Шымкент қаласында биыл 9 жаңа бағдаршам орнатылды. Үш бағдаршам қайта жаңартылды. 220 метр жасанды жол кедергісін монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілді. «Интеллектуалды көлік жүйесі» жобасы аясындаТәуке хан даңғылы-Тәшенов көшесі, Тәуке хан даңғылы-Қазыбек би көшесі, Тәуке хан даңғылы-Дулати көшесі қиылыстарында интеллектуалды бағдаршамдар қойылды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, интеллектуалды бағдаршамдар жол кептелісінде уақыт жоғалтуды екі есе қысқартуға мүмкіндік ...
Читать далее »Экономика
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӨЗ ГҮЛДЕРІН ӨСІРУДЕ
Шымкент қаласын көктемгі көгалдандыруға дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Онымен қоса шаһарда жаңа саланы дамытып, гүл экспортын ұлғайтуға барлық мүмкіндік бар. Бұл салада бәсекелестік артуына байланысты салық көлемі де ұлғаяды. Осыған орай, Шымкент қаласы өз гүлдерін өсіруде. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес мегаполис аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көп жылдық гүл көшеттерін өсіру қолға алынған ...
Читать далее »ҚАЛА ӘКІМІ ӘУЕЖАЙДЫҢ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласында әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа нысанның құрылыс барысымен танысты. Құрылыс-монтаж жұмыстары наурыз айында басталған болатын. Мердігер мекеме – «ПМК-7К» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 874,5 млн. теңге. Абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін бітеді. Бүгінгі таңда бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, топырақты қабаттарға қайта толтыру (32891 м3), қиыршықтас-құм қоспасынан жасалған ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНАН 60 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ
Шымкент қаласында күзгі егін жинау жұмыстары аяқталды. Биылғы жылы 27,9 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 мың гектарға артты. Қала әкімі Мұрат Әйтеновке дала жұмыстарының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков есеп берді. Оның айтуынша, күзгі дала жұмыстарын толығымен мерзімінде аяқтау үшін 725 доңғалақты трактор және 35 комбайн жұмылдырылған. ...
Читать далее »6 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылуы 94,7 пайызды құрайды. Биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 3 магистралды су аққы мен 17 ішкі орамның құрылысы мен 8 ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ж.Шайхсламов мәлімдеді. — Бүгінгі күнге дейін 6 тұрғын ...
Читать далее »«ОҢТҮСТІК» АЭА-ДА 0,99 МЛРД ТЕҢГЕ ҚҰРАЙТЫН 3 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шымкент қаласында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржынының жалпы құны – 97,8 млрд.теңге. Бүгінде инвестиция көлемі 30,7 млрд. теңге құрайтын 18 жоба іске асырылып, 1518 жұмыс орны құрылды. 2010 жылдан 2020 жылдың III тоқсаны аралығында «Оңтүстік» АЭА-ның кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің көлемі 71,8 млрд.теңге құрады. Өндірілген өнімнің жартысынан астамы (48,8 млрд. теңге) таяу және алыс шет елдерге экспортталды. «Оңтүстік» АЭА қызметін ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 2820 АЗАМАТ СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде 2020 жылы 29 872 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. 10 айдың қорытындысы бойынша 34 280 адам жұмыспен қамту іс-шараларына қатысты (114,8%). Бағдарламаның бірінші бағыты аясында (Техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқу) 3196 азаматты оқуға жолдау жоспарланып, нақты 4386 (137,2%) адам қатысты. Кәсіптік білімі жоқ, оқу орындарына түспеген 1196 азамат, ...
Читать далее »«ОҢТҮСТІК ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС» ЖШС ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА
Шымкентте темір-бетон бұйымдарын өндіретін «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС кеңейту және жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда. 2011 жылы құрылған кәсіпорын жылына 20 000 текше метр темір-бетон бұйымдары, 60 000 шаршы метр қабырға панелін өндіреді. Зауыт дайын өнімді отандық нарыққа шығаруда. Кәсіпорын басшыларының айтуынша, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС «ҚДБ-Лизинг» компаниясымен жасалған келісімшарт негізінде зауытты жаңғыртуды қолға алған болатын. Барлық жаңа жабдықтарды іске қосу-жөндеу ...
Читать далее »ҚАЛА ӘКІМІ ІРІ ТЕМІР-БЕТОН БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
«DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС – қаладағы ірі темір-бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорын. 2002 жылы құрылған зауыт бүгінде 210 адамды жұмыспен қамтып отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, жұмыс барысын аралап көрді. Кәсіпорын жылына 240 мың шаршы метр темір-бетон бұйымдарының жабын плитасын, 85 мың шаршы метр құрама-каркасты үйдің темір-бетон бұйымдарын, 32 мың шаршы метр өндірістік ғимараттар дайындауға қауқарлы. Сондай-ақ, 4,5 ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ КӨКӨНІС КӨШЕТІН ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласының әкімі Қаратау ауданын аралау барысында Испания технологиясы бойынша салынған 5000 тоннаға арналған көкөніс қоймасы мен көкөніс көшеттерін өсіруге арналған 2 га жылыжайда болды. Бұл нысандар «Ақ ордасы» корпорациясы» ЖШС еншілес. Корпорация бүгінге дейін тұрғын үй, жылжымайтын мүлік объектілері, инфрақұрылым объектілерін салу, сондай-ақ, аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыру қызметін көрсетіп келген. Құрылымына құрылыс және ауыл шаруашылығы секторын жүзеге асыратын 13 ...
Читать далее »