Рухани жаңғыру

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Шымкенттік еріктілер коронавируспен күресте өз үлестерін қосып, белсенділік танытуда. Бұл ретте еріктілер қала тұрғындарына 25 мыңға жуық бетперде мен балаларға арналған 1 000 аскорбинді қышқыл дәрумендері мен антисептик таратты. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында бұған дейін әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті 500 себет азық-түлік өнімдері мен 300 отбасыға киім-кешек үлестірілген. Бірқатар қайырымдылық қорлары ...

Читать далее »

БІРЛІГІ БЕКЕМ, ЕЛІН СҮЙЕТІН ОТАНШЫЛ ХАЛЫҚ ЕКЕНІМІЗДІ КӨРСЕТТІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бүгін жасаған мәлімдемесінде карантин мерзімі 11 мамырға дейін созылатыны белгілі болды. Президентіміз қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдады. Кейбір аймақтарда індет шарықтау шегінен өткен сияқты. Бірақ бірқатар өңірде вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отыр. «Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл сөздің артында үлкен қамқорлық жатыр. Елімізде ...

Читать далее »

ӘЛ-ФАРАБИ. «ӘЛ-МУCИҚA» ҰҒЫМЫ ЖAЙЛЫ НE БIЛECIЗ?

Әyeлi мyзыкa өнepi дeп нeнi мeңзeйтiнiн қыcқaшa aйтa кeтy кepeк. «Мyзыкa» (әл-мycиқa) cөзi әyeндi бiлдipeдi. «Әyeн» (әл-ләxн) бeлгiлi тәpтiппeн құpылғaн түpлi дыбыcтapдың жиынтығын жәнe әдeттeгi cияқты мaғынaны бiлдipy үшiн бeлгiлi әдicпeн құpылғaн, cөз тipкecтepi пaйдa бoлғaн «әл-xypyф» фoнeмaлapының жиынтығын бiлдipeдi. Бipiншi мaзмұн eкiншiгe қapaғaндa кeң нeмece oның бacтaпқы нeгiзiмeн тeң, яғни oл дeгeнiмiз – қaйдaн бoлca дa, нe нәpceдeн бoлca ...

Читать далее »

ҚҰНАНБАЙДЫҢ МӨРІ

Бірер жыл бұрын Семейдегі Абай музейінде Құнанбай мөрінің бедерлемесі көпшілікке таныстырылған еді. Музей қызметкерлері оны Омбы мұрағаттарынан тапқанын айтты. Құнанбайдың қоғамдағы қызметі мен билікте жүрген кезеңдерін зерттеп, қолда бар деректерге көз жүгіртсек, бұл мөрдің құндылығы жоғары екенін аңғарамыз. Себебі, сол заманда жазылған құжаттарды зерделеу арқылы аға сұлтанның айтар ойын, мінез-машығын, болмыс-бітімін, ел билеу әдісін жан-жақты тануға болады. Ендеше, Құнанбай мөрінің ...

Читать далее »

АБАЙДЫҢ ОН ҮШІНШІ ҚАРА СӨЗІ

Иман деген — алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі — не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел — испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында шаһардағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифингке қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу туралы жан-жақты мәлімет берді. – Қаламыздағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоба «QazSmartTrans» ЖШС жеке инвесторлар ...

Читать далее »

БІЛІМ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БҰЛАҒЫ

Дана халқымыз қашан да «Бір жылдығын ойлаған егін егеді, он жылдығын ойлаған ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған – ұрпағына білім нәрін егеді» — деп тәмсілдеген болса, «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» — деген секілді талай ұлағатты ой қорытқан. Расында да елдің ертеңгі іргесі білімді жастардың қолында десек, сол жастар бүгінгі таңда сапалы білім алып, білікті мамандар қатарын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ҒАЛЫМДАР АНТИСЕПТИКАЛЫҚ СПРЕЙ ШЫҒАРДЫ

Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары антисептикалық сұйықтық дайындап шығарды. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады. Жоғары оқу орны жанындағы «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» аймақтық сынақ зертханасындағы ғалымдардың айтуынша хош иісті антисептик бактериялар мен микробтарға және вирустарға қарсы жақсы әсер етеді. – Бұл мемлекеттік стандартқа сай жасалынған. Бірақ біздің оқу орны ғалымдарының ізденістерімен қосымша қоспалар ...

Читать далее »

ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТІҢ ТУҒАНЫНА 102 ЖЫЛ

Бүгін Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 102 жыл толды. Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, партизан, аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. Қасым Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП ТАПШЫЛЫҒЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қашықтан оқыту, ҰБТ-ға дайындық туралы ақпарат берді. — Қаламызда үш ауысымды мектептер үшін 2020 жылдың қыркүйек айында 7 жаңа білім ордасы берілгелі отыр. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде мектептерге деген тапшылық барысында 6 мың қосымша орын беріледі. Бұл, қаламызда ...

Читать далее »