Шымкент қаласында «Қала күні» мерекесіне орай «Медицина жаныңызда» атты акциясы басталды. Аталған шарада білікті дәрігерлерден құралған медициналық керуен эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, қала шетіндегі елді мекендердергі созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетуде. Денсаулық керуенінде жасақталған топта невропатолог, стоматолог, маммолог, онколог, кардиолог, окулист сынды мамандар жергілікті тұрғындарға карантин кезінде созылмалы ауруды асқындырып алмауды және коронавирустан қорғану жөнінде кеңес ...
Читать далее »Мегаполис жаңалықтары
«НАУРЫЗ» АЛАҢЫ МАҢЫНДА ЭТНОАУЫЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында «Наурыз» алаңы маңында «Көне қала» этножобасы бой көтеруде. Этноқалашықта «Шымкент 2020 — ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық салт-дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында әр сенбі, жексенбі күндері іс-шаралар өтеді деп жоспарланған болатын. «Көне қала» этноауылында 12 киіз үй мен көрме қойылатын жартылай киіз үй, Ақ қанатты шатыр үй де құру жоспарланған. Сонымен қатар, ауылда ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ 1 159-ҒА ЖЕТТІ
Қазақстанда өткен тәулікте, яғни 14.06.2020 жылғы мәлімет бойынша 313 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 14 мың 809. Өткен тәулік ішінде еліміздің 313 азаматынан коронавирус инфекциясы табылған болса, оның 26-сы — Шымкент қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар ...
Читать далее »КОРОНАВИРУСТЫҢ СИМПТОМСЫЗ ТҮРІН ЖҰҚТЫРҒАН ПАЦИЕНТТЕРГЕ ЖАДЫНАМА
2020 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 490 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды. Оның ішінде Шымкент қаласының көрсеткіші – 70. Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда — 4892. Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталған науқас амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға алынып, үйінде (үй карантині) оқшауланады. Осы ретте назарларыңызға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған коронавирус инфекциясының ...
Читать далее »САНСЫЗ БАБТАР МЕКЕНІНЕ ОНЛАЙН ЭКСПЕДИЦИЯ
Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция» өткізілді. Қасиетті жұма күні қаладағы республикалық маңызы бар киелі 7 кесенеге зиярат етілді. Онлайн жүйесіндегі экспедиция тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беруді, қаланың туристік әлеуетін танытуды мақсат еткен. Бүгінде «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Әбдул Әзиз баб», «Мірәлі ...
Читать далее »ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек. Қай ...
Читать далее »ЕРІКТІЛЕР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ
Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы волонтерлары «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп қаладағы «Комсомол» көлі аумағында орналасқан 752 га мемлекеттік орман қоры жерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл іс- шараға 30 ерікті жас жұмылдырылды. Орман — жер бетіндегі табиғат қорларының басты типі екендігін еске алсақ, ондағы табиғи байлықтарға да арнайы күтім қажет. Осыны ескерген «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен орталық ...
Читать далее »АБАЙ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «ТҮРКІ ӘЛЕМІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты онлайн жүйеде халықаралық мәдени-ағарту форумы өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың негізгі идеяларын жүзеге асыруға бағытталған мәдени-ағарту форумы еліміздің және шетелдік мамандардың көмегімен, заман талабына сәйкес цифрлық жүйеде ұйымдастырылды. Форум жұмысына Қазақстанның ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекцияны төмендету бойынша шараларды күшейту үшін Шымкентте модульді жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Жаңа орталықтың ашылуына еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келді. Бір қабатты ғимарат 200 төсек-орынға арналған, модульді үлгі бойынша салынды. Госпиталь қаладағы «Ақжайық» шағынауданында бой көтерді. Орталық қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы болып табылады. Мұнда коронавирустық инфекцияға күдікті деген барлық пациенттерді ...
Читать далее »«БЕКЖАН» БАЗАРЫ ӨРТКЕ ОРАНДЫ
9 маусымы сағат 15:13 шамасында Темірлан тас жолындағы «Бекжан» базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды. Мамандардың хабарлауынша, өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылған. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат 15:43 шамасында сөндірілген. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда.
Читать далее »