Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 185 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында көп қабатты 185 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылуда. Бұл жөнінде аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов 9 айдың қорытындысы бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновке берген есебі барысында баяндады. Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, «Строи.ком «Прогресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 100 ауланы абаттандырып, тұрғындардың игілігіне берген. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды түрде дамып келеді. Атап айтқанда, биыл аудан аумағында 24 ірі кәсіпкерлік нысаны салынуда. Алғашқы 9 айда 13 нысанның құрылысы аяқталып, іске қосылған. Бұл туралы Шымкент қаласының қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов баяндады. Аудан әкімінің айтуынша, кәсіпкерлік нысандарының құрылысы кезінде және олар іске ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 13 ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын 13 диагностикалық орталық ұйымдастырылды. Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте баяндады. — Диагностикалық орталықтарда 17 КТ және 30 рентген аппараты бар. Сонымен бірге, 6 ПТР зертханасы бар, оның 2-уі жаңадан ашылды. Олар тәулігіне 2 500 тест қабылдайды, — деді. Сонымен қатар, медицина мекемелерін материалдық-техникалық ...

Читать далее »

АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН 345 ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН

Шымкент қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 911 бала есепке алынған. Қорғаншылық және қамқоршылықта – 712 бала бар. Бүгінде оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдан бастап тұрғын үйдің кезегінде тұрған 29 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 345 балаға кезек бойынша баспана берілген. Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 69 бала 11-сыныпты бітірген. Оның ...

Читать далее »

ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН 60 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ауылшаруашылығы саласын экономиканың қозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырған болатын. Осы мақсатта қалада ауылшаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласындағы күзгі дала жұмыстары туралы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, биыл жоспарға сәйкес 27 600 гектар аумаққа егістік егу жоспаланған. Қазіргі таңда 27 908,2 гектарға егіс егіліп, жоспардан 308,2 гектарға артық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ 235 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. — Барлық білім беру ұйымдары интернетке қосылған. Оған 235,9 миллион теңге бөлінді. «Қазақтелеком» АҚ-мен интернет жылдамдығын секундына 8-ден 12 мегабайтқа дейін арттыру туралы келісімшарт жасайтын боламыз. 18 461 отбасыдан 31 798 бала интернет-байланысына мұқтаж. Оның ішінде 17 701 отбасыға «Bilim al» трафигі қосылған SIM-карталар берілді, ал ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АГРС-3 НЫСАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр. Жылыту маусымы басталған кезде қолданыстағы автоматтандырылған газ таратушы станциялары 100% жұмыс атқаруда. Шымкетте коммуналды-тұрмыстық тұтынушылардың көбеюіне байланысты қыста табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша мәселе туындайды. Сондықтан, қаладағы көгілдір отынмен қамтамасыз ету көлемін одан әрі арттыру үшін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «HR-PROCESS» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 300-ДЕН АСА АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «HR-Process» білім саласының кадрларын іріктеудің автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы жұмысқа орналасқан педагогтармен кездесті. Кездесуге қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева, білім беру ұйымдары басшыларын тағайындау сатысында басшылық ететін комиссия құрамы, бірқатар мектеп директорлары мен аталған жүйе арқылы жұмысқа орналасқан ұстаздар қатысты. Онда қала әкімінің бірінші орынбасары білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындауда да ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛЫЖАЙҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтар өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты. Алдымен Асар–2 шағын ауданында орналасқан «ZERO MAX KZ» зауытына барды. Аталған зауыт жылыжай кешендерін салуға арналған мырышталған құбырлар мен жылыжай құрылысына қажетті өнімдерді өндіреді. Жоба құны — 2,6 млрд. теңгені құрайды. Өндіріс орны жылына 380 гектар болатын жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтарды өндіруге қауқарлы. ...

Читать далее »

«ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан бір топ азаматтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды. Жұқпалы індетпен күресте ерекше көзге түскендердің қатарында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және өзге де сала өкілдері мен еріктілер бар. Мегаполистің марапат иелеріне медальді қала әкімі Мұрат Әйтенов табыстады. — Бұл марапат — бүкіл әлемде орын алып отырған ...

Читать далее »