Архив меток: Шымкент мәдени астана

МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Есенова Ханзада Әзімханқызы тағайындалды. Ханзада Әзімханқызы 1972 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика және мәдениет институтын, 2015 жылы Ресей білім академиясы Өнер және мәдениеттану институтын, 2016 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы — ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «АБАЙ СӨЗІ» ОНЛАЙН-ОҚУЛАРЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн–оқулары өз мәресіне жетті. Оған жалпы 253 адам қатысты. Оның ішінде ТМД елдерінен — 45, өзге мемлекеттерден — 21, елімізден 187 қатысушы ақынның туындыларын жолдады. Достастық елдерінен Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан Республикаларынан, сонымен қатар, Қытай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, олар Абай мұражайында болып, танымдық экскурсия жасады. Артында өшпес мұра қалдырған ойшылды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу мақсатында 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақ алдына ескерткіші орнатылған болатын. Бұдан өзге, Шымкентте Абай Құнанбайұлының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛЫП НАВИГАЦИЯЛЫҚ СТЕЛАЛАР ОРНАТЫЛУДА

«Мәдени астана» аясында және қалаға келетін өзге де қонақтарды Шымкент қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында Туризм басқармасы тарапынан қаланың ірі көшелерінің қиылысына ақпараттық навигациялық стелалар орнатылып жатыр. Навигациялық стела – бұл жақын орналасқан туристік нысандар туралы ақпарат көзі ретінде қызмет ететін, әрі аймақта жылдам бағыт алуға жағдай жасайтын шағын көлемді дизайн. Бүгінгі таңда аталған навигациялық стелалардың бірі — Б. Момышұлы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 41 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ СЫРТ КЕЛБЕТІ ЖАҢАРДЫ

«2020 жыл – Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» болып жарияланды. Осыған орай, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың көркін жаңғырту бағытында бірқатар игі бастамалар қолға алынды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаладағы Республика және Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері 12 компанияның демеуімен жөндеуден өтті. Барлық үйлердің сырты заман талабына сай мәрмар тастармен қапталды. Ертеректе салынған үйлердің сыртын ...

Читать далее »