Шымкент қаласында құрылыс материалдарын шығаратын 215 ірі, орта және шағын кәсіпорындар бар. Осы жылдың 6 айында олармен 34,2 млрд. теңгенің құрылыс материалдары өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,5 пайызға артқан. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құраған. Ал құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында ...
Читать далее »Экономика
ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ 3 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕДІ
Шымкент қаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басым емес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайта қарады. Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 млн. теңге оңтайландырылды. Қысқартылған шығынның ішінде техникалық құралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланы абаттандыруға арналған қаржы бар. Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауруханаларды дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ШЕТЕЛДЕН 3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласының қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтенов Үкіметтің селекторлық отырысында мәлімдеді. Жиында қалада атқарылып жатқан эпидемияға қарсы шаралар мен Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. Онда әкім қаладағы дәрі тұрақтылығын сақтау мақсатында Үндістан, Ресей, Украина мен Өзбекстан елінен 2 млн 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрі-дәрмек пен 16 млн 700 мың маска жеткізілгенін ...
Читать далее »«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БОЙЫНША 60-ҚА ЖУЫҚ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ
Шымкент қаласында агроөнеркәсіп, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, жиһаз бен үй тауарлары өндірістері құрылатын болады. Бұл жобалар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылып отыр. Аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерден құны 87,8 млрд. теңге болатын 92 жоба бойынша ұсыныс түскен. Оның ішінде 60-қа жуық жоба мақұлданып, бүгінгі күнге 7,6 млрд. теңгеге 37 жоба қаржыландырылды. Бұл жөнінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары мәлімдеді. ...
Читать далее »КӘСІПКЕРЛЕР КОРОНОВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 100 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛДІ
Шымкент қаласының кәсіпкерлері коронавируспен күрес шараларына өз үлестерін қосып отыр. Жомарт жандар «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік-қайырымдық қорына бүгінге дейін 100 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Бұл туралы қор директоры Дәуренбек Құрбаниязов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қаржыға 5 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты алынған. Құралдардың төртеуі жаңа жұқпалы ауруханаға, біреуі кардиологиялық орталыққа орнатылған. Бүгінде осы мақсатқа жұмсалған қаржы көлемі ...
Читать далее »17 566 АЗАМАТТЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕРІ МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН ТӨЛЕНДІ
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сай, елімізде 7 санаттағы азаматтарға төтенше жағдай кезінде коммуналдық төлемдері төленді. Бұл жөнінде Шымкент қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов баспасөз брифингінде мәлімдеді. Төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру ережесіне сәйкес басқарма тарапынан 21 сәуір мен 25 маусым аралығында www.communal-komek.kz ақпараттық жүйесі арқылы 34 171 өтініш келіп түскен. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН 11 КӨШЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Шымкентте орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген төрт аудандағы 11 ішкі орам көше ел игілігіне берілді. Яғни, ұзындығы 11,15 шақырым жол жөндеуден өтті. Атап айтқанда, Абай ауданындағы Таңқурай, Агропром, Тарактас, Болашак, Ермекбаев пен Сейтов көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді. Ал, Еңбекші ауданында Бойт ата, Абрикосовая, Қараменде батыр көшесі жөнделсе, Әл-Фараби ауданында Саттарханов көшесі, Қаратау ауданында Байжігітов көшелерінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Шымкент қалалықұған ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗУ ЖАЛҒАСУДА
Соңғы 7 күнде Үкімет тарапынан бөлінген екі ұшақпен және бес жүк көлігімен Индиядан, Ресей мен Украина елінен қажетті дәрілер қаламызға жеткізілді. Олар ең алдымен қаладағы медициналық ұйымдарға, сосын дәріханаларға таратылатын болады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Аптека №5», «Мега Фарм Плюс» серіктестіктердің көтерме қоймаларына арнайы барып, жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және дәрілік қордың жеткілікті екеніне көз жеткізді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Белоруссия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті. Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шарт жасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үш жүк көліктері келді. Шымкент қаласына дәрілік препараттарды тасымалдауға рұқсат етілген сегіз компания жеткізді. Атап айтқанда: «Левофлоксацин», «Цефтриаксон», «Дексеметазон», «Аскорбин қышқылы» және басқа да препараттардың 20-дан астам ...
Читать далее »БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Шымкент қаласында 1 шілде күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары баспана мəселесін көтерген болатын. Қала әкімі М.Əйтенов тұрғындардың бұл шағымына назар аударып, аталған жайт екі күн ішінде шешілетінін жеткізген. Қала əкімінің бұл уəдесі орындалып, салымшылар қуанышқа кенелді. Еске сала кетейік, Шымкент қаласында бүгінгі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасымен 54 отбасы баспаналы болды. Оларға бұл бағдарламаның «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ ...
Читать далее »