Руханият

АНГЛИЯДА «ШЫМКЕНТ-2200 ЖЫЛ ГҮЛДЕНГЕН ҚАЛА» АТТЫ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Англияның Стивенидж қаласында «Шымкент — 2200 жыл гүлденген қала» атты кітап жарыққа шықты. Бұл кітапты Стивенидж қаласының мэриясы «Hertfordshire Press» британдық баспа үйімен бірлесіп екі қаланың бауырлас қала болып танылуына 30 жыл толуына орай және Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуы мен ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына тарту ретінде шығарды. Бүгін Шымкент қаласының тарихы мен мәдениеті және туристік көрікті ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Бүгін Шымкентте белгілі жазушы, драматург, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың шығармашылық кеші өтті. Әдеби кешке өңірдің бірқатар зиялылары, автордың тұрақты оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты. Рухани-танымдық маңызы зор іс-шараны айтыскер ақын Біржан Байтуов жүргізді. Ең алғаш сөз алған жас мархабаттанушы, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің 2 курс студенті Жамал Анарбай автордың шығармашылығына терең бойлап, биыл ғана жарық көрген «Түркілер ...

Читать далее »

100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ-ЖЕМІСТІ ЖОБА (БЕЙНЕ)

«100 жаңа оқулық» жобасының соңғы аударылған 23 оқулығы басылып, университеттерге таратылды. Оқулықтар батыс философия, шығыс философиясы, саясаттану, әлеуметтік зерттеу, білім беру, этнография, демография, мемлекеттік саясат, менеджмент, тарих салаларын қамтыған. 2017 жылдан күні бүгінге дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында басылып шыққан кітаптың барлығын Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагоггикалық университетіннің «100 жаңа ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «КІТАП ФЕСТ» ФЕСТИВАЛІ ОҚЫРМАНДАР АРАСЫНДА ҚЫЗУ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында республикалық «КІТАП ФЕСТ» фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған аталмыш шара 30 қараша күні бастау алған болатын. Салтанатты шараға кітапхана оқырмандары, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері және қала тұрғындары қатысты. Жиында алғаш болып сөз алған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аталған кітап фестивалінің мән-маңызына тоқталып, ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдірді. ...

Читать далее »

«КІТАП ФЕСТ»: АҚЫН АБАЙ ҚАЛШАБЕК ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкентте өтіп жатқан «Кітап фест» республикалық фестивалі аясында белгілі ақын, ғалым, аудармашы Абай Қалшабек оқырмандармен кездесті. Кездесу барысында шараға қатысушылар қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасы, бүгінгі қазақ әдебиетіне келген жас ақын-жазушылардың шығармашылығы туралы пікір алмасты. – Қазіргі ақындар өлеңге үлкен баға береді. Ал, Абай Құнанбайұлы: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» — деген. Ғалымдар тұлға тануды үш кезеңнен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкентте жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Шым сити» шағынауданында орналасқан №135 жалпы орта білім беретін мектеп 1200 орынға арналған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан салынған білім нысанымен танысып, ғимаратты аралап көрді. Қала әкімі мектептің лингафонды кабинеті, бастауыш сынып, ер балаларға арналған технология кабинетімен танысты. Сонымен қатар, шаһар басшысы жас шахматшылар ойынын тамашалады. Сондай-ақ, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КІТАП ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Шымкентте 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі республикалық «Кітап FEST» фестивалін ұйымдастырды. Көрме орталығындағы өткен іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева, зиялы қауім өкілдері қатысты. Бұдан бөлек, іс-шарада Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларынан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ СҮГІР ӘЛІҰЛЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Бүгін үшінші мегаполисте шертпе күйдің шебері Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды. Халқымыздың қуанышы мен шаттығын, мұң мен зарын, қайғы-қасіретін қос ішекті домбыра үнімен ғасырлардан бізге жеткізген, киелі аспап домбыраны жан-тәнімен ұғып, өміріне арқау еткен даланың дарабоз күйшілерінің бірі — Сүгір Әліұлына арналған жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. – Сүгір бабамызға қаламыздың әдемі ...

Читать далее »

Қ.ТОҚАЕВ: «ШЫМКЕНТТІҢ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ РЕТІНДЕ ТАНЫЛУЫ — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ҮШІН ЗОР ЖЕТІСТІК»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне қатысушыларды құттықтауы «Ардақты ағайын! Құрметті шымкенттіктер! Биыл шырайлы Шымкент шаһары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің мәдени астанасы ретінде баршаға танылды. Бұл – қала тұрғындары және бүкіл Қазақстан халқы үшін зор жетістік. Осы игі бастама төл мәдениетіміз бен өнерімізді танытып, қазақтың салт-дәстүрін насихаттауға мол мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТКЕ 2200 ЖЫЛ» АТТЫ УАҚЫТ КЕРУЕНІ ІС-ШАРАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін А. Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент 2020 — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне орай «Шымкентке 2200 жыл» атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды. Салтанатты іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан игі бастамаға сәттілік тіледі. Бұл тойдың жөні бөлек. Жиынға келген барлық қатысушылар арман-тілектерін қағазға жазып, оны керуен қоржынына салды. Уақыт керуені қала ...

Читать далее »