Билік

МҮГЕДЕКТЕР БҰРЫН БЕЛГІЛЕНГЕН ТОП БОЙЫНША ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта куәландыру мерзімі 2020 жылғы 15 ақпаннан кейін келген барлық азаматтарға мүгедектік мерзімін төтенше жағдай кезеңіне автоматты түрде ұзартты. Бұл ретте жәрдемақыларды төлеу төтенше жағдай режимінің барлық кезеңі ішінде бұрын белгіленген мүгедектік тобы және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша жүзеге асырылатын болады. Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіштің және ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 1414 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА 90 МЫҢНАН АСТАМ ҚОҢЫРАУЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының 144 тәжірибелі және дайындықтан өткен маманы тұрғындарға кеңес беруде. Бір апта ішінде 1414 біріңғай байланыс орталығы шымкенттіктердің 90 мыңнан астам қоңырауын қабылдаған. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын 25 наурыздан бері уақытша тоқтатқан болатын. Бұл өз кезегінде бірыңғай байланыс орталығы операторларының жұмыс жүктемесін арттырды. Азаматтарға арналған үкімет 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейту үшін ХҚО ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 107 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында 2020 жылы барлық қаржы көздері есебінен 13 636 пәтерлі 252 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың жалпы ауданы 1 миллион шаршы метрді құрайды. Оның ішінде, 78 тұрғын үй бюджет, 48 үй «Shymkent» ӘКК» АҚ және 126 үй жеке салушылар есебінен жүргізіліп жатыр. Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, төтенше жағдай кезінде Шымкенттегі құрылыс жұмыстары тоқтамайды. Мәселен, мемлекеттік инвестициялар есебінен биыл қалада ...

Читать далее »

146 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 321 344 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 162 740 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 155 383-ның өтініштері тағайындалуға жатпайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Аталған әлеуметтік төлем тағайындалған 162 740 адамның ішінде 151 442-ы өтініштер бойынша, 11 298-ы проактивті түрде тағайындалып (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған ...

Читать далее »

#BIZBIRGEMIZ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Елбасы, «Nur Оtan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуіне орай елімізде бастау алған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Шымкентте жәрдемге аса мұқтаж 1900-ден астам отбасыға санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылды. Игі іске «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері мен еріктілер атсалысты. Акция аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймақтың директоры Рысбек ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Албаев Рустам Қуанышбекұлы тағайындалды.  Бүгін жаңа басқарма басшысының м.а. таныстырған қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр біліктілігі жоғары және медицина ғылымдарының  кандидаты Рустам Қуанышбекұлының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, денсаулық сақтау саласының дамуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Рустам Қуанышбекұлы 1978 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауданында туған. Нұр-Сұлтан қаласындағы ...

Читать далее »

ЕЛБАСЫ ӘРДАЙЫМ ЕЛМЕН БІРГЕ

«Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған өз мақаласында партия мүшелері сауапты істердің алдыңғы қатарынан табылуы тиіс деп атап өтті. Елбасымыз өз мақаласында мемлекет осындай қиын сәтте қолдан келгеннің бәрін жасайтынын және тиісті шараның барлығын атқаратынын айтты. «Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы ...

Читать далее »

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШ БЕРУ СЕРВИСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстанда Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды. «Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Президент Әкімшілігі жанындағы құрамына IT-сарапшылары мен IТ-компаниялары кіретін IT-штабымен бірлесіп, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін төлемдерге ...

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН ІШІНДЕ ҚАТЫНАЙТЫН ЖОЛАУШЫ ПОЙЫЗДАРЫ ТОЛЫҚ ТОҚТАДЫ

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, 2020 жылдың 31 наурызынан бастап Қазақстан аймақтары арасында жолаушылар қатынасы толық тоқтатылды Барлық жолаушылар пойыздарының (соның ішінде жекеменшік тасымалдаушылар және басқа да теміржол әкімшіліктерінің) қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі кезде пойыздар орналасқан орындарына қайтып жатыр. Соңғы пойыз бағыты 4 сәуірде тоқтайды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ төтенше жағдай кезінде сапарға шыға алмаған барлық жолаушылар билет сатып алуға жұмсаған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ ІРІ ҚОЙМАЛАРДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Тауарларды тасымалдауда қиындық жоқ. Бүгін қаладағы ірі қоймаларды аралап шыққан қала әкімі М. Әйтенов осылай деді. Бағаны тұрақтандыру үшін 2020 жылы қордан 1,9 миллиард теңге қарастырылған. Мұрат Дүйсенбекұлы қажет болған жағдайда тағы 800 миллион теңге бөлуге болатынын жеткізді. Тұрақтандыру қорының көлемі 2,2 миллиард теңгені құрайды. Қала әкімінің бастамасымен Шымкентте азық-түлік бағасын бақылайтын жедел жұмысшы тобы құрылды. Әлеуметтік маңызы бар 11 ...

Читать далее »