Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 60 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп беруде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов баяндады. «Бүгінде 211 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 23 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық ...
Читать далее »Мегаполис жаңалықтары
ШЫМКЕНТКЕ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында комитет төрағасы шаһардың бірнеше туристік нысандарын аралап, сала мамандарымен кездесті. Құрметті қонақ ең алдымен қаланың қақ ортасындағы бұлақ суы – Қошқар ата өзеніне, оның жанындағы көптеген танымал, тарихи және мәдени серуендердің бастауы болатын Ордабасы алаңына, ежелгі Цитадель мен Тәуелсіздік саябағына ат басын ...
Читать далее »30-ҒА ЖУЫҚ ЖӨСӨСПІРІМНІҢ АТА-АНАСЫНА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды. Оған «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Рейдтің негізгі мақсаты – ҚР Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін тексеру, ата-ананың қарауынсыз қалу, келеңсіз жағдайлардың алдын алу еді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның ...
Читать далее »АУДАНДАРДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Біз көбіне аурудың алдын алуға мән бермей жатамыз. Немесе кейде ақпараттандыру жетіспейді. Қазір қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне, лифтілеріне, қоғамдық көліктерге ақпараттық парақшалар жабыстырылуда. Оны аудан әкімдігінің мамандары, еріктілер және үй комитетінің төрағалары бірлесе атқарады. Бүгінде барлық ауданда осы жұмыстар қолға алынып жатыр. Тұрғындарды коронавирус инфекциясынан сақтану бойынша ақпараттандыру өте өзекті. Ақпараттық парақшаларда коронавирус инфекциясынан сақтанудың жолдары баршаға түсінік етіп ...
Читать далее »ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ «CALL» ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ
Шымкент қаласында халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының «Call» орталығы ашылды. Қалаға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ҚР Парламенті Сенатынының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова және ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният орталықтың жұмысымен танысты. 103-ке келіп түсетін қоңыраулардың барлығын диспетчерлер жаңадан ашылған орталықта қабылдап, бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы бақылай алады. Қоңырау қабылдау орындары екі ...
Читать далее »РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КƏСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев және БАҚ өкілдерінен құралған мониторингтік топ қаладағы «Самал», «Айна» базары мен «Мега планет», «ЦУМ», «Шымкент плаза» сауда орталықтарын аралап, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының сапасына тексеру жұмыстарын жүргізді. — Мемлекеттік комиссия отырысында 17 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірінде шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша шешім қабылданғаны бəрімізге белгілі. Осы орайда біз рұқсат ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
Бүгінде Шымкентте covid-19 жұқтырғандардың репродуктивтілігі — 0,62% құрайды. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады. Бұл жайлы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Оның айтуынша, ковидпен күресте сүйенетін ең маңызды көрсеткіш – Rt санының репродуктивтілігі. Мұнда R – вирус жұқтырған адамның басқа адамдармен байланыс саны. Көрсеткіш 1 пайыздан көп болса, вирус таралуы жоғары деңгейде, ол ...
Читать далее »КӘСІПКЕРЛЕР БИЗНЕСІН БАСТАУ ҮШІН ПЛАТФОРМА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ә.Төлебаев және Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаевтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде қаламызда енгізілген карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету және 17 тамыздан бастап іске қосылатын нысандар бойынша сөз қозғалды. – Мемлекеттік комиссия отырысында еліміздегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 17 тамыздан бастап шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша шешім ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 17 ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРҚАТАР НЫСАНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ә.Төлебаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қалада 17 тамыздан бастап сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м), сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.), бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-дан аспауы ...
Читать далее »ШӘМШІ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін композитор, Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай, қала әкімі Мұрат Әйтенов пен бір топ өнер адамдары Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі сазгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Нақтырақ айтқанда, шараға қала әкімінен өзге композитор-әнші Құралай Сәтмұхамбетова, композитор, Шымкент қалалық мәдениет үйінің директоры Нұрлан Ыдырысұлы Адильханов, композитор Қалдыбек Құрманәлі, мәдениет қайраткері, Шымкент қалалық опера және балет театрының әншісі Үрәлхан Сейілбекова қатысты. ...
Читать далее »