Мегаполис жаңалықтары

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгін «AMANAT»-тың Шымкент қалалық филиалында партияға жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Филиал және қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдады. Төраға журналистер қауымына билеттер табыстай отырып, партияның сайлауалды бағдарламасын, стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасап, өңіріміздің дамып, өркендеуіне партия мүшесі ретінде лайықты үлес қосатындарына сенім білдірді. «AMANAT» ...

Читать далее »

ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

Теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары қазір қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге қайта құру жұмыстарының барысын қадағалады. Халық санының жылдан-жылға артуы мен қалаға келетін туристердің көбеюі жұмыс жүктемесін арттырып қана қоймай, сервистік қызметті жақсартуды талап етуде. Реконструкциялау жобасына сәйкес, теміржол вокзалының аумағы 2249,33 шаршы метрге ұлғаяды. Ғимараттың жолаушы өткізу қабілеті қазір сағатына 2 мың адамды құрайды. Қайта ...

Читать далее »

НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ-ҚОҒАМ МІНДЕТІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағыьталған іс-шара Абай ауданы 3 шағынаудан аймағында өткізілді. «Есірткіге жол жоқ!» акциясына Шымкент қалалық мәслихат депутаты, партия жанынан құрылған Жастарды қолдау кеңесінің төрағасы Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы және Шымкент қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫ

Жұмыс берушілер қала тұрғындарын «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға қабылдайды. Жұмысшылардың еңбек ақысы бағдарлама талаптарына қарай мемлекет есебінен толығымен немесе ішінара төленеді. Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Жалпы, жыл соңына дейін тағы 500-ден астам адамды субсидияланатын жұмыс ...

Читать далее »

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ ҮШ ЖЫЛДА 144 СПОРТ НЫСАНЫ САЛЫНҒАН

Бұқаралық спорт халық арасында жаппай белең алу үшін қажетті спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу керектігі белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 1077-ге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 144 спорт нысанға артқан. 2021 жылы қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 115 спорт алаңшаның құрылысы жүргізілді. Оның 14-і демеушілер есебінен, қалған 101 спорт алаңшаның құрылысына бюджеттен 2 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 12 ІРІ КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент еліміздің үшінші мегаорталығы ретінде халық санының демографиялық өсуі жағынан, инвестициялық динамикалық көрсеткіштері жағынан да белсенді дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласының аумағында отандық өнім өрісі кеңейіп, құрылыс, түсті металлургия, фармакология, кондитерлік салаларда кәсіпорындар саны артып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту қарқын алды. Сонымен Шымкент қаласында соңғы 3 жылда іске қосылған ірі жобалар тізімі: 2020 жылғы отандық өнімдер: 1. «Sin Yuan ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР ТАЗА АУЫЗ СУ, САПАЛЫ ЖАРЫҚ, КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Мегаполисте инфрақұрылым саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, қала тұрғындары сапалы электр энергиясы, табиғи газ, ауыз сумен қамтылып, елдімекендер кәріз жүйесіне қосылып, тозығы жеткен жылу құбырлары жаңартылады. Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы отырысында 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы есебінде қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Ердембеков ...

Читать далее »

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» – ТҰРҒЫНДАР ҮШІН

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында кезекті рет «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Бұл жолы партияға келген тұрғындардың заң аясында туындаған мәселерінің шешу жолдарын қалалық Әділет басқармасының қызметкерлері, Zangerler Palatasi заң консультанты Ақылбекова Ақниет Абдразаққызы және адвокат Тлеуов Ерлан Алибекұлы қарастырды. Олар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету бойынша кеңес берді. Мәселен, Тассай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындауға бағытталған қалалық Жол картасын таныстырды. Халықтың өмір сапасын көтеруге, табысын еселеп, өмір сүру жағдайын жасап, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қолжетімділігін арттыру, экологиялық ахуалды жақсартуды көздеген бағдарламаны орындауға жетелейтін Жол картасы 4 басымдық, 100 ...

Читать далее »

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Қоғамдық қабылдау бөлмелері партияның халық мүддесін қорғап, үнемі жанынан табылуын мақсат ету жолында үлкен рөл атқарып келеді. Халық қалаулылары, басқарма басшылары мен сала мамандары күнделікті азаматтарды қабылдап, көкейіндегі түйіткілді мәселелерін шеше алмай жүрген талай азаматтарға көмегі мен кеңесін беруде. Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде халық қалаулысы Бақытжан Сейітжан мегаполистің оннан астам тұрғынын қабылдады. Қалалық мәслихатының депутаты, ...

Читать далее »