Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік желісінде жазды. – Биыл біздің қала ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алды. Әрине, қонақтарды наурызда қарсы аламыз деп үміттенген едік, бірақ пандемия әсерінен жоспарлар өзгерді. Дегенмен, қала келбетін көріктендіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Қонаев даңғылы, Иляев көшесі, Қонаев даңғылы, Түркістан көшесі қиылысындағы, Байтұрсынов ескерткіші орналасқан алаң және 8 шағынауданындағы аллеяда күрделі жөндеу ...
Читать далее »ҚОҒАМ
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ӨТЕМАҚЫ БЕРУ ЕРЕЖЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
ҚР Индустрия және инфақұрылымдық даму министрлігі карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Жаңа өзгеріске сәйкес, белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу бойынша нормалар енгізілді. Атап айтқанда: 1) 1, 2, 3 топ мүгедектері; 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген ...
Читать далее »БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 300 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Шымкентте жыл басынан бері 57 аула абаттандырылып, ел игілігіне берілді. Оның ішінде 30 жылдан бері балалар алаңшасы болмаған көпқабатты тұрғын үй аулалары да бар. Ондағы аяқжолдар жаңғыртылып, есік алдына орындықтар орнатылып, жарық шамдар қойылған. Ішкі орамдағы жолдар да төселген. Балалар алаңшасына төселетін жұмсақ резеңке төсеніштер мен асфальт бұзылса, мердігер ұйымдар қайта жөндейді. Бір қуанарлығы, құрылысқа қажетті заттардың басым бөлігі — ...
Читать далее »САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Жиында елде коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша жарияланған төтенше жағдай режимінің аяқталғаны туралы айтылды. Президент айтқандай, шынында да соңғы екі ай еліміз үшін оңай болған жоқ. Жеке отбасылар ғана емес, тұтас халық үшін үлкен сынақ болды. Бүкіл ел болып індетпен күрестік. Дәрігерлер мен жауапты ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІК 282 745 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
2020 жылғы 11 мамыр, сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 530 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 282 745 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 248 835 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 282 745 азаматтың ішінде 269 966 өтініштер бойынша, ал, 12 ...
Читать далее »12 МАМЫРДАН ХҚО-ҒА ТЕК ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БАРА АЛАДЫ
12 мамырдан бастап Шымкентте шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары іске қосылады. Бұл шешімді Шымкент қаласының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі штабы қабылдады. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін кәсіпкерлер ХҚО-да жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартын және оның қосымшасын тіркей алады. Азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау үшін ХҚО тек әкімдіктен алдын-ала берілген, несиелендіру бойынша оң шешім ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 8 380 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. — Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мемлекет тарапынан арнайы антикризистік шараларды қолдану арқылы, экономикамызды дамытуға тиісті қаржы бөлінген. Бұл ретте Шымкент қаласында да нақты шаралар қолға алынды. Қала бойынша жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы 224 жобаны қаржыландыру мақсатында 45 млрд теңге қаржы бөлінген. Жобаны жүзеге ...
Читать далее »ІНДЕТПЕН КҮРЕСІП ЖАТҚАН МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады. Осы кезеңге дейін Шымкент қаласында карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты нақты шаралар қолға алынды. Соның нәтижесінде эпидемиялық жағдай тұрақтанып, қаламызда бүгіннен бастап бірқатар енгізілген шектеулер алынуда. Алайда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Шымкентте карантин режимі 25 мамырға дейін жалғасады. Бұл ретте қазір қаланың кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Барлық жағдай ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 6 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ
Вирус жұқтырған 1973, 1965, 1991, 2001, 1984, 1964 жылы туған азаматтар. Оның ішінде бес ер азамат және бір әйел бар. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға ...
Читать далее »БАЗАРЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Шымкент қаласы аумағындағы базарлар 12 мамырдан бастап (автокөлік базары мен мал базарынан бөлек) сағат 10:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істей бастайды. Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. Сонымен қатар, ертеңнен бастап, таңғы 07:00 мен кешкі 21:00 аралығында қоғамдық көліктер де жұмысқа кіріседі. — Қазақстанда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынды. Алайда пандемияның ...
Читать далее »