медицина

КӘСІПКЕРЛЕР КОРОНОВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 100 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛДІ

Шымкент қаласының кәсіпкерлері коронавируспен күрес шараларына өз үлестерін қосып отыр. Жомарт жандар «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік-қайырымдық қорына бүгінге дейін 100 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Бұл туралы қор директоры Дәуренбек Құрбаниязов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қаржыға 5 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты алынған. Құралдардың төртеуі жаңа жұқпалы ауруханаға, біреуі кардиологиялық орталыққа орнатылған. Бүгінде осы мақсатқа жұмсалған қаржы көлемі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Ағымдағы жылдың 24 наурызы мен 17 шілде аралығында коронавирус ауруымен Шымкентте 4306 жағдай тіркелеген. Атап айтар болсақ, 2203-і симптомды, 2103-і симтомсыз. Өткен тәулікте бізде 55 жағдай тіркелген. Оның ішінде: симтомды 27 болса, симптомсызы -28. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Т.Варзилов баяндады. Жазылып шыққан науқастар 2499 адамды құрады.4006 жағдайдың 22-і сырттан келген азаматттар, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ БАҚЫЛАУДА

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Мәуленов мәлімдеді. Басқарма өкілінің мәлімдеуінше, Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастады. Науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Жалпы қаламызда короновируспен күрес бойынша ем алу шараларын жүргізуге 3264 медицина қызметкері жұмылдырылған. — Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, эпидемиологиялық жағдайды ретке келтіру және коронавирустық инфекцияның кең таралуын болдырмау мақсатында науқастарға қажетті ...

Читать далее »

ПНЕВМОНИЯМЕН КҮРЕСТЕ ЭКМО АППАРАТЫ ҚОЛДАНЫЛУДА

Шымкент қаласындағы кардиологиялық орталықта пневмонияға шалдығып, денсаулығы күрт төмендеген науқастарды экстракорпоральді мембраналы оксигенациялық (ЭКМО) аппаратына қосып емдеп отыр. Мамандар бұл құрылғыны ИВЛ аппаратына қосымша көмек ретінде науқастарға қосуда. – ЭКМО аппараты – өкпе қабынып жұмысы қатты нашарлаған кезде қанды оттегімен қамтамасыз етеді. Яғни, адамның күре тамырларынан арнайы түтікшелер арқылы аппаратқа қосып, ЭКМО-ға құйылған қанға қажетті деңгейде оттегі беріледі. Сосын қайта ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ТУЫСТАРЫНА ТӨЛЕНГЕН СОМАҒА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК БЕРДІ

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ТУЫСТАРЫНА ТӨЛЕНГЕН СОМАҒА ҚАТЫСТЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ КЕЛЕСІНІ ХАБАРЛАЙДЫ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеу туралы шешімді арнайы комиссия қабылдайды. Қазіргі таңда комиссия мүшелері әрбір нақты жағдай бойынша тиісті жұмыс жүргізуде. «Берілген бір миллион теңге төлемдерге келетін болсақ, қала әкімдігі арнайы комиссияның қорытындысын күтпей, қосымша қаржылық көмек беру туралы шешім қабылдады»,-деп жазды қала ...

Читать далее »

НАУҚАСТАР САНЫНЫҢ АЗАЮЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР ЖАБЫЛДЫ

Шымкентте медициналық көмекке жүгінетін азаматтар санының азаюына байланысты жеңіл атлетика спорт кешеніндегі 360 орындық күндізгі стационар жабылды. Естеріңізге салсақ, қалада ЖРВИ мен пневмониямен ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты қала әкімдігі 15 күн бұрын спорт кешенінен күндізгі стационар ашқан болатын. Стационарда алғашқы бірнеше күнде 500-ден 700-ге дейін тұрғын емделді. Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Сондықтан соңғы бес күн ішінде стационарға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ НАУҚАСТАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ҚАРАЙТЫН ЖАҢА ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкенттің білікті дәрігерлері 1430.kz сайты арқылы онлайн тегін кеңес беруге көшті. Аталмыш сайтқа жергілікті емханалардың жалпы тәжірибелік дәрігерлері тіркеліп, қызмет көрсетуге дайын. Олар желі арқылы науқасқа кеңес беріп, алғашқы медициналық көмекті көрсететін болады. Бұл үшін 1430.kz порталында тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу жеткілікті. Яғни, қала тұрғыны сайтқа өзінің атымен, логинімен тіркеледі. Сосын тиісті дәрігерін тапқан соң, бос уақытына сай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗУ ЖАЛҒАСУДА

Соңғы 7 күнде Үкімет тарапынан бөлінген екі ұшақпен және бес жүк көлігімен Индиядан, Ресей мен Украина елінен қажетті дәрілер қаламызға жеткізілді. Олар ең алдымен қаладағы медициналық ұйымдарға, сосын дәріханаларға таратылатын болады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Аптека №5», «Мега Фарм Плюс» серіктестіктердің көтерме қоймаларына арнайы барып, жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және дәрілік қордың жеткілікті екеніне көз жеткізді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз ...

Читать далее »

1430 MEDICAL SERVICE МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында азаматтарға онлайн түрде медициналық қызмет көрететін 1430 Medical service сервисі іске қосылды. Аталған онлайн плотформа арқылы дәрігерлер науқастарға бейнебайланыс арқылы кеңес бере алады. Бағдарламаның негізгі мақсаты — қалалық емханалардың жұмысын жеңілдетіп, науқастардың дәрігерден көбірек кеңес алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен баспасөз брифингінде денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Мәуленқұлов мәлімдеді. Медициналық қызметті онлайн алу үшін ...

Читать далее »

ІНДЕТПЕН КҮРЕСТЕ КӨЗ ЖҰМҒАН ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкентте коронавирус эпидемиясымен күресте кәсіби борышын атқару кезінде қаза тапқан тоғыз дәрігер «Құрмет», «Парасат», «Барыс» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы қала әкімі Мұрат Әйтенов марқұмдардың отбасына арнайы барып табыстады. Бұдан бөлек, әр отбасыға материалдық көмек ретінде «Қайырымды қала» қорынан қаржы берілді. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқан қала басшысы қызметтік борышын үлгілі атқарып, азаматтардың денсаулығын сақтаудағы табанды еңбектерін ерекше атап ...

Читать далее »