медицина

ЕМДЕУ ОРЫНДАРЫНДА ЕМ АЛУШЫЛАР 77%-ҒА АЗАЙДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді. – Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады. Мәселен, кеше бір күнде 437 науқас коронавирустан жазылды. Ал жедел жәрдем қызметін шақырту өткен айларда 2320-ға дейін жетсе, бүгінде ол 1200 шақырылымға азайды. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда 100 шақырту ғана көп деген сөз. Қосымша айта кетсем, ...

Читать далее »

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ҚЫРЫҚҚА ЖУЫҚ «БОБРОВ» ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН ТАРТУ ЕТТІ

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары қайырлы іс жасады. Ширатып айтсақ, халық қалаулылары Асар шағынауданында орналасқан жұқпалы ауруханаға 40-қа жуық «Бобров» тыныс алу аппаратын сыйға тартты. Мəслихат депутаттары бұл əрекетімен əрдайым халықпен бірге екендіктерін көрсетті. Нəтижесінде жұқпалы ауруханадағы науқастар үшін оттегі аппаратының саны артты. Əлем əбігерге түсіп, ел ішіне қиындық келген кезде мемлекет қызметшілері осындай игі істі қолға алғаны — қуантарлық жайт. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 3357 НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында қаладағы эпидемиялық жағдай бойынша Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оның айтуынша өткен тәулікте 43 науқас дертінен айыққан. «5 тамыздағы эпидахуал бойынша — 5025 covid-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2572 симптомдық, 2453 симптомсыз. Өткен тәулікте вирус жұқтырғандар – 14. Қазіргі таңда індеттен емделіп шыққан науқастардың саны – 3357. 1629 науқас ...

Читать далее »

ШЫҢҒЫС МҰҚАН: «НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАСАҚ, ІНДЕТТІ ҚАЙТА ӨРШІТІП АЛУЫМЫЗ МҮМКІН»

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев және Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзиловтың қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, сөз тізгінін алған Шыңғыс Жұмабекұлы қаладағы қалыпқа түсе бастаған эпидемиологиялық ахуалды тұрақты жағдайда ұстау үшін жоспарлары жөнінде сөз қозғады. – ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ ТОПТАР 53 МЫҢ НАУҚАСТЫ ТЕГІН ДӘРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТТІ

Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрімен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп берген. Мобильді топ қызметкерлері тәулік бойы жұмыс жсайды. Бүгінгі таңға дейін 17 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен. Қазір қаладағы емханаларда 211 мобильді топ қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде. Бұдан бөлек, мамандар 608 831 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ УАҚЫТША ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

Шымкент қаласында инфекциялық ауруға шалдыққан науқастардың азаюына байланысты үш провизорлық станционардағы төсек орындар уақытша жабылды. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпид ахуал жөнінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Дәулет Шорабаев мәлімдеді. «Қазіргі уақытта провизорлық стационарларды кезең-кезеңмен консервациялау басталды. Ең алдымен консервациялау жұмыстарын оқу орындары базасында ашылған провизорлық стационарлардан бастадық. Бүгінгі күні политехникалық колледжде ашылған стационарда -250 орын, 52 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 181 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Дертінен сауығып шыққан науқастардың басым бөлігі амбулаториялық бақылауда болған. Ауруханада жатып ем қабылдаған науқастардың бірі -74 жастағы қала тұрғыны жиырма күннен аса дәрігерлердің бақылауында болған. Дәрігерлер әжейге коронавирус инфекциясынан бөлек «екі жақты пневмония» диагнозын қойған. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, инфекция жұқтырған 74 жастағы Шымкент тұрғыны вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған ...

Читать далее »

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАҒЫ ЗЕРТХАНА 9 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛҒАН

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық диагностикалық орталықтың жұмысымен арнайы барып танысып, медицина қызметкерлеріне пандемия кезінде атқарған ерен ебектері мен ерлігі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар орталықтандырылған медициналық зертхананың жұмысын жоғары бағалады. Аталған орталық Covid-19 эпидемиясына қарсы іс-шараларының ішінде басым бағытта медициналық қызмет көрсеткен. Мамандар науқастардың өкпе қуысының рентген және компьютерлік томография зерттеулерін жүргізген. Ал, ПТР зертханасы жоғары сапалы зерттеу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оның айтуынша, дертінен сауыққандардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар. «Шымкент қаласында 2020 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустың 4839 жағдайы тіркелді. Оның 2364-і симптомсыз болып анықталған. Бүгінде инфекциядан жазылып шыққан науқастардың саны 3006-ға жетіп отыр. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға ...

Читать далее »

«IKOMEKКЕ» КЕЛІП ТҮСКЕН САУАЛДАРДЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасымен «iKomek» жедел қызмет ету орталығы ашылған болатын. Күні кеше қала басшысы орталықтың жұмысымен танысып қайтты. Қалада көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыруда аталған орталықтың қосар үлесі мол екеніне сенім білдірген қала әкімі, мекеме шаһардағы күрмеуі шешілмеген көп мәселені анықтап, жедел әрі сапалы шешілуіне ықпал ететінін айтты. «Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі ...

Читать далее »