ҚОҒАМ

ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте жол саласын дамыту мақсатында 256 нысанның жөндеу-құрылыс жұмыстарына бюджеттен жалпы 26,9 млрд теңге қаралған. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,8 млрд, ал жергілікті бюджеттен – 9,8 млрд теңге бөлінді. Жөнделуге тиісті 256 нысанға жалпы ұзындығы 418 шақырым жол, 7 көпір, 2 жолайырық, 1 оң жақ өткел мен 1 жерасты өткелі жатады. Нәтижесінде биыл 240 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1807 ЖҰП ОТБАСЫН ҚҰРҒАН

Шымкент қаласында жыл санап отбасын құрған жұптар саны артып келеді. Мәселен, өткен жылы үшінші мегаполисте 8214 жұп заңды некеге тұрса, 2018 жылы 6825 жұп шаңырақ көтерген. Ал осы жылдың төрт айында 1807 жұп отбасын құрған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының АХАТ бөлімінің мамандары отбасы мәртебесін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нассихаттауға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізіп, тоқсан сайын жастарға және ...

Читать далее »

ЕЛТАЙДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАТТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН ҮЙ ЖОҚ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен табиғи апаттың салдарын жою және алдын-алу жұмыстары бойынша жиын болып өтті. Отырыста қалалық Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов жауын-шашын салдарынан таудан келген судан Елтай тұрғын алабында жарамсыз хәлге түскен үйлер жоқ екенін мәлім етті. Оның айтуынша, тасқын су 38 үйді зақымдаған. Алайда, ол баспаналар тек ағымдағы жөндеу жұмыстарын талап етеді. Мұнан бөлек 12 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «АШЫҚ ӘКІМДІК» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Adaldyq alany» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Т.Байғұлов Шымкент қаласына сапары барысында «Ашық әкімдік» жобасының жұмысымен танысты. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевпен бірге азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет шарттарымен және қалалық әкімдікте қабылдаудың жүзеге асырылу барысымен, карантин жағдайындағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Іс-шара барысында әкім аппаратының басшысы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

Кеше қатты жауған жауынның салдарынан Бадам мен Сайрам су өзендері арнасынан асып, Шымкенттің бірқатар аумағын су басқан болатын. Қазіргі таңда нөсер жауынға тап болған Елтай және Қарабастау елдімекендерінде дер кезінде тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов мәлімдеді. — 13 мамырда сағат ...

Читать далее »

«2-10-20» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІС

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Шымкент қалалық филиалы “2-10-20” бағдарламасы бойынша өтінімдерді 18-30 мамыр аралығында қабылдайды. Қазір бағдарламаға қатысушылар санатына өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғ. Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Биыл “Бақытты отбасы” тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болатындар саны артатыны белгілі. Себебі, бағдарламаға қатыса алатын азаматтар санаты ...

Читать далее »

МАҚТААРАЛҒА МЕЙІРІММЕН

«Серпіліс» қоғамдық қоры, «Жалын» қоғамдық бірлестігі және Шымкент қаласы Ішкі Саясат және дін істері басқармасының қолдауымен Мақтааралға барған психологтар тасқын судың зардабын көзбен көріп, үрейленіп қалғандарға психологиялық көмек көрсетті. «Әсіресе, жас балалар әбден шошып қалған. Тәжірибелі психологтар балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі сабақтар өткізіп, сазбалшық және тұз терапиясымен суреттер салу арқылы балаларды көңіл-күйіне әсер етуге тырысты. Соның нәтижесінде олар бір сәтке ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТЕГІ ЖАУЫН САЛДАРЫНАН СУ БАСҚАН ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҒДАЙЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елдімекеніне барып, жағдай барысымен танысты. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды. Мамандардың пікіріне сүйене алдағы үш күнде толассыз жауын-шашынның болатынын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы ...

Читать далее »

«5-10-20» ЖОБАСЫ: ӘР ӨҢІРДЕГІ ТҰРҒЫН ҮЙ ШАРШЫ МЕТРІНІҢ БАҒАСЫ АТАЛДЫ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды аталған банктің баспасөз қызметі. «5-10-20» пилоттық жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады. Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр ...

Читать далее »

КАФЕ, ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ МЕШІТТЕР АШЫЛАДЫ

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты. 2020 жылғы 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады. Сондай-ақ,2020 жылғы 18 мамырдан бастап санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат ...

Читать далее »