Экономика

108 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 6 айында 21 573 отбасыға, яғни 107 967 адамға 5,7 млрд.теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. Нәтижесінде шартты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алған 1597 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның 1362-ы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, 172-ы қоғамдық жұмыстарға, 23-і жастар практикасына, 35 азамат кәсіби даярлау курстарына жолданды, 5 адам кәсіпкерлікке баулу шараларымен қамтылды. ...

Читать далее »

ЖОЛАУШЫЛАР ҮШІН ТАСЫМАЛДАУШЫ КОМПАНИЯЛАРҒА БЕТПЕРДЕ БЕРІЛГЕН

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. – Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің санитарлық нормаларға сай келуін бақылайтын 11 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Нәтижесінде талапқа сай жұмыс істемей жатқандар кездесуде. Яғни, кей күндері амалсыз 3 көлік жүргізушісімен келісімшартты бұзған сәттеріміз болуда. Бұл ретте тасымалдаушы компанияларға арзан бағада бетперде әпергенімізді айта кетейін. Егер ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЕГІС АЛҚАБЫНАН 18 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

Шымкент қаласында биыл егістік алқабынан 15 650 тонна өнім алынды. Оның ішінде 10 450 тонна дәнді дақыл, 5 200 тонна көкөніс пен бақша өнімдері, картоптың 2100 тоннасы жиналды. Шаруалар майлы дақылдар мен мал азықтық дақылдарын, картоптың қалған бөлігін алдағы уақыттағы жиынға қалдырған. Ауылшаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, ағымдағы жылы ауылшаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен ...

Читать далее »

ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН ІШКІ ОРАМ ЖОЛДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың сәуір айында басталған орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 7 шақырымнан асатын ішкі көше жолдарының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Бүгінде әрбір атқарылып жатқан жол құрылысы жұмыстарын қала әкімі Мұрат Әйтенов қатаң бақылауға алған. Пайдалануға берілген көшелерді атап айтар болсақ, — Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы Фурхат, Атой 1,2,3 көшесіне мердігер мекеме «Теміртас» ЖШС-гі орташа ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 5 ШАҒЫН АУДАНҒА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

Қаратау ауданында газ құбырларын тарту жұмыстары қарқын алып келеді. Тұрғын үйлерге табиғи газ берілгенге дейінгі барлық жүйелердің дайын болуы үшін құрылыс жұмыстары қыза түскен. Нақтырақ айтар болсақ, наурыз айында Тұран шағын ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша магистралды жүйенің құрылысы бастау алған болатын. Бүгінде «StroyGazCompany» компаниясы жұмыстың 1-кезеңін қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабында да магистралды газ ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА МАЛ БАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы арқылы» қаржылай көмек алып, шаруасын дөңгелетіп отырған шаруа қожалықтары көп. Есепті кезеңде мал басы мен өнімділіктің өсуі байқалып отыр. Мәселен, ірі қара малдың саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6 пайызға артып 82,7 мың басты, қой мен ешкі 5,7 пайызға артып 112,3 мың басты, ал құс 8 пайызға артып, саны 972,1 мың басқа жеткен. Көрсеткіштердің ...

Читать далее »

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы жиын өтті. Жиында қалалық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ж.Шайхисламов алдағы қыс мезгілінде жылу беру маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Айтуынша, тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары жоспармен жүзеге асырылып келеді екен. «Мәселен, «3-Энергоорталық» АҚ-ның қысқы маусымға дайындық жұмыстарына бөлінген 648 млн. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ӨСІМІНЕН РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

Шымкент қаласында осы жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14.7 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға артық. Ауыл шаруашығы өнімінің өсу қарқыны бойынша Шымкент қаласы республика бойынша бірінші орында. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары хабарлады. Басқарма мамандарының сөзінше, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізу мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 11,2 МЛРД ТЕҢГЕ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімдігі карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты жергілікті бюджетті оңтайландыру нәтижесінде 11,2 млрд. теңге болатын қаржыны үнемдеді. Қала мәслихатының кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясында депутаттар бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған бюджет қаржысын бірауыздан бекітті. Үнемделген қаражаттың басым бөлігі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатынын айтқан қала әкімі Мұрат Әйтенов ұсынысты қабылдағаны үшін халық қалаулыларына алғысын білдірді. ...

Читать далее »

ШІЛДЕ АЙЫНДА 42500 ТЕҢГЕНІ 100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЛДЫ

Шымкент қаласында карантин кезіндегі шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған 100 504 азаматқа шілде айына 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем берілді. Ал, қала бойынша 105 821 тұрғыннан өтініш келіп түскен. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Утебаева ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлім етті. Әлеуметтік төлемді кімдер және қалай алуға болатыны туралы түсіндіріп өткен сала ...

Читать далее »