Мәдени Астана

«ЖАЗЫҚСЫЗ ҚҰРБАН БОЛҒАН ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ»

Шымкентте «31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде «Жазықсыз құрбан болған қайран жұртым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен бейнебайланыс арқылы өткен іс-шараға Шымкент қаласы мәдениет басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Ә. Сейдехан және Ә. Сандыбаевтың ұрпақтары, тарихшылар мен ғылыми қызметкерлер қатысты. Жиында сөз алған ...

Читать далее »

ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛЬМІНІҢ ТҮСІРІЛІМІ ЖАЛҒАСУДА

Биыл ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл. Осыған орай Түркістанда «Екінші ұстаз» туралы тарихи 10 сериялы телехикаясы түсіріліп жатыр. Бұл — Қазақстан ұлттық телеарнасымен біріккен жоба. Фильмді «САҚ» киностудиясы Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша түсіріп жатыр. Тарихи оқиғалар мен киелі орындарды қамтитын аталмыш фильм күз айларында көрермен назарына ұсынылады дейді фильм түсірушілер. Бұған дейін түрлі фильм түсіріп, елге ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жиын өтті. Онда «Astana LRT» компаниясы қала басшысына Шымкенттегі қоғамдық көлік кешенін модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады. Атап айтқанда, автобустарды мобильді қосымша арқылы бақылауға болады, жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік ...

Читать далее »

“ИБРАГИМ АТА” КЕСЕНЕСІ

Ибраһим ата кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Ақсу ауылы жолында Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан. Алғашында кесене XVI – XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды. 50-жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлағаннан кейін басқа қалыпта қайта жасалды. Ибраһим ата – атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсем, әрі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ 100 ПАЙЫЗ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Шым қаланы 100 пайыз жылдамдығы жоғары интернет желісімен қамтамасыз етілуі қажет. Мұндай тапсырманы қала әкімі Мұрат Әйтенов интернетпен қамту мәселелері бойынша онлайн режимде өткен аппараттық жиында берді. Қаладағы шағын аудандарды жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз ету жайын баяндаған цифрландыру басқармасы басшысының м.а.Р.Ақжігітов қала аумағындағы 105 шағынаудан мен тұрғын алаптары интернет желісімен қамтамасыз етілгенін, оның ішінде мобильді интернетке — 74, сымды интернетке ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚТА 6,5 ШАҚЫРЫМ ВЕЛОЖОЛ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласындағы жақында ғана Асанбай Асқаров есімі берілген дендрологиялық саябақта 6,5 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 метр болатын жүгіру жолақтарының құрылысы басталды. Демалыс орнының аумағын аралап шыққан қала әкімі М.Әйтеновке дендросаябақта жүргізілетін абаттандыру, веложол мен жүгіру жолақтарын орнату және жарықтандыру жобаларын таныстырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайта жөндеу жұмыстары бойынша баяндаған мекеме басшысы саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЙТА АШЫЛҒАН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдайдан кейінгі кәсіпорындардың жұмысымен танысу мақсатында Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасын аралап көрді. Жобалық құны 11 миллиард теңге инвестиция жұмсалған кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 миллион шаршы метр кілемді құрайды. 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін зауыт полипропиленді жіптерді де шығарады. Бүгінде Қазақстан кілемдері Германия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. ...

Читать далее »

ЗООБАҚТЫҢ 63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкентте зоологиялық бақта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев Инстаграм парақшасында айтып өтті. – Шымкент зообағы келушілер үшін әзірге жабық. Бірақ бұл – зоологиялық бақ жұмыс істемейді деген сөз емес. Онда жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілуде. Зообақ басшылығы, мердігер мекеме және жобалаушы өкілдерімен өткен көшпелі отырыста жұмыстардың барысын талқыладық. Зоологиялық парктің 63 павильоны қайта жаңартылып ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТТІ

Шымкентте соңғы қоңырау салтанаты онлайн форматта өтті. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бейнеконференция арқылы түлектер мен олардың ата-аналарын, ұстаздар қауымын оқу жылының аяқталуымен құттықтады. «ZOOM» платформасы арқылы байланысқа шыққан түлектерге Жанат Арысбекқызы мектеп кезіндегі өткен қызықты оқиғаларын айтып, жүрек тебіренісіне толы естеліктерімен бөлісті. Ардагер ұстаздар қауымы да онлайн жиынға арнайы қатысып, түлектерге сәттілік тіледі. Ал оқушылар алдын ала дайындалған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛАҒА 1500-ГЕ ЖУЫҚ ҚОҚЫС ЖӘШІГІ АЛЫНАДЫ

Шымкентте жеке тұрғын үйлер аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылатын болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыру мақсатында осы жылы 1474 контейнер сатып алынбақ. Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен жиында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а Нұрлан Жаманкөз мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Оның айтуынша, қала аумағында қоқыс ...

Читать далее »