Рухани жаңғыру

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дарын орталығының ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Оған Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Дарын орталығының директоры Раушан Джеренова, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов қатысты. Шараның мақсаты – дарынды балаларды анықтауға, ынталандыруға, қолдауға, теориялық және практикалық біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік ашу. Іс-шара барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Дарын орталығы» КММ-нің жұмысымен ...

Читать далее »

АБАЙ-175: ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ СЕМЕЙ ЖЕРІНЕ АТТАНДЫ

Қазақтың бас ақыны һакім Абайдың 175 жылдығына орай Шымкент қаласы және Түркістан облысынан мәдениет саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің өкілдері, журналистер мен блогерлер бар арнайы делегация ұлы Абай еліне аттанды. Делегацияны әуежайдан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сәт-сапар тілеп, шығарып салды. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған сапар 15-17 қыркүйек аралығын қамтиды. Шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы ...

Читать далее »

«ШАҢЫРАҚ» ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталыққа арнайы ғимарат бөлініп, ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Наурыз айынан бастап қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім» орталығының жанынан «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы секторы құрылып, қазіргі таңда халыққа өз қызметін жаңа үлгіде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «АБАЙ СӨЗІ» ОНЛАЙН-ОҚУЛАРЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн–оқулары өз мәресіне жетті. Оған жалпы 253 адам қатысты. Оның ішінде ТМД елдерінен — 45, өзге мемлекеттерден — 21, елімізден 187 қатысушы ақынның туындыларын жолдады. Достастық елдерінен Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан Республикаларынан, сонымен қатар, Қытай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЖАС АБАЙТАНУШЫНЫҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Шымкент қаласында жас абайтанушы Әзімхан Исабек Абайдың 38-ші қара сөзі деп аталып келген «КИТАБ ТАСДИҚ» атты кітабын жарыққа шығарды. Ол өзінің туындысын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап отыр. Әзімхан Исабек 1996 жылы шым шаһарда дүниеге келген. Жас ғалым, әрі зерттеуші. Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы және Ақжол Қалшабек секілді профессорлардың шәкірті. Бүгінде ол М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ашылған «Мұхтартану» ғылыми орталығында ғылыми ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтты қабылдады. Шаһар басшысы қаламгерді 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ұлт әдебиеті мен мәдениетін дамыту, қоғамдық саныны кемелдендіру, жас ұрпақтың бойына ізгілік пен отаншылдық сезімін сіңіру жолындағы еселі еңбегі үшін алғыс айтты. —Сіз туған өлкеңізден алшақтамай-ақ оңтүстік өңірде өзіндік әдеби орта қалыптастырдыңыз. Қоғамдық істерге белсене араласа ...

Читать далее »

БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТУДЕ

Шымкентте «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі басталды. Жылда жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын тамыз кеңесі биыл онлайн форматта өтуде. Онлайн жүйеде (facebook, instagram әлеуметтік желілерде) өтіп жатқан тамыз кеңесінде қала әкімі Мұрат Әйтенов білім саласы қызметкерлерін жаңа оқу жылымен құтықтап, сөз сөйлейді. Іс-шарада білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, сондай-ақ, «Педагог кадрларын даярлау ...

Читать далее »

«САҚ» КИНОСТУДИЯСЫ ЖАҢА АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ ТҮСІРДІ

Шымкентте «Көне құмыраның сыры» атты анимациялық фильмнің үшінші бөлімі жарық көрді. Қала әкімдігінің тапсырысымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан «Сақ» киностудиясының туындысы Шымкентті қызғалдақтар мекені ретінде таныстырады. Танымдық мәні зор, тағылым алар туындының режиссері елімізге танымал аниматор Батырхан Дәуренбеков, сценариін Бақытжан Құлжабай жазып шыққан. «Қазақстан –қызғалдақтар отаны. Өскелең ұрпаққа сол жайлы көбірек айтуымыз керек. Елімізде қызғалдақтың көптеген түрі өседі. ...

Читать далее »

ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚТА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақты абаттандыру, күтіп-ұстау және гендік қорын көбейту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде саябақтың басты қақпа алдындағы алаңның плиткаларын жаңарту, суғару жүйесінің құбырларын жөндеу жұмыстары қолға алынды. Тозығы жеткен 800 метр құбырларды кесу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, саябақтың гендік қорын көбейту мақсатында 81 түрлі жаңа ағаш көшеттері отырғызылды. Жаңа 42 ағаш түрінен 200 дана көшет, 39 түрінен 5341 дана ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «HR-PROCESS» — ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНДІРІЛДІ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке педагог кадрларды іріктеудің «HR-Process» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі таныстырылды. Бүгінде www.hr-process.kz сайтында педагогтар мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша 137 білім беру ұйымы тіркелген. Қазір 78 бос жұмыс орны бар. «HR-Process» жүйесі педогогикалық бос орынға өтініш беру және өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу ...

Читать далее »