Архив меток: пандемия

ПАНДЕМИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ САНАҒА ӘСЕРІ

Қазақстандық саясаттанушылар Instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирде өткен «Азаматтық алаң» пікірталас алаңының онлайн-отырысы барысында пандемияның қоғамдық санаға әсерін талқылады. «Азаматтық алаң» пікірталас алаңы мүшелерінің Instagram-аккаунттарында Өркен Кенжебек пен Якова Федоров тікелей эфир өткізді. Эфир қонақтарының қатарында белгілі саясаттанулар Саясат Нұрбек пен Ерлан Саиров болды. Диалог барысында Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров жұқпалы ауруларға қарсы күреске тасталған пандемия мен оған ...

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАНДЫ

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанғанын мәлімдеді. «Елімізде коронавирустан айыққандар саны 1000-нан асты. Соңғы екі аптада еліміздегі коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды», — деді Айжан Есмағамбетова. Сондай-ақ ол карантин шараларын сақтаған қазақстандықтарға алғыс білдірді. «Карантин шарттарын сақтау бізге эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Карантин шаралары бүгінгі күні эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біртіндеп жеңілдетілуі тиіс. Біз ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 213-КЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам туралы ақпарат Вирус жұқтырған 1979 жылы туылған әйел, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 04.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАУІПТІ ІНДЕТТЕН ТАҒЫ 11 НАУҚАС АЙЫҚТЫ

Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды. Қауіпті індетті жеңіп шыққандар 1997, 1967, 2004, 1977, 1966, 1946, 1978, 1985, 1976, 1984, 1986 жылы туған қала тұрғындары. Науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 3 мамыр күні ауруханадан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 78 ЖАСТАҒЫ НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМДЫ

Шымкент қаласында 3 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. 1942 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 78 жастағы науқас 27 сәуір күні ЖРВИ, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Азаматша үй жағдайында өз бетінше емделіп, медициналық көмекке жүгінбеген. Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқас коронавирус ошағынан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 206-ҒА ЖЕТТІ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам туралы ақпарат (02.05.2020 жылғы сағат 14:00- дегі мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 1989 және 1971 жылы туылған азаматшалар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, ...

Читать далее »

КАРАНТИНДЕ ЖАТҚАН ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында шетелдік студенттерге азық-түлік таратылды. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Ізгілік елшісі жобасы аясында, Шымкент қаласы Абай аудандық соты мен Шымкентте қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің демеушілігімен, «Жастар қуаты» еріктілер тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесе «Біргеміз» акциясы аясында шетелдік студенттерге азық-түлік таратты. Төтенше жағдайға байланысты ақылы түрде ...

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте айтылды. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, бірінші және екінші кезеңде қайта жұмысын бастайтын нысандар туралы жан-жақты ақпарат берді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші ...

Читать далее »

ЖАРТЫ МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУҒА ӨТІНІМ БЕРГЕН

2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алу үшін арнайы портал,сайттарында 534 493 адамнан өтінім түскен. Оның ішінде 277 555 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 253 216 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 555 азаматтың ішінде 264 773 өтініштер бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БІР КҮНДЕ 63 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді. Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар: – Біздің көздегеніміз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау, деді. Өз кезегінде ерте пісетін бақша өніміне қол ...

Читать далее »