Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы жол құрылысы жұмыстарымен танысты. — Қала аумағындағы жол мәселесі алдағы бірнеше жылда кезең-кезеңімен шешімін табады. Шымкенттің құрамына енген 41 елдімекеннің де инфрақұрылымы қайта қаралады. Миллионды қаладағы жол жөндеу жұмыстарына биыл қазынадан 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл — қомақты қаражат. Оны уақытында әрі мақсатты игеруіміз қажет, — деді қала әкімі. Мердігер компаниялар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР ЖАЙЛЫ

Індет жұқтырған 11 азамат 1956 ж., 2004 ж., 1978 ж., 1981 ж., 1977 ж., 1992 ж., 1967 ж., 1946 ж., 1969 ж., 1968 ж., 1979 ж. туылған Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланған. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЙЛЫ БАЯНДАДЫ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімімен телефон арқылы сөйлесті. Талқылаудың негізгі тақырыбы – коронавруспен күрес, қазіргі санитарлық-эпидемиологялық жағдай және аймақтардағы карантиндік шаралардың орындалуы жайы айтылды. Мемлекет басшысының азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнестің кезең-кезеңмен іске қосу, көктемгі дала жұмыстары мен жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру туралы тапсырмаларының орындалуы сөз болды. Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласының ...

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАРҒА 6 МЫҢ БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ҮЛЕСТІРІЛДІ

Қаратау ауданында төтенше жағдайға байланысты арнайы әскери мамандардың көмегімен халық көп шоғырланатын аумақтарға тұрақты түрде дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, әр төрт күнде бір рет барлық шағынаудандар мен тұрғын алаптарда залалсыздандыру жұмыстары жүруде. Көпқабатты тұрғын үйлердің дәліздері, жеделсатылары және тұрғын үйлердің аумақтары химиялық өңдеуден өтуде. «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын көмекке аса мұқтаж 6101 азаматтың есеп-шотына 50 ...

Читать далее »

«SHYMKENT CITY» ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІ МАУСЫМ АЙЫНДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Биыл тамыз айында «Shymkent City» қалашығында 1048 пәтерлі 16 кредиттік тұрғын үй мен 2 инженерлік инфрақұрылым нысаны пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қалашықта 4,3 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 13,8 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылысы аяқталмақ. Таяуда Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов жаңа қалашықтағы салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап көрген болатын. Шаһар басшысы өз сөзінде қажетті құрылыс материалдарын тасымалдаушы көліктерге ...

Читать далее »

ЕЛДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН АВТОМАТТЫ ГАЗ-РЕТТЕГІШ СТАНСАСЫ САЛЫНУДА

Көгілдір отынды қабылдап алып, қажеттіне қарай бөліп таратып отыратын орталық биылғы күзде пайдалануға берілмек. Ол сағатына 250 мың текше метр газ таратуға қауқарлы. Соңғы үлгідегі заманауи қондырғы миллионды қала тұрғындарын толықтай газандандыруға күші жетеді.Шымкент қаласындағы №3 автоматты газ-реттегіш стансасының құрылыс жұмысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов мердігерлермен жұмыс барысын пысықтап, сапаға мән беруді жүктеді. Шымкенттегі №3 автоматты газ-реттегіш стансасы жоспар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ БАЗАРЛАРҒА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ӨТКЕЛДЕР ОРНАТЫЛУДА

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шымкентте дезинфекциялық өткелдер орнатыла бастады. Мұндай қондырғы Қазыбек (Дулати көшесі бойындағы) азық-түлік базарының кіреберісіне орнатылды. Жақын күндері дезинфекциялық өткелдер «Акбар», «Жабық базар» секілді ірі сауда орындарына да қойылатын болады. Осы ретте қала әкімдігі барлық кәсіпкерлерді сатып алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз нысандарында осындай залалсыздандыру қондырғыларын орнатуға шақырады. Бұл тұрғындар арасында қауіпті індеттің таралуының ...

Читать далее »

КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАН БІР ОТБАСЫНАН 9 АДАМ САУЫҒЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бір отбасыдан 9 азамат сауығып, үйіне шығарылады. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді. Дертінен сауыққандар — 2 бала, олардың біреуі — 1 жасқа дейінгі бала, жетеуі — ересек. Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсетті, денсаулық жағдайлары жақсарған. Айта кетейік, ауруынан сауығып шыққан науқастар ...

Читать далее »

КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ЖЕТІСАЙЛЫҚ НАУҚАС ШЫМКЕНТКЕ АУЫР ХАЛДЕ ЖЕТКІЗІЛГЕН

Коронавирустан көз жұмған Жетісай қаласының тұрғыны 66 жаста болған. Шымкентте 15 сәуір күні COVID19-дан қайтыс болған ер адам Жетісай қаласының тұрғыны. 1954 жылғы науқас Жетісай қаласы, Мақтарал ауданы, Түркістан облысының тұрғыны, зейнеткер. Азамат Жетісай қаласындағы орталық аудандық ауруханада коронавирусты инфекциямен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған. 1 сәуірде ер азаматта коронавирус инфекциясы анықталды. 2020 жылғы 4 сәуір күні жағдайының нашарлауына байланысты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 1 МИЛЛИОН БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ

Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындарды қолдау мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылғаны белгілі. Осы игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетперделерді тегін тарату үшін 5 миллион бетперде сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын. Қаламызға күні ...

Читать далее »