Мегаполис жаңалықтары

ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДА БІРҚАТАР ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Шымкент қаласының туризм басқармасының басшысы Олжас Шынтаев 2021 жылдың іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Шаһарда инвестициялық жобалар, туристік инфрақұрылымды дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетингті іс-шаралар, медициналық туризмді дамыту бағытында бірқатар жобалар қолға алынбақ. Басқарма басшысының айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық жағдай жақсарып, карантиндік режим алынған соң, қалаға келетін туристер санын 2021 жылы 315 381-ге жеткізу жоспарлануда. 2020 жылдың 9 айлық көрсеткішке қарағанда, Республиканың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЭЦҚ-НЫ ОНЛАЙН АЛА АЛАДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының мәліметінше, қала тұрғындары арасында ең танымал қызмет — «Электрондық цифрлық қолтаңба беру». 2020 жылы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 200 мыңнан астам ЭЦҚ берілген. Мемлекеттік корпорацияның баспасөз хатшысы Алтынай Татаева ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ, қашықтан алу әдісін түсіндірді. ЭЦҚ алу үшін: * Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс; * SMS-хабарламаларды алу ...

Читать далее »

OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ

2021 жылы Шымкентте қаланы сапалы интернетпен 100 % қамтамасыз ету жоспарлануда. Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов қала әкіміне биылғы жоспарларын баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, 2020 жылы байланыс операторлары әкімдікпен бірлесіп 11 базалық станцияны орнатып, 16 тұрғын алапта талдау жұмыстарын жүргізді. 2021 жылы шалғайдағы тұрғын алаптарда 14 базалық станция, жеке инвесторлармен қаланың 16 шағынауданы мен тұрғын алаптарына оптикалық кабельді ...

Читать далее »

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАР САНЫН 31 ПАЙЫЗҒА ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар жобалар іске асырылмақ. Президент тапсырмасына сәйкес, шаһарда 2021 жылы спорт нысандарын дамыту бойынша 115 заманауи спорт алаңы салынады. Спорт алаңдары уоркаутпен айналысуға арналған спорттық жабдықтармен және дене жаттығуларына арналған аймақпен жарақтандырылады. Сондай-ақ, биыл Қажымұқан атындағы орталық стадион, кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі, №17 футболдан спорт мектебі ғимараттарын қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Шымкент қаласының дене ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: №89 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ШАХМАТ ПЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТА БІЛІМ БЕРУДЕ КӨШБАСШЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Асар шағын ауданындағы №89 мектеп-лицейіне барып, білім ұясының тыныс-тіршілігімен танысты. Қаладағы №89 мектеп-лицейі 2011 жылы пайдалануға берілсе, 2012 жылдан бастап экологиялық бағытта білім беріп келеді. Қазіргі таңда мектепте 2223 оқушы мен 187 мұғалім бар. Мектеп ғимаратын аралаған қала әкімі шахмат үйірмесінің жұмысымен танысты. Білім мекемесі 2012 жылы балаларға шахмат үйретуді қолға алған. Үйірмеге1-11 сынып аралығындағы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

«Кundelik.kz» электронды журналды сапалы және уақытылы толтыру бойынша Шымкент қаласының мектептері республикада үздік деп танылды. Бұл ретте, қаламыздың педагогтері мен оқушылары, ата-аналар және Білім басқармасы саласының мамандары аса белсенділік көрсеткен. Елімізде «Кundelik.kz» электронды журнал жүйесі ҚР Білім және Ғылым министрлігімен 2016 жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жұмыс істеп келеді. Пандемияға байланысты қашықтан оқыту электронды журналдың маңыздылығын арттыра түсті. Осы орайда, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН КУРС АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласында қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениеті мен біліктілігін арттыратын жоба қолға алынды. Енді қоғамдық көлік жүргізушілері 5 күндік оқу курсына қатысып, арнайы мамандардардан «жолаушыларды тасымалдау ережесі» және мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету бойынша білім алады. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» желісінде тікелей эфир арқылы тұрғындармен кездесуінде қоғамдық көлік мәселесін талқылап, саладағы бірқатар жаңалықтарымен бөлісті. Жаңа жобаға қатысқан жүргізуші ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 2020 ЖЫЛЫ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 2820 АДАМ БІЛІМ АЛҒАН

Шымкенттік 28 жастағы дәрігер–стоматолог Бекмұрат Мехманқұловтың қазір сұранысқа сай медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған жеке тіс емдеу кабинеті бар. Қарағанды медицина университетінің түлегі мақсатын «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен жүзеге асырған. Жас маман Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгініп, «Еңбек» бағдарламасының жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздерін үйренеді. Қорытындысы бойынша сертификат алған соң, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы жылдық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ТӘЖІК ЖЕРІНДЕ ГҮЛДЕЙДІ

Өткен жылы «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020» жылы қорытындыланып, келесі эстафета Тәжікстан астанасы Душанбе қаласына табысталған болатын. Жабылау салтанаты барысында Шымкенттің 2200 жылдығына орай Душанбе қаласына 2200 қызғалдақ көшеті, 2200 кітап, қала тұрғындарының тілектері жазылған 2200 тұмар және «Отты қызғалдақ» керамикалық ваза сыйлық ретінде жіберілді. Таяуда Душанбе қаласының төрағасы Рустам Эмомали Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке жазған хатында шымкенттіктердің ...

Читать далее »

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНДА ДЕМОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары Әл-Фараби ауданы Қазыбек би көшесі, 27 А жер теліміндегі құрылыс нысанына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлік нысан қаладағы тарихи білім ордасы – М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы жанынан салынған. Жеке кәсіпкер құрылыс жұмыстарын Заңға қайшы, яғни құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды бұза отырып жүргізгені анықталды. Аталған жер телімі шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатады. Басқарма мамандары ...

Читать далее »