Шымкенттік кәсіпкерлер тасқыннан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал ауданында болып, тұрғындармен жүздесті. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сапар мерекемен тұспа-тұс келгендіктен қалалық Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Қайрат Молдасеитов пен Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабиштаев бастаған делегация Өргебас ауылының ақсақалдарын Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Кәсіпкерлер тұрғындарға қаржылай және гуманитарлық көмек көрсетті. «Отау Групп» ЖШС ...
Читать далее »Рухани жаңғыру
ЕР ЕСІМІ- ЕЛ ЕСІНДЕ!
Ұлы жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекемелер әртістері мен әншілері онлайн телевизиялық түсірілім жасап, ұлы мерекемен құттықтады. Елімізде орын алған қиындықтан мойымай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған қазақ еліне үйде отырып онлайн концерт көруіне, соғыста ерлікпен қаза болған ата апаларының рухына тағзым етіп, қазіргі уақытта қасымызда қазына болған ардагер ...
Читать далее »СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев пен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов Ұлы Жеңіс мейрамының қарсаңында 104 жастағы соғыс ардагері Нигмат Гареевті құттықтап, құрмет көрсетті. Нигмат Насибуллинұлы — қаладағы соғыс ардагерлерінің арасындағы жасы ең үлкені. Ол 1916 жылы туған. Соғыс ардагері елдің амандығын тілеп, болашақ ұрпаққа ақ батасын берді. Сондай-ақ осынау қиын-қыстау кезеңде халықтың бірлігі мен ырысты ынтымағы жеңетіндігін айтып ...
Читать далее »ӨНЕРПАЗДАР АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК ТОСЫНСЫЙ ЖАСАДЫ
Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының ұйымдастыруымен шаһардағы соғыс және тыл ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шымкенттік өнерпаздар 10 арнайы безендірілген автокөлікпен қаладағы 40-тан астам аулаға барып, әскери әндер шырқап, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері карантин талаптарын сақтай отырып, 2-3 әншіден әр аулада 15-20 ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІКТЕР МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА КИІМ-КЕШЕК ПЕН ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ЖІБЕРДІ
Мақтааралдықтардың бүгінгі жай күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бей-жәй қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне қажетті киім-кешек пен гигиеналық заттар жіберді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер тарапынан 4000 адамға аяқ-қиім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек, шалбарлар жөнелтілді. «Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан Мақтаарал ауданына қиын сәтте қол үшін созып, төтенше жағдай зардаптарын жоюға бүкіл халық ...
Читать далее »ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС!
Естемесов Қаражан- ҰОС ардагері ЕСТЕМЕСОВ Қаражан 1921 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы 14 маусым күні армияға алынды. Алғашқы кезде 61-полкта жаяу әскер қатарында болды. Соғыс кезінде Киев, Житомир, Полтава, Белоцерковь тағы басқа қалалардағы шайқастарға қатысты. Соғыс аяқталып, елге оралған соң мақта алабына жұмысқа шықты. Өзі де таң атқаннан қас қарайғанға дейін тынбай еңбек ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰОС АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАП БАРДЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шымкент қаласындағы 40 майдангерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығы арнайы медалі мен құттықтау хаты табысталды. Мереке қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагері Сәрсен Әбдінұровтың үйіне барып, арнайы медалін тапсырып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Майдангер атамыз 1922 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген. Соғыс жылдарында ол 368-шы, кейін 823-ші атқыштар полкінде қызмет етті. Кейіннен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: АРДАГЕРЛЕРДІҢ АЛҒЫСЫ ШЕКСІЗ
Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесінің қарсаңында Мемлекет басшысының «Ардагерлер туралы» арнайы заңға қол қоюы – еліміздегі барлық ардагерлер үшін зор қуаныш! Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің ҚР Парламенті мен Үкіметіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленді. Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер топтастырылған. Бұл заңның әзірленуі кезеңінен бастап, талқылануы мен қабылдануына дейін Чернобыль ардагерлері одағының атынан арнайы ...
Читать далее »БАТЫРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ
Елімізде «Ардагерлер» туралы Заңның қабылдағанын естідім. Балаларым мен немерелерім Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысқан азаматтарға да көптеген жеңілдіктердің жасалып жатқанын жеткізіп, қуантып қойды. Менің жасым 98-ге таяды. Ұлы Отан соғысына 19 жасымда аттандым. Бүгінде ардагерлер қатары сиреп барады. Бізден кейінде соғыстың зардабын тартқан ұрпақтар аз емес. Ауған жерінде болған соғыста қаншама боздақтардан айрылдық. ...
Читать далее »КӨШЕЛЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
2020 жылы қаланың Қайнарбұлақ, Самал-3 шағын аудандарындағы 20-ға жуық көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде жұмысы ерте басталған кей жолдарға асфальт төселіп, халықтың игілігіне беруге дайын. Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шахардың шеткі шағынаудандардағы жол құрылысы жұмыстарының барысын бақылап қайтты. Нақтырақ айтқанда, биыл Қайнарбұлақ шағынауданындағы Төлебай Құрсабек, Садовая секілді алты көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта қазынадан 997 милион ...
Читать далее »