Шымкент қаласына Ресейден бір топ дәрігер келді. Сапарларының мақсаты – коронавирустық инфекциямен күрес бойынша тәжірибе алмасу. Сондай-ақ олар COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күресу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді. Дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиологтар бар. Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы топпен кездесіп, қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Сондай-ақ, бірлесе жұмыс жасауда табыс тіледі. «Бүгінгі таңда әлем бойынша дәрігерлер коронавирустық инфекцияны емдеудің ...
Читать далее »медицина
ШЫМКЕНТТЕГІ ТӨРТ АУРУХАНАҒА ОТТЕГІ БЕКЕТІ ОРНАТЫЛАДЫ
Шымкент қаласындағы 4 аурухана базасында арнайы оттегі станциясы орнатылады. Олар қалалық перзентханада, қалалық жұқпалы аурухана мен №1 қалалық ауруханада және №2 көпсалалы ауруханада. Аталған әр медицина мекемелерінде кислородтық 50 төсек-орын ашылады. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді. Ербол Садыр бұдан бөлек Шымкент қаласында тағы бір кислород өндіретін цех іске қосылатынын атап өтті. Онда күніне 1000-2000 дана оттегі ...
Читать далее »КАРАНТИН ТАҒЫ 2 АПТАҒА СОЗЫЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға байланысты карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді. «Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы — өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет», — деп жазды Президент Twitter парақшасында. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаева карантиннің ұзартылуына байланысты шілде айында қазақстандықтарға ...
Читать далее »ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ӨТТІ
Шымкенттік дәрігерлердің жаңа туған шақалаққа жасаған күрделі отасы сәтті аяқталды. Шымкент қаласындағы клиникалық балалар аурухасының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасап, шақалақтың денесіне туа біткен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады. Сәбидің басындағы ісіктің көлемі үлкен болды,- дейді мамандар. Баланың басында үлкен көлемде ісік барын ақ желеңділер бала анасының құрсағында жатқан 29-аптада анықтаған. Сондықтан мамандар отағы бала дүниеге келген соң ...
Читать далее »ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРТУЛАРЫ АЗАЙДЫ
Шымкент қаласы бойынша жедел жәрдем шақырту азайған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен Шымкент қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша арнайы штабында айтылды. Жиын барысында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар талқыланды. – Қала бойынша жедел медициналық жәрдем шақыртулары саны азаюда. Шілде айының 1 жұлдызынан бастап, бүгінгі күнге дейін (12.07.2020) шақыртулар саны 2142-ден 1839-ге дейін төмендеді. Қаладағы инфекциялық төсек-орын саны ...
Читать далее »М.ƏЙТЕНОВ: «ҚАЛАДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПҚА ТҮСЕ БАСТАДЫ»
Шымкент қаласы әкімдігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Мәжіліс барысында штаб мүшелері қала басшысы Мұрат Әйтеновке өз бағытында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Ең алдымен, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаев және Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова баяндама жасады. Рустам Қуанышбекұлы індетке байланысты тіркелген статистикалар мен жүргізіліп жатқан ем ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Белоруссия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті. Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шарт жасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үш жүк көліктері келді. Шымкент қаласына дәрілік препараттарды тасымалдауға рұқсат етілген сегіз компания жеткізді. Атап айтқанда: «Левофлоксацин», «Цефтриаксон», «Дексеметазон», «Аскорбин қышқылы» және басқа да препараттардың 20-дан астам ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ШЕТЕЛДЕН ДӘРІГЕРЛЕР КЕЛЕДІ
Шымкент қаласы əкімдігінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаевтың қатысуымен бүгінгі эпидемиологиялық ахуал жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, Рустам Қуанышбекұлы қаладағы эпидемиологиялық жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. – Шымкент қаласында қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты инфекциялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу үшін төсек-орындар саны қосымша көбейтілуде. Бұл төсек-орындар саны 650-ден 3129-ға жетті. Сондай-ақ жан сақтау бөліміндегі ...
Читать далее »ТОЙХАНАЛАР ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУЫ МҮМКІН
Шымкент қаласындағы мейрамхана иелері эпидемиологиялық жағдай нашарлап, мұқтаждық туса өздерінің меншігіндегі ғимараттарды провизорлы, стационарлы орталықтарға айналдыруға дайын. Бұл ұсыныстарын олар қала әкімі Мұрат Әйтеновке жеткізді. Шаһардағы бірнеше ғимаратты аралап шыққан Мұрат Дүйсенбекұлы, әзірге қосымша провизорлық орталықтарды ашудың қажеттілігі жоқ екенін жеткізді. Өйткені, бүгінде ауруханалар мен стационарларда медициналық көмекке мұқтаж барлық науқастарды жатқызу үшін жеткілікті орындар бар. Алайда, індеттің таралуы өсіп, ...
Читать далее »ИНВЕСТОР КӨМЕГІМЕН АШЫЛҒАН ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАН 200 НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Шымкент қаласында инвестор көмегімен ашылған стационарда алғашқы он күнде 344 науқас жатқызылып, олардың 200-ге жуығы емделіп шықты. 400 төсек-орындық ЖРВИ және пневмониямен күдікті науқастарға арналған провизорлық емдеу орны күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Емдеу орталығында білікті 21 дәрігер мен 70 орта буын медицина қызметкері бар. Мұнда 34 оттегі балонын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, барлық қажетті дәрімен қамтылған, науқастарға күніне 3 мезгіл ...
Читать далее »