Билік

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков тағайындалды. Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша география-биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес маманы. Еңбек жолын 1994 жылы «Қазақстан» жастар орталығының менеджері болып бастаған А.Мамытбеков 1994-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласының бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім бастығы қызметттерін атқарған. Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ 2019 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Бүгін қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің 2019 жылы атқарған жұмыс нәтижелері бойынша баспасөз брифингі өтті. Брифинг барысында спикер, қалалық экология департаментінің басшысы Оразғали Егембердиев департаменттің негізгі қызметі мен экологиялық бақылау саласында атқарылған жұмыстарды кеңінен түсіндірді. Есепті жылы, жалпы 68 тексеру жүргізілді, оның ішінде 48 ...

Читать далее »

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВТІҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

«Біз алдымызға тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және экономика мен бизнеске қолайлы жағдай жасау арқылы Түркістан облысын дамыту бойынша міндет қойып отырмыз», деген Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуін бастады. Қорытынды жиынға 700-ге жуық облыс тұрғындары келді. Кездесу барысында өткен жылғы жетістіктер мен 2020 жылы алға қойылған айқын жоспарлары баяндалуда. «Түркістан облысы қайта құрылғалы бері аймақтың ...

Читать далее »

Үкімет басшысы Шымкентке іс-сапармен келді

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Шымкентті дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инфрақұрылымдық құрылыс, электрмен және газбен жабдықтау, сондай-ақ қаланың 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алуы аясында іс-шараларды өткізуге дайындығы туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, индустрия және ...

Читать далее »

Ербол Садыр қала әкімінің бірінші орынбасары

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Садыр Ербол Әбілхайырұлы қала әкімінің орынбасары қызметінен босатыла отырып, қала әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Ербол Әбілхайырұлы 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған. 1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында 4 көпқабатты тұрғын үйге газ беріліп, 64 отбасы қуанышқа кенелді. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев тұрғындармен кездесіп, халықты қуанышты жаңалықпен құттықтады. Облыс әкімінің орынбасары көптен бері өзекті мәселеге айналған газдандыру жұмыстары оң шешімін тауып келе жатқанын айтты. «Бұл көпқабатты үйлерге газ құбыры 5 жыл бұрын тартылып қойған. Белгілі себептермен аяқталмай қалған мәселе өз шешімін тауып отыр. Облыс басшысы ...

Читать далее »