Мәдени Астана

ШЫМКЕНТТЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН 11 КӨШЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкентте орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген төрт аудандағы 11 ішкі орам көше ел игілігіне берілді. Яғни, ұзындығы 11,15 шақырым жол жөндеуден өтті. Атап айтқанда, Абай ауданындағы Таңқурай, Агропром, Тарактас, Болашак, Ермекбаев пен Сейтов көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді. Ал, Еңбекші ауданында Бойт ата, Абрикосовая, Қараменде батыр көшесі жөнделсе, Әл-Фараби ауданында Саттарханов көшесі, Қаратау ауданында Байжігітов көшелерінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Шымкент қалалықұған ...

Читать далее »

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 65 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Бүгінде Шымкент қаласы Нұрсәт шағын ауданында тозығы жеткен 57 аула абаттандырылып, заманауи үлгідегі балалар алаңшалары мен жаттығу тренажерлары орнатылып жатыр. Бұл жұмыстарды «БАЙ-БОЛАШАҚ» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізуде. Сонымен қатар ауданда жергілікті бюджет есебінен тағы 8 аула абаттандырылып отыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін шағын аудандағы құрылысы жүріп жатқан абаттандыру жұмыстарын тексеріп, жергілікті халықпен кездесті. Тұрғындар аулаларының абаттандырылып, балалар алаңшаларының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 305 АУЛАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Биыл Шымкент қаласында 305 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ойын және спорт алаңшалары жаңартылады. Оған республикалық және жергілікті қазынадан 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бүгінде 232 аулада абаттандыру жұмыстары басталған. Аталған құрылыстың сапасын тексеріп, қаржының тиімді игерілуін бақылау мақсатында Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби ауданындағы атқарылып жатқан абаттандыру және жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Қала әкімі Республика даңғылының бойында орналасқан 43 ...

Читать далее »

ТОЙХАНАЛАР ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУЫ МҮМКІН

Шымкент қаласындағы мейрамхана иелері эпидемиологиялық жағдай нашарлап, мұқтаждық туса өздерінің меншігіндегі ғимараттарды провизорлы, стационарлы орталықтарға айналдыруға дайын. Бұл ұсыныстарын олар қала әкімі Мұрат Әйтеновке жеткізді. Шаһардағы бірнеше ғимаратты аралап шыққан Мұрат Дүйсенбекұлы, әзірге қосымша провизорлық орталықтарды ашудың қажеттілігі жоқ екенін жеткізді. Өйткені, бүгінде ауруханалар мен стационарларда медициналық көмекке мұқтаж барлық науқастарды жатқызу үшін жеткілікті орындар бар. Алайда, індеттің таралуы өсіп, ...

Читать далее »

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Шымкент қаласында 1 шілде күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары баспана мəселесін көтерген болатын. Қала әкімі М.Əйтенов тұрғындардың бұл шағымына назар аударып, аталған жайт екі күн ішінде шешілетінін жеткізген. Қала əкімінің бұл уəдесі орындалып, салымшылар қуанышқа кенелді. Еске сала кетейік, Шымкент қаласында бүгінгі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасымен 54 отбасы баспаналы болды. Оларға бұл бағдарламаның «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Абай ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасы бар. Осы алаңшаларға 485 контейнер қойылған. Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы мамандарының хабарлауынша, ағымдағы жылы тозығы жеткен қоқыс контейнерлерін ауыстыру мақсатында қалалық бюджеттен қаржы бөлініп 19 млн 500 мың теңгеге 150 дана контейнер сатып алынды, мердігер мекеме — «Статус КБО бюлдинг» ЖШС. Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев жаңадан ...

Читать далее »

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ ТАМЫЗ АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында қазіргі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жол жөндеу жұмысы қарқынды жүруде. Сондай-ақ, құрылысшылар нысанды мерзімінен бұрын тапсыруды жоспарлап отыр. Қаладағы автомобиль жолдарының құрылысымен танысқан БАҚ өкілдері бірнеше нысандағы жөндеу жұмысының барысын көрді. Әуелі «Ақжайық» шағынаудынындағы Сырым батыр көшесінде болып, бүгінге дейін атқарылған тірліктің куәсі болды. Аталған көшеде орташа дәрежедегі жөндеу жұмысы жүруде. Жөндеу жұмысының жалпы ұзындығы — 4,8 шақырым. Қазіргі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ДЫБЫС КҮШЕЙТКІШ ҚҰРАЛЫ АРҚЫЛЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетіне байланысты Шымкент қаласында сақтық шаралары барынша күшейтілуде. Қауіпті індеттің алдын алу бағытында халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте, Шымкент қаласының әкімдігі құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, адам қарасы көп жерлерде дыбыс күшейткіш құралдың көмегімен COVID-19 ауруынан сақтану бойынша ақпараттар беруде. Осыған байланысты, «Шымкент Сити» шағынауданындағы 9 қабатты 16 тұрғын үйдің ауласында қауіпті індеттің алдын алу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ІНЖУ-МАРЖАНЫМ — НҰР-СҰЛТАН» АТТЫ БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Шымкент қаласында 6-шілде елорда күніне орай онлайн режимде конференция өтті. «Інжу-маржаным-Нұр-Сұлтан» атты бейнеконференцияда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры С.Бейсенбаев және ОҚМПУ-ның «Рухани жаңғыру орталығының» басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев өзінің тұшымды ойымен бөлісіп, бас қаланың архитектуралық ерекшеліктерін атап өтті. Сонымен қатар, жастар өкілдері атынан сөз алған «ШАҢЫРАҚ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 9 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елорда күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында 9 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысты. Онлайн-жиында Мұрат Дүйсенбекұлы жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындармен тікелей эфирде байланысқа шығып, еңбек ұжымдарымен пікір алмасты. Шаһар басшысы өз сөзінде елімізде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке жоғары қолдау жасалып отырғанына тоқталып, нәтижесінде үшінші мегаполисте жаңа жұмыс орындарының ашылып жатқанын атап өтті. — ...

Читать далее »