Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққан 1994 жылғы азамат қаладағы «Солтүстік Батыс» шағынауданының тұрғыны. Дертінен сауыққан жігіт 5-сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған 25 жасар азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ,- дейді мамандар. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ ...
Читать далее »Мегаполис жаңалықтары
ШЫМКЕНТТЕ 16 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН
Шымкентте 16 төтенше жағдай қызметкері коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында жариялады. «Өкінішке қарай, барлық қабылданған шараларға қарамастан, КВИ диагнозы расталған шымкенттіктердің саны артып келеді. 21 сәуір сағат 12:30-дағы жағдай бойынша қаламызда аталған індетті жұқтырғандар саны 103 адамға жетті. Белгілі болғаны, кеше анықталған 23 науқастың 16-сы — төтенше жағдай қызметінің өкілі. Науқастармен байланыста болған адамдардың ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН АВТОБУСТАР ТАСЫМАЛДАУДА
Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 19 сәуірден Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылды. — Өйткені автобустар тікелей індеттің таралу ошағы болуы әбден мүмкін. Оған қоса сарапшылардың пікірі де ескерілді. Сондықтан осындай қадамға амалсыздан бардық, — деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов брифингте. М.Пернебайұлының мәлімдеуінше қалада арнайы тіркелген 11 такси компаниясы жұмысын жалғастыра береді. Оларда 2 ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 103-КЕ ЖЕТТІ
Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясы тағы 11 азаматтан анықталды. Дертке шалдыққан азаматтар 1966 жылғы коронавирус инфекциясы анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған. Олар – 1983 ж., 1987 ж., 1990 ж., 1988 ж., 1973 ж., 1993 ж., 1994 ж .,1997 ж.,1976 ж., 1995 жылғы азаматтар. Оның сегізі — ер кісі, екеуі әйел. Ал бір азамат — 1984 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Науқас ЖРВИ-мен ауырып, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «CALL ОРТАЛЫҚ» 10 КҮНДЕ 13 253 ҚОҢЫРАУҒА ЖАУАП БЕРДІ
Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беру мақсатында арнайы «Call орталық» жұмысын бастаған болатын. Орталық мамандары 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында қоңырау шалған 8 707 азаматқа жауап берсе, 9-19 сәуір аралығындағы 10 күнде тұрғындар қойған 13 253 сауалды тыңдап, нақты жауап берді. Өз кезегінде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІК ШАРУАЛАР ӨЗ ӨНІМІН ДЕЛДАЛСЫЗ САУДАЛАУДА
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен аптада жылыжай иелерімен кездесіп, өндірген өнімдерін сауда орындарына тікелей шығаруға келіскен болатын. Бүгіннен бастап кәсіпкерлерге «Қазыбек» базарынан арнайы орын беріліп, жылыжайдан жиналған көкөністер саудаға қойылды. Қала әкімінің бастамасымен «Шарипов», «Ильяв», «Таза өнім», «Зәуре» және «Колесников» шаруа қожалықтары қызанақтың келісін 350 теңгеден, ал қиярды 250 теңгеден сатып жатыр. Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында «Taza onim» ...
Читать далее »КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ҮШІН 15 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай, карантин енгізілген өңірлерде халықтың жекелеген санаттарының коммуналдық шығыны үшін тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 15 мың теңгеден аударылмақ. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, қалада коммуналдық шығыны үшін аталған қаржыны алатын 200 мыңға жуық абонент бар. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «BIRGEMIZ» ҚОРЫ ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК БЕРУДЕ
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың игі бастамасымен жүйелі жұмыс істеп келе жатқан «Birgemiz» қоғамдық қоры аса мұқтаж шымкенттіктерге нақты көмектер беруде. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты. – «Birgemiz» қоры Шымкент қаласында тұратын көмекке аса мұқтаж 21804 отбасыға 50 мың теңгеден қаржы аударды. Бұл бағыттағы жұмыстар мамыр айында жалғасын тауып, 19700 отбасыға қаржылай ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ТАҒЫ 4 НАУҚАС САУЫҒЫП ШЫҚТЫ
Коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастардың үшеуі бір отбасының мүшелері. Дертінен айығып шыққандар — 1972 жылғы және 1996 жылғы азаматшалар. Сондай-ақ бұл отбасынан қауіпті індетке шалдыққан екі айлық нәресте инфекциядан жазылып шықты. Дәрігерлер үздіксіз жасаған емнің нәтижесінде Түркістан облысынан 6-сәуір күні ауыр халде 1972 жылғы азамат қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған еді. Бір аптаға жуық жансақтау бөлімінде жатқан науқастың өмірі үшін ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – ДӘРІГЕР ГҮЛЖАНАТ
І санатты дәрігер Гүлжанат Маханбетәліқызы Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде меңгеруші қызметін атқарады. Дәрігер-педиатр ел аумағында «COVID 19» індетіне байланысты төтенше жағдай енгізілгелі өзге әріптестері сынды күшейтілген режимде тынымсыз еңбек етіп жүр. Бүгінде қаладағы ауруханалар дене қызуы бар және жедел респираторлық симптомдармен жеткізілген науқастарды арнайы жабдықталған фильтрлі кабинеттерде қабылдауда. – Біздің фильтрлі кабинетке күніне 40-50 науқас жүгінеді. Науқастардан ...
Читать далее »