Бұл жөнінде бүгін қалалық Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов пен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев БАҚ-қа берген сұхбатында айтты. Олардың айтуынша жаяу жүргіншілер аймағы мен веложүргізушілер ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Street Workout» көше спорты қарқынды дамып келеді. Таяуда Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» және «13 Legion» ұйымы бірлесіп «Street-workout» көше спортынан Нұрсәт аллеясында қала тұрғындарына арнап шеберлік сағатын өткізді. Ұйымдастырушылар «Шеберлік сағаты жастарды бұқаралық спортқа баулуға, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына және белсенді өмір ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚОСЫМША 3 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік гранттар бөлінуде. Жыл басында барлығы 1 491 мемлекеттік грант үлестіру жоспарланған болатын. 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 1 420 азаматқа осындай грант берілген. Оның ішінде 901-і аз қамтылған отбасылардың және 90-ы көпбалалы отбасылардың мүшелері, яғни, атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Сонымен қатар, осы екі әлеуметтік ...

Читать далее »

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды

Шымкент қаласында қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес бір топ Ассамблея мүшесі мерекелік медальмен марапатталды. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалін Шымкент қаласының әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Мұрат Әйтенов табыстады. — Осы жылды біз бірқатар айтулы мерекені атап өтудеміз. Биылғы жылы Конституцияның қабылданғанына 25 жыл толуымен қатар, конституциялық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 10 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛАДЫ

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» телеарнасында өткен «Әкім сағаты» бағдарламасында айтты. «Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде соңғы 3 жылдан бері электр энергиясының жетіспеушілігі орын алуда. Аталған мәселені шешу мақсатында қуаттылығы 220 кВ «Бозарық» қосалқы станциясы салынып жатыр» — деді әкім. 220 кВ қосалқы станциясының және әуе желісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер мекеме «Аврора Констракшен» ЖШС жүргізуде. Бұл жұмыстарға бюджеттен 9,7 ...

Читать далее »

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Қабылдауға жазылған шаһардың тұрғындары өздерін мазалайтын мәселелерін ортаға салды. Қабылдауға келген Әл-Фараби ауданының тұрғыны Бану Көпбаева №8 мектеп маңында заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар мен оқушыларға қолайсыздық танытып жатқанын айтты. — Мен бұл жайтқа қанықпын. Аудан әкімімен өткен аптада аталған мекенжайға барып, мәселемен танысқан болатынмын. Қазіргі таңда жерді ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ СЕГІЗ АЙДА 54 ЕГІЗ НӘРЕСТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

Шымкент қаласы демографиялық көрсеткіштер жағынан республикада алыңғы қатар тұр. Қалада туылған бала саны жылдан жылға көбейіп келеді. Биыл сегіз ай ішінде мегаполисте 21 168 сәби дүниеге келген. АХАТ бөлімінің басшысы Ақбота Қарнақбаеваның айтуынша, сегіз айда шаһарда 54 егіз нәресте дүние есігін ашқан. «Осы жылы ұлдар арасында ең көп кездесетін есімдер – Нұрислам және Нұрилан, ал, қыздарға көбіне Сафия және Раяна ...

Читать далее »

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАҒЫ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Шымкенттегі провизорлық стационардың бірінен вирустық инфекцияға шалдыққан соңғы науқас жазылып шықты. Қала тұрғыны Тастанова Мақпал Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына 19 тамыз күні жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Тексеру барысында науқаста екі жақты вирустық пневмонияның бары анықталған. Дәрігерлер науқастың жағдайын байқап, бірден ем-дом шараларын жүргізген. Денсаулық жағдайы жақсарған көп балалы ананы дәрігерлер бүгін арнайы стационардан шығарып салды. «Орталықтың барша дәрігеріне алғысым ...

Читать далее »