ҚОҒАМ

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Шымкент қаласында 11 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. 1955 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны. 65 жастағы азаматша 2-мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берген. 6 мамыр күні азаматша жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылып, ИВЛ аппаратына қосылған. ...

Читать далее »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚАШАН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ?

Шымкент қаласында 12 мамырдан бастап, қоғамдық көліктер таңғы 07.00 мен 21.00 аралығында жүре бастайды. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты. Сондай-ақ, брифингте Шымкент ішіндегі посттардың барлығы алынғанымен, қала сыртындағы 18 блок-пост жұмысын тоқтатпайтыны жайлы да айтылды. Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер де қала береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІ ҮШІН ХҚО АШЫЛАДЫ

12 мамырдан бастап Шымкентте автоәуесқойлар үшін мамандандырылған ХҚО жаңа форматта іске қосылады. Енді мамандандырылған ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады. Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді. Дүйсенбі ...

Читать далее »

ЕЛІМІЗДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІ АЯҚТАЛДЫ

Соңғы екі ай еліміз үшін оңай болған жоқ. Дағдарыс әлі толық еңсерілмей тұр. Дегенмен, індеттің шарықтау шегінен өттік. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды. Халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылды. Енді Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия ...

Читать далее »

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Аудан аумағында қарқынды жұмыс жүріп жатқаны жайлы әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов хабарлады. — Қазіргі таңда, аудан аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі, «Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының» жобасы. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 107 ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкентте 107 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік парақшасында жариялады. – Бүгін Шымкентте ерекше іс-шара өтті. Тұрғын үй кезегінде тұрған 107 азамат пәтер кілтін алды. Олардың барлығы көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жатқызылғандар. Карантин кезінде адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынғандықтан, баршасына пәтер кілті мен құттықтау хаттарды пошта арқылы жеткізуді жөн деп таптық. Жыл ...

Читать далее »

МАҚТААРАЛҒА 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ КІЛЕМІ ЖЕТКІЗІЛДІ

Су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына Шымкенттегі «Bal-Tekstil» кілем фабрикасы да көмек көрсетті. Атакент ауылындағы облыстық штаб қоймасына жалпы сомасы 6 млн теңгелік 404 кілем келіп жеткізілді. Аталған кілем керуенін «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі, «Bal-Tekstil» кілем фабрикасының директоры, белгілі кәсіпкер-меценат Талғат Ысқақов мақтааралдықтарға деп арнайы көмек ретінде жөнелтіпті. «Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан 6 мыңға жуық тұрғын зардап шекті. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕР МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА 20 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Шымкенттік кәсіпкерлер тасқыннан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал ауданында болып, тұрғындармен жүздесті. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сапар мерекемен тұспа-тұс келгендіктен қалалық Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Қайрат Молдасеитов пен Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабиштаев бастаған делегация Өргебас ауылының ақсақалдарын Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Кәсіпкерлер тұрғындарға қаржылай және гуманитарлық көмек көрсетті. «Отау Групп» ЖШС ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 4 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

(10.05.2020 жылғы сағат 13:00-дағы мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 1987, 1988, 1994 жылы туған азаматтар ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған және 1955 жылы туған ер кісі өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, ...

Читать далее »

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев пен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов Ұлы Жеңіс мейрамының қарсаңында 104 жастағы соғыс ардагері Нигмат Гареевті құттықтап, құрмет көрсетті. Нигмат Насибуллинұлы — қаладағы соғыс ардагерлерінің арасындағы жасы ең үлкені. Ол 1916 жылы туған. Соғыс ардагері елдің амандығын тілеп, болашақ ұрпаққа ақ батасын берді. Сондай-ақ осынау қиын-қыстау кезеңде халықтың бірлігі мен ырысты ынтымағы жеңетіндігін айтып ...

Читать далее »