Негізгі

ШЫМКЕНТ: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ БОСАНҒАН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тәуелсіздік күні қалалық перинаталдық орталықта босанған аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мереке күні өмірге ұрпақ әкелген аналарды арнайы құттықтап барды. Бүгін аталған перзентханада 4 ұл, 4 қыз бала өмірге келген. Мереке күні босанған аналардың әрбіріне гүл сыйлап, нәрестелерге қажетті бұйымдар мен ойыншықтарды тарту етті. – Өмірге келген ...

Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ 1200 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қаласында тағы бір білім ордасы пайдалануға берілді. Асар-2 шағынауданында 1200 орынға арналған жаңа мектеп онлайн форматта ашылды. Жер телімінің жалпы ауданы – 2,88 га. Жобаның сметалық құны – 2 008 314,0 мың теңге. Бас мердігер «МК технострой сервис» ЖШС құрылысты өткен жылы шілде айында бастаған еді. Құрылыс компаниясы нысанды жоспарға сай аяқтады. Жалпы Шымкент қаласының білім ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БЕС МЫҢДАЙ АЗАМАТ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

Шымкент қаласында биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4818 азаматтың әрқайсысы 200 айлық есептік көрсеткішті құрайтын қаржылай қолдауға ие болды. Мемлекеттік грант негізінде қайтарымсыз қаражат алған қала тұрғындары өз істерін бастап отыр. Олар көбінесе тігін, кондитерлік өнімдер әзірлеу мен мал шаруашылығына таңдау білдірген. Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының мәліметінше бұл бағыт бойынша жұмыстар биылғы жылдың 11 айы ішінде 98 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 10 ҮЗДІК ЖАСҚА «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында10 оқушыға «Елбасы медалін» табыстады. «Елбасы Медалі» байқауы қоғамның түрлі саласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған. Марапаттау жас ерекшелігіне қарай үш деңгейде: қола 14, күміс 15, ал, алтын 16 жастан бастап белгіленген. Жеңімпаздар «Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра» және «Еңбек тәжірибесі» ...

Читать далее »

АНГЛИЯДА «ШЫМКЕНТ-2200 ЖЫЛ ГҮЛДЕНГЕН ҚАЛА» АТТЫ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Англияның Стивенидж қаласында «Шымкент — 2200 жыл гүлденген қала» атты кітап жарыққа шықты. Бұл кітапты Стивенидж қаласының мэриясы «Hertfordshire Press» британдық баспа үйімен бірлесіп екі қаланың бауырлас қала болып танылуына 30 жыл толуына орай және Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуы мен ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына тарту ретінде шығарды. Бүгін Шымкент қаласының тарихы мен мәдениеті және туристік көрікті ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен «Шымкент қаласының даму бағдарламасы» Басқарушы кеңесінің қорытынды жиыны өтті. Жиынның күн тәртібінде – Жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын мемлекеттік басқару жүйесіне біріктіру, «Qazaqstan Project Management Awards 2020» байқауының қорытындысы, Шымкент қаласының жобалық кеңсесі туралы үш мәселе қаралды. Айта өту керек, биыл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында басқару жүйесін оңтайландыруға арналған жобалық кеңсе құрылған болатын. Қала ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНІҢ ҚАРСАҢЫНДА 46 АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Мерекелік жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, егемендік жылдары Шымкенттің қарыштап дамығанын тілге тиек етті. – Тәуелсіздік арқасында Шымкент қаласының дамуы жаңа деңгейге көтерілді. Еліміз егемендік алған жылы Шымкентте халық саны 400 мың адам болса, бүгінгі күні 1 миллион адамнан асты. Қала аумағы кеңейіп, 13 мың гектардан 116,3 мың гектарға дейін ұлғайды. Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде ...

Читать далее »

«SHANYRAQ» ОРТАЛЫҒЫНДА ПӘТЕР КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында ашылған «SHANYRAQ» отбасы институтын қолдау орталығы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен көп балалы аналардың өмір сапасын жақсарту үшін нәтижелі жұмыс істеп келеді. Осы мақсатта бүгінде орталық қаладағы көмекке мұқтаж тұрғындармен тұрақты жұмыс жүргізіп, олардың сұранымына қарай мәселелерін шешуге атсалысып отыр. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» отбасы институтын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕ ҚИЫЛЫСТАРЫНА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАҒДАРШАМДАР ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласында биыл 9 жаңа бағдаршам орнатылды. Үш бағдаршам қайта жаңартылды. 220 метр жасанды жол кедергісін монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілді. «Интеллектуалды көлік жүйесі» жобасы аясындаТәуке хан даңғылы-Тәшенов көшесі, Тәуке хан даңғылы-Қазыбек би көшесі, Тәуке хан даңғылы-Дулати көшесі қиылыстарында интеллектуалды бағдаршамдар қойылды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, интеллектуалды бағдаршамдар жол кептелісінде уақыт жоғалтуды екі есе қысқартуға мүмкіндік ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес отырысы онлайн өтті. Ғылыми-әдістемелік Кеңестің құрамында «ҚазҚайтажаңарту» РМҚК ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті, Халықаралық Орталық Азия зерттеулері институты, Т.Басенов атындағы сәулет және құрылыс институты, Ә.Марғұлан атындағы Археология институты, ЮНЕСКО-ның ...

Читать далее »