Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 2,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ АРТҚАН

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында биыл 3 млрд 491 млн теңге субсидия бөлінген. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес 9 ай көлемінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы толығымен игерілді. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, егін шаруашылығына — 89,8 млн теңге, мал шаруашылығына — 230,4 млн теңге, қайта өңдеу саласына – 274,2 млн теңге, инвестициялық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТҰҚЫМБАҚ ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Шымкентте қаланы жасыл желекке бөлеу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі бойынша, Шымкентте 976 гектар жасыл алқапты орман өртінен қорғау мақсатында 300 шақырымдық минералды жолақ жүргізілген. Сондай»-ақ, 250 гектар жерге орман-патологиялық тексеру жүргізілді. Мұнан бөлек 60 гектар жасыл алқапта ағаштар бұралып, кесілген шырпылар қала сыртына шығарылған. Тағы 20 гектар жасыл алқапты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР!» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шымкентте ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында және «Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік идеясын жүзеге асыру мақсатында «Ойлы болсаң, озып көр!» байқауы ұйымдастырылған болатын. Жоба негізінде ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып саналатын шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындары 15 қазанда бастау алып, бүгін өз мәресіне жетті. Байқауға қатысушыларды құттықтауға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАУЫРЖАН БАЙБЕК КЕЛДІ

Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді. Ол қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесіндегі құрылысы аяқталған тұрғын үйдің ашылу рәсіміне қатысты. Бүгінде ондағы тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Себебі Водопьянов көшесі №1 «А» көп пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Бір жыл алдын өртке оранған үйдегі 42 отбасы жаңа баспананың кілтін алады. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 82 МЫҢНАН АСА ОҚУШЫ ТҮРЛІ ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСАДЫ

Шымкент қаласында 9 қосымша білім беру мекемесі бар. Онда 20 061 оқушы түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады. Бұл жөнінде қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева ақпараттық-коммуникалық орталықта өткен брифинг барысында баяндады. Сонымен қатар, Бас ұстаздың айтуынша қаладағы спорт мектептерінде 15 650 бала түрлі қосымша спорт үйірмелеріне барады екен. Одан өзге, 147 жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерде түрлі үйірмелер ашылып, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САЙЫСЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

Қазан айының 07-14 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік қолданбалы шығармашылығының республикалық көрмесі қашықтықтан өткен болатын. Аталған байқауда шымкенттік оқушылардың еңбектері де үздіктердің қатарынан көрінді. Көрмеге Шымкент қаласынан 6 номинация бойынша мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының шәкірттері қатысты. Атап айтқанда, шәкірттер «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым», «Табиғи материалдардан жасалған бұйым», «Тұрмысқа арналған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖАСАЛАДЫ

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалатын болды. Бүгінгі таңда статистикалық есеп бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294 мың адамға жеткен. Бұл барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 27,8% екенін көрсетеді. Жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 30%-ға жеткізу көзделуде. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ДІНИ КОНФЕССИЯ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы діни конфессия жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен құттықтап, конфессия басшыларымен дін өкілдерінің атқарып жатқан жұмыстары бойынша пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады. — Сіздерді «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі біздің міндетіміз мемлекеттің беріктігін сақтап, халық бірлігін одан әрі нығайту және барлық ...

Читать далее »

ТЕННИС КОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығындағы теннис корты қайта жөнделуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, инженерлік жүйелер жүргізу 70 %-ға орындалған. Нысандағы жұмыстар қараша айында аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады. Сонымен қатар, құрылыс басқармасының ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 30 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін салу, қызметтер мен жұмыс сапасын арттыру мен бюджет жүктемесін төмендету мақсатында биыл 30 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жөнінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов баяндады. Биыл Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 34 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 30 жоба іске асырылып жатыр екен. Атап айтқанда, білім беру – 2 жоба, ...

Читать далее »