Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТ: «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 9 АЙДА 20 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент – құрылысы қайнаған алып шаһар. Үшінші мегаполисте биыл 9 айда құрылыс саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жылы 154 нысанның құрылысы жоспарланған. Салада негізінен көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына басымдық берілуде. Атап айтқанда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет есебінен 92 үйдің құрылысы іске асырылуда. 9 айда 20 үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде: Әкімшілік-іскерлік орталығында 528 пәтерлік 8 тұрғын үй, «Шымкент ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 136 ГЕКТАР АУМАҚҚА ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласында 2 агро-индустриалды аймағын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде көліктік-логистикалық орталық маңындағы 136 га аумақта заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салуға жер бөлінеді. Бірінші кезеңде қарастырылған жобаларға 30 га өнеркәсіптік жылыжай кешенін салатын 8 инвестор анықталды. Оларға 12 жылға жер жалға берілді. Қазіргі таңда инвесторлармен келісім шартқа тұрып, жерді тегістеп дайындау жұмыстары басталды. Ал, екінші кезеңде 60 га жылыжайды ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкентте қысқа дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы техникалардың қысқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «ЛТД Тұрмыс» ЖШС мекемесінің техникалық базасын аралады. Биыл қала тазалығы үшін 20 жаңа техника, 4 газель сатып алынған. Жалпы қазіргі таңда мекеме балансында 258 дана техника бар. Оның ішінде 208-і арнайы техника болып есептеледі. Жыл соңына дейін тағы 30 дана қоқыс шығаратын техника, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҮШ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМҒА КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ АППАРАТЫ САТЫП АЛЫНДЫ

Пневмонияға шалдыққан науқастарды медициналық тексеруден өткізу үшін 3 компьютерлік томография аппараты сатып алынды. Бұл туралы бүгін ақпараттық-комуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Позилов Бақытжан мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, жаңадан сатып алынған аппараттар қалалық инфекциялық аурухана, №2 және №3 қалалық ауруханаларына орнатылған. «Компьютерлік томография аппараты өкпесі қабынған науқастарды емдеуде зор септігін тигізеді. Жаңадан сатып ...

Читать далее »

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МӘЖІЛІС ЖӘНЕ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялады, деп хабарлайды Ақорда. Құрметті отандастар! Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау ...

Читать далее »

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗ ОРТАДА БІЛІМ АЛУЫ – БАСТЫ МІНДЕТ

Шымкент қаласындағы Құрсай шағын ауданында жаңа білім ошағының құрылысы жүруде. Мектеп 0,60 гектар аумақты алып жатыр. 600 орынға лайықталған білім ордасын жеке кәсіпкер өз есебінен жүргізуде. Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай мектепке ғұламаның есімі берілмек. Шымкент қаласының әкімі аталған жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты. «Балалардың қауіпсіз ортада білім алуы – басты міндетіміз. Бәсекелестікке төтеп берер ұрпақты өсіргіміз келсе олардың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АЙКӨЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданын аралау барысында Айкөл тұрғын алабына барды. Биыл аталған тұрғын алаптың халқы көптен күткен сапалы ауыз суға қол жеткізді. Жұмыстар «Содби-строй» ЖШС-і мекемесімен жүзеге асырылған. Шаһар басшысы орнатылған су жинағыш және су айдағыш қондырғыларды тексерді. Сонымен қатар, аумаққа электр энергиясын жүргізу мақсатында сметалық құжаттар дайындалу үстінде. Ал, табиғи газ жүйесі алдағы жылы шешілетін болды. 300-ден ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АРҒЫМАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы Арғымақ тұрғын алабын аралап, ондағы инфрақұрылым мәселелерімен танысты. 54 гектар аумақты алып жатқан тұрғын алапта 47 үй қоныстанған. Ондағы тұрғындарға аптасына екі рет тасымалды ауыз су жеткізіліп тұрады. Бүгінде сапалы ауыз сумен қамту бойынша мердігер мекеме «Улмад» ЖШС-і тарапынан жобалық сметалық құжаттары дайындалған. Ал электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер есебінен 29 бағана ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ 6,2 МЛРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ЖЕТКІЗІЛДІ

Шымкентте тұрғындарды дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта өткен Үкімет отырысында дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Бүгінде жалпы сомасы 7,21 млрд. теңгені құрайтын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге келісімшарттар жасалған. Бірыңғай дистрибьютормен 6,2 млрд. теңге көлемінде дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді. Бүгінгі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТҮНГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНДА 30 ПАЙЫЗ ӨСІМ БАР

Бұл туралы Жолдау аясында халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, оларға қолайлы жағдай жасау бойынша ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен тікелей эфирде қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов мәлімдеді. – Қазіргі таңда қала аумағында және шалғай орналасқан тұрғын алаптарда әлеуметтік нысандар орналасқан қосымша 39 көшеге жарық жүйесін орнату және 4 көшеде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 43 көше 87 пайызды құрап, ...

Читать далее »