Мегаполис жаңалықтары

ТҰРҒЫНДАРҒА «HАLYK-SAULET» ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы жер, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 19 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінде оның барлығы да электронды түрде жүргізіліп отыр. Мәселен, басқарманың «нalyk-saulet» жүйесі іске қосылған болатын. Ол арқылы жылжымайтын мүлікке нөмер беру, оны нақтылау және жою қызметтері толықтай автоматтандырылды. Бұған дейін бұл қызметті тұрғындар 6 жұмыс күні ішінде алып келген. Қазір электронды бағдарламаның арқасында жарты сағат көлемінде ...

Читать далее »

ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ІҢКӘРЛІК БАЛА КЕЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген жанашырлықты жасөспірімдердің бойына ерте бастан сіңірудің маңызы зор. А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында осы мақсатта тағылымды іс-шара өтті. № 65 «Балбұлақ» балабақшасының тәрбиеленушілері «Құстарға қамқорлық» ретінде саябақтағы ағаш-бұталарға бірнеше ұяшықтар орнатты. Бір қызығы, онда ұяшықтың қандай құсқа арналғаны жазылған. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйытқы болған іс-шарада бүлдіршіндер табиғатқа және құстарға деген ...

Читать далее »

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 30 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

World clean up day Дүниежүзілік акциясы аясында Шымкент қаласында сенбілік өтті. Дүниежүзілік акцияның мақсаты — экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. Аталған сенбілікке қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімі аппаратының және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысып, Дендросаябақ аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондақ-ақ, шаһар басшысы дендрологиялық саябақтағы тұқым бағын аралап, отырғызылған көшеттерді көрді. Биыл саябаққа гендік қорды көбейту үшін ...

Читать далее »

ШЫНЫ ЫДЫС ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ – ЕЛДЕГІ ҮЗДІК ИНДУСТРИАЛДЫҚ ЖОБА

«ЕвроКристалл» ЖШС – көлемі 150 мл-ден 2 литрге дейін тамақ өнеркәсібі мен фармацевтикалық өндірістерге арналған кең сұрыптамалы және әртүрлі формадағы жоғары сапалы шыны ыдыс шығаратын зауыт. Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағының аумағында орналасқан үздік индустриалдық жоба еліміздегі ең ірі зауыттардың бірі. «ЕвроКристалл» ЖШС 2011 жылдың мамыр айында құрылған. Кәсіпорында сыра, газдалған сусындарға арналған бөтелкелер, шырын бөтелкелері, консервілеуге арналған банкалар өндірілуде. ...

Читать далее »

ЖАСТАРДЫ ӘДЕБИЕТКЕ ЖАҚЫНДАТАТЫН ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінде қаланың рухани өміріндегі бірқатар маңызды жобалар көпшілік назарына ұсынылды. Қаланың мәдени өміріндегі елеулі жаңалықтар, атап айқанда, «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасының атын ауыстыру және қайта жабдықтау, қаладағы аялдамаларды белгілі ғұлама ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша безендіру мәселелері зиялы қауым өкілдерінің талқысына түсті. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жобалардың маңыздылығына тоқталып өтті. – Биыл елімізде Абайдың 175 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 3 500- ГЕ ЖУЫҚ КЕЗЕКШІ СЫНЫП АШЫЛДЫ

Пандемияға байланысты елімізде оқу жүйесі қашықтан оқыту форматында жүріп жатыр. Бүгінде үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласында жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 1-4 сынып оқушылары мектеп қабырғасында білім алып жатыр. 49 640 бастауыш сынып оқушысы үшін ата-аналардың өтініші негізінде 3 344 кезекші топ ашылды. Яғни білім алушылардың 22 проценті мектепке барып жатса, қалған 78 проценті қашықтан білім алуда. Барлық мектептерде «Bilim Iand ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ «QYRGY BAZAR» ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫНЫҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙЮДЕ

Жерасты автотұрақтары, жеке павильондар мен хамам моншасы – жаңарған «QYRGY BAZAR» аумағында осының барлығы болады. Көтерме және бөлшек сауда орталығы ретінде қызмет көрсететін «Қырғы базарда» бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен базар алдына гүлзар салынған. Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай туғызып отыр. Жаңғырту жобасына сәйкес, базар аумағы 30 мың шаршы метрден 85 ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымымен кездесті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті — дамыған білім беру және зерттеу инфрақұрылымы бар көп профильді жоғары оқу орны. Мұнда бакалавриатта — 135, магистратурада — 143 және докторантурада 19 мамандық бойынша кадрлар әзірленеді. Университет ұжымына шақыртуы үшін алғыс айтқан қала әкімі қазір терең логикалық ойлау қабілетіне ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНКЛЮЗИВТІ СЕКЦИЯЛАР АШЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы №80 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасылардың балаларына арналған бейімді және инклюзивті спорт секцияларының ресми түрде ашылуы өтті. Секция «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жүзеге асыратын «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасының аясында іске қосылып отыр. Жоба Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Ал биыл Шымкент қаласы мен басқа да өңірлерде басталды. Жобаның ашылу салтанатына ...

Читать далее »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дарын орталығының ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Оған Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Дарын орталығының директоры Раушан Джеренова, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов қатысты. Шараның мақсаты – дарынды балаларды анықтауға, ынталандыруға, қолдауға, теориялық және практикалық біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік ашу. Іс-шара барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Дарын орталығы» КММ-нің жұмысымен ...

Читать далее »