Экономика

ШЫМКЕНТТЕ 9 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елорда күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында 9 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысты. Онлайн-жиында Мұрат Дүйсенбекұлы жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындармен тікелей эфирде байланысқа шығып, еңбек ұжымдарымен пікір алмасты. Шаһар басшысы өз сөзінде елімізде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке жоғары қолдау жасалып отырғанына тоқталып, нәтижесінде үшінші мегаполисте жаңа жұмыс орындарының ашылып жатқанын атап өтті. — ...

Читать далее »

БАДАМ ӨЗЕНІНДЕГІ ҚОС КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалаға қосылған тұрғын алабтарды аралап, халықпен кездесуінде айтылған мәселелер оң шешімін табуда. Атап айтсақ, Маятас, Тоғыс тұрғын алабтарындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін 2 көпірдің құрылысына жергілікті бюджеттен 310 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстар жүргізілуде. Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектеп жанынан 300 орындық қосымша ғимарат, спорт алаңшасын салуға және осы мектепті күрделі жөндеуге 673 млн. теңге ...

Читать далее »

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ФАРМ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы фарм компания басшыларымен жиын өткізді. Дәрі өндірушілер, дәріханалық қойма басшылары, аптека желілерінің директорлары қатысқан жиын барысында шаһардағы дәрі-дәрмек төңірегінде қалыптасқан мәселе кеңінен сөз болды. Қаланың бас санитар — дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың айтуынша, шымкенттіктерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және дәрілерге қойылған шекті бағаның сақталуына тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мониторинг жүргізіп, бақылауда ұстап ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Қала әкімдігінің және тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті өкілдерінен құрылған топ дәріханалардың дәрілік препараттармен қамтамасыз етуіне, сондай-ақ осы дәрілік заттардың шекті бөлшек бағаларын сақтау бойынша мониторинг жүргізіп жатыр. Шаһарда инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева баяндады. «Бүгінде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕН ЕЛІМІЗДІҢ 9 ҚАЛАСЫНА ҰШАҚПЕН БАРУҒА БОЛАДЫ

Шымкенттен «Fly Arystan» қазақстандық лоукостерімен Қазақстанның 9 қаласына ұшып баруға болады. Бүгінде компания Қазақстан ішінде ұшу сапарларын қолжетімді етіп отыр. Мәселен, 13 мамырдан бастап қалада ішкі әуе рейстері ашылған болатын. Шымкент қаласынан Атырау мен Ақтау қалаларына билет бағасы 9999 теңгеден басталады. Ақтөбеге 8999 теңгеден басталатын рейстері бар. Алматыға билеттері 4999 теңгеден басталса, Нұр-Сұлтанға 6999 теңгеден басталатын рейстер күнделікті орындалып жатыр. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІҢ ТІГІН ФАБРИКАСЫ 1,5 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ӨНІМІН ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРАДЫ

Шымкенттің «АГФ Групп» тігін фабрикасы ресейлік IKEA компаниясының дүкендеріне төсек жабдықтарын тігуде. Жеңіл өнеркәсіп саласында 10 жылдан аса табыс тауып жүрген компания жылына 1,5 миллионға жуық өнімін экспортқа шығарады. Фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. 2013 жылы өз өнімдерін экспорттай бастаған компания жасанды емес маталар және табиғи материалдармен комбинезон, мектеп формасы, әскери киімдер мен халаттар тігеді. Аймақта төсек орындықтар мен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 30 ГА ЖЕРГЕ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Шымкентте жаңадан құрылған агро-индустриалды аймақта жалпы инвестиция құны 5,5 млрд. теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде жаңадан 500-ден астам жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, құрылыс барысында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалық етуімен өткен жиында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді. Ауыл шаруашылығы бағытындағы аталған аймақтағы жобаларды сәтті жүзеге ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 1 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН НЫСАНДАР

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында карантинге байланысты 1 маусымнан бастап қаламызда іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті. Брифингте ең алғаш сөз алған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ертеңнен бастап іске қосылатын нысандар мен шектеулердің алынуы бойынша баяндады. – Шымкентте биылғы жылдың 1, 4 және 11 мамыр күндері 3 кезең бойынша 6 912 нысан іске қосылып, 166 мыңнан астам адам жұмысына қайта кіріскен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ АЙДА 48 МИЛЛИОН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІЛДІ

Шымкент қаласында биылғы жылдың төрт айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 7,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 1 миллиард теңге, мал шаруашылығы – 6,2 млрд. теңгені құраған. Осы уақыт ішінде 4 мың тоннадан астам ет, 13,3 тонна сүт және 48,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Мал шаруашылығын дамытып, өнім көлемін арттыру мақсатында жалпы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жиын өтті. Онда «Astana LRT» компаниясы қала басшысына Шымкенттегі қоғамдық көлік кешенін модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады. Атап айтқанда, автобустарды мобильді қосымша арқылы бақылауға болады, жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік ...

Читать далее »