2020 жылғы 20 сәуір күні «Атырау-Шымкент» әуе рейсімен Шымкентке «TENGIZCHEVROIL» компаниясының 383 қызметкері ұшып келді. Оның 67-сі қала тұрғындары. Аталған әуе рейсімен келген үш азаматтан коронавирус анықталып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Олармен байланыста болған 64 жолаушының барлығы карантиндік станционарға жатқызылды. Сондықтан вирус анықталған азаматпен бір рейсте ұшып келген жолаушылардың денсаулығы және қауіпсіздігі ескеріліп, олар 14 күндік станционарда болады. Ал, ұшақта ...
Читать далее »Cаясат
ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН АВТОБУСТАР ТАСЫМАЛДАУДА
Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 19 сәуірден Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылды. — Өйткені автобустар тікелей індеттің таралу ошағы болуы әбден мүмкін. Оған қоса сарапшылардың пікірі де ескерілді. Сондықтан осындай қадамға амалсыздан бардық, — деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов брифингте. М.Пернебайұлының мәлімдеуінше қалада арнайы тіркелген 11 такси компаниясы жұмысын жалғастыра береді. Оларда 2 ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 228 223 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН
2020 жылғы 21 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша, Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 471 971 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 228 223 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 216 379 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 228 223 адамның 215 674-іне өтініштер бойынша, ал 12549-ына проактивті ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «BIRGEMIZ» ҚОРЫ ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК БЕРУДЕ
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың игі бастамасымен жүйелі жұмыс істеп келе жатқан «Birgemiz» қоғамдық қоры аса мұқтаж шымкенттіктерге нақты көмектер беруде. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты. – «Birgemiz» қоры Шымкент қаласында тұратын көмекке аса мұқтаж 21804 отбасыға 50 мың теңгеден қаржы аударды. Бұл бағыттағы жұмыстар мамыр айында жалғасын тауып, 19700 отбасыға қаржылай ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 235 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ
Мемлекет басшысы індеттің кесірінен ісі тұралап, табысынан айырылған қазақстандықтарға қолдау көрсету үшін Үкімет мүшелеріне бірқатар тапсырма жүктеген еді. Соның бірі — төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған жандарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындау болатын. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалада 235 мыңнан астам адамға аталған көмектің тағайындалғанын атап өтті. — Бүгінге дейін Шымкент қаласынан ...
Читать далее »ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР ЖАЙЛЫ
Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған тағы 4 науқас тіркелді. Ауру жұқтырған азаматтар 1964ж, 1984ж, 1985ж, 1991 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Науқастар 17-сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған 1966 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. «Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ
Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді. — Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін, тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында, 2020 жылғы 18 сәуірдегі Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №11 Қаулысына сәйкес, 2020 жылы 19 сәуірден 1 мамырға дейін қалалық қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылады, — деді Н. Сүгірәлиев. ...
Читать далее »ЕЛДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН АВТОМАТТЫ ГАЗ-РЕТТЕГІШ СТАНСАСЫ САЛЫНУДА
Көгілдір отынды қабылдап алып, қажеттіне қарай бөліп таратып отыратын орталық биылғы күзде пайдалануға берілмек. Ол сағатына 250 мың текше метр газ таратуға қауқарлы. Соңғы үлгідегі заманауи қондырғы миллионды қала тұрғындарын толықтай газандандыруға күші жетеді.Шымкент қаласындағы №3 автоматты газ-реттегіш стансасының құрылыс жұмысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов мердігерлермен жұмыс барысын пысықтап, сапаға мән беруді жүктеді. Шымкенттегі №3 автоматты газ-реттегіш стансасы жоспар ...
Читать далее »МҮГЕДЕКТЕР БҰРЫН БЕЛГІЛЕНГЕН ТОП БОЙЫНША ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта куәландыру мерзімі 2020 жылғы 15 ақпаннан кейін келген барлық азаматтарға мүгедектік мерзімін төтенше жағдай кезеңіне автоматты түрде ұзартты. Бұл ретте жәрдемақыларды төлеу төтенше жағдай режимінің барлық кезеңі ішінде бұрын белгіленген мүгедектік тобы және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша жүзеге асырылатын болады. Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіштің және ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 1414 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА 90 МЫҢНАН АСТАМ ҚОҢЫРАУЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Шымкент қаласының 144 тәжірибелі және дайындықтан өткен маманы тұрғындарға кеңес беруде. Бір апта ішінде 1414 біріңғай байланыс орталығы шымкенттіктердің 90 мыңнан астам қоңырауын қабылдаған. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын 25 наурыздан бері уақытша тоқтатқан болатын. Бұл өз кезегінде бірыңғай байланыс орталығы операторларының жұмыс жүктемесін арттырды. Азаматтарға арналған үкімет 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейту үшін ХҚО ...
Читать далее »