Шым қаланы 100 пайыз жылдамдығы жоғары интернет желісімен қамтамасыз етілуі қажет. Мұндай тапсырманы қала әкімі Мұрат Әйтенов интернетпен қамту мәселелері бойынша онлайн режимде өткен аппараттық жиында берді. Қаладағы шағын аудандарды жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз ету жайын баяндаған цифрландыру басқармасы басшысының м.а.Р.Ақжігітов қала аумағындағы 105 шағынаудан мен тұрғын алаптары интернет желісімен қамтамасыз етілгенін, оның ішінде мобильді интернетке — 74, сымды интернетке ...
Читать далее »Мегаполис жаңалықтары
ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚТА 6,5 ШАҚЫРЫМ ВЕЛОЖОЛ САЛЫНАДЫ
Шымкент қаласындағы жақында ғана Асанбай Асқаров есімі берілген дендрологиялық саябақта 6,5 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 метр болатын жүгіру жолақтарының құрылысы басталды. Демалыс орнының аумағын аралап шыққан қала әкімі М.Әйтеновке дендросаябақта жүргізілетін абаттандыру, веложол мен жүгіру жолақтарын орнату және жарықтандыру жобаларын таныстырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайта жөндеу жұмыстары бойынша баяндаған мекеме басшысы саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЕГІСТІК КӨЛЕМІ 1000 ГЕКТАРҒА АРТТЫ
Үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласында егістік көлемі 1000 гектарға артқан. Бұл туралы аппараттық мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1000 гектарға көп. Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарына 1,25 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, 174 – теңгеден 160 — теңгеге төмендетілді. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЙТА АШЫЛҒАН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдайдан кейінгі кәсіпорындардың жұмысымен танысу мақсатында Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасын аралап көрді. Жобалық құны 11 миллиард теңге инвестиция жұмсалған кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 миллион шаршы метр кілемді құрайды. 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін зауыт полипропиленді жіптерді де шығарады. Бүгінде Қазақстан кілемдері Германия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. ...
Читать далее »«ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды. ⠀ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы — ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады. ⠀ Байқау — әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМДА МИНЕРАЛДЫ ЖОЛАҚ ЖЫРТЫЛДЫ
Бұл туралы қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерін алдын алу бойынша онлайн режимде өткен жиында төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Дербісов мәлімдеді. Оның айтуынша, қала аумағындағы орман қоры жерлеріндегі 406 шақырымда минералды жолақ жыртылған. Бұдан бөлек, егістік алқаптарында 400 шақырым, республикалық маңызы бар жолдардың бойында 65 шақырым және жергілікті автомобиль жолдарының бойында 315 шақырым өртке қарсы ...
Читать далее »ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы 25 мамырдан бастап барлық санитарлық және эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды қабылдауды бастады. Ғимараттың сыртына арнайы шатырлар орнатылып, арақашықтығы сақталған орындықтар қойылды. Одан бөлек, кіре берісте дезинфекциялық туннель жұмыс істеп тұр. Әр кірген адамның дене қызуы арнайы аппаратпен жіті бақылануда. Қазіргі таңда азаматтарға әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша кеңестер беріліп, қажет ...
Читать далее »ЗООБАҚТЫҢ 63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Шымкентте зоологиялық бақта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев Инстаграм парақшасында айтып өтті. – Шымкент зообағы келушілер үшін әзірге жабық. Бірақ бұл – зоологиялық бақ жұмыс істемейді деген сөз емес. Онда жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілуде. Зообақ басшылығы, мердігер мекеме және жобалаушы өкілдерімен өткен көшпелі отырыста жұмыстардың барысын талқыладық. Зоологиялық парктің 63 павильоны қайта жаңартылып ...
Читать далее »41 630 АЗАМАТҚА 50 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бүгінгі онлайн-брифингінде төтенше жағдай кезінде уақытша табысынан айырылған және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау шаралары көрсетілгені айтылды. Оның ішінде табысынан айырылған 283 897 адамға 42 500 теңгеден әлеуметтік көмек төленгені сөз болды. Ал «Nur Otan» партиясы арқылы «Біргеміз» қоғамдық қорымен әлеуметтік топтағы 41 630 азаматқа 50 мың теңгеден көмек көрсетілген. Сондай-ақ, аз қамтылған 20 мың ...
Читать далее »COVID-19. ГОСПИТАЛЬ 1 МАУСЫМДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов мәлімдеді. Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін 2 миллионнан астам көп қолданылатын маскалар, 88 тонна дезинфекциялық заттар, 166 мыңнан астам спрей шығарылды. Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен, жеке медициналық қорғау заттармен және тиісті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қалада жұқпалы аурулар ауруханасында коронавируске арналған төсек орындар 300-ден 450-ге ұлғайтылды. Бұдан басқа, 320 төсек орындық ...
Читать далее »