ҚОҒАМ

ШЫМКЕНТТЕГІ 213 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНА КӨШЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков және қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева төтенше жағдайға байланысты онлайн білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндады. Шымкент оқушылары үшін төртінші тоқсан ерекше форматта өтеді. Өйткені елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты балалар қашықтықтан оқыту жүйесіне көшіп отыр. – Миллионды қала оқушылары білім беру жүйесінің екі бағыты ...

Читать далее »

БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТОЛЫҚ ТӨЛЕНЕДІ

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының шешімімен қаладағы барлық балабақшалар қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде меншік түріне қарамастан барлық балабақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде сақталу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат мәлімдеді. Қазіргі таңда қаламызда 75 386 бала болса, 521 балабақша бар. Олардың 82-сі мемлекеттік, 439 – ...

Читать далее »

БАНКОМАТТАРДЫҢ ЖАНЫНА АРНАЙЫ АРАҚАШЫҚТЫҚ БЕЛГІЛЕРI ЖАСАЛДЫ

Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн салады. Бұл клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалады, ол кемінде бір метр болуы тиіс. Банк бөлімшелерінде маскалық тәртіп қатаң сақталады, кеңесшілер қолғаппен жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, бүгін 4 сәуір Шымкентте бірқатар банктердің бөлімшелері жұмыс істейді. Мұнда зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы беріледі.

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР АДАМ ІНДЕТТЕН КӨЗ ЖҰМДЫ

Бүгін таңертең Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай қаласының 1956 жылғы зейнеткер азамат қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Коронавирус негізінде пневмониямен ауырған. Гипертония, қант диабеті секілді қосалқы ауруы болған. Азамат 15 наурызда Алматы қаласынан келгенін жасырып, үйінде өз бетінше емделген. «Барлық сынамалар алынып, емдік шаралары жүргізілді. Өкінішке қарай, науқастың жағдайы нашарлап бүгін таңертең көз жұмды»,-делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ АУМАҒЫНДА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласы аумағындағы залалсыздандыру шаралары карантин мерзімі аяқталғанға дейін күшейтілетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына жасаған мәлімдемесінде айтты. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы қоғамдық орындарда, тұрғын үй аулалары, орталық көшелер мен ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтарында дезинфекция жұмыстарыАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ қарқынды жүргізіле бастады. Қалаға қарасты 4 ауданда әскери бөлімнің қызметкерлері және арнайы машиналар жұмылдырылған. Сондай-ақ Шымкентте ...

Читать далее »

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШ БЕРУ СЕРВИСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстанда Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды. «Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Президент Әкімшілігі жанындағы құрамына IT-сарапшылары мен IТ-компаниялары кіретін IT-штабымен бірлесіп, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін төлемдерге ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 4 СӘУІРДЕН КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ

Шымкент қаласында қазіргі күнге коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелген. Оның 8-і кеше анықталған. Барлығы қауіпті індет анықталған үшінші науқастың туыстары мен жақындары болып шыққан. 1-сәуірден бастап науқастардың барлығы оқшауланған. Азаматтарды қорғау және инфекцияның ары қарай таралуының алдын алу мақсатында аталған отбасы тұрған Тайманов көшесі мен оған жақын орналасқан Сәрсенбаев және Сүлейменов көшелерін карантинге жабылды. 7 блок-бекет қойылған. Азаматтардың өмірі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 8 МЫҢНАН АСА АДАМ 42 500 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ КӨМЕК АЛДЫ

Елімізде төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам 42 500 теңге көлемінде көмек алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам жаңа әлеуметтік төлемді алды. 2 сәуір сағат 18:00-дегі жағдай бойынша eGov.kz арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бойынша 22 928 адам ...

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН ІШІНДЕ ҚАТЫНАЙТЫН ЖОЛАУШЫ ПОЙЫЗДАРЫ ТОЛЫҚ ТОҚТАДЫ

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, 2020 жылдың 31 наурызынан бастап Қазақстан аймақтары арасында жолаушылар қатынасы толық тоқтатылды Барлық жолаушылар пойыздарының (соның ішінде жекеменшік тасымалдаушылар және басқа да теміржол әкімшіліктерінің) қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі кезде пойыздар орналасқан орындарына қайтып жатыр. Соңғы пойыз бағыты 4 сәуірде тоқтайды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ төтенше жағдай кезінде сапарға шыға алмаған барлық жолаушылар билет сатып алуға жұмсаған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ТАРАҒАН 57 ОШАҚ ТІРКЕЛДІ

Шымкент қаласы бойынша барлығы 57 ошақ тіркелді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді. Ал, 5 ошақтан карантин алынды. Олар — Самал-1, Тайманов көшесі; Төреқұлов көшесі; Мақталы көшесі, 8 ш / а.Желтоқсан 3А. Қала бойынша барлық кіру пункттерінде 17 блок-бекет қойылған. Блок бекеттердің барлығында жедел жәрдем бригадасы, сондай-ақ медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдарының орта медицина қызметкерлері ...

Читать далее »