Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, қаламыздағы жеңіл атлетика спорт кешенінен қосымша 450 орындық күндізгі стационар дайындалуда. Орталықта ЖРВИ және пневмония жұқтырған науқастар ем қабылдайтын болады. Мұнда 450 кереует орналастырылды. Оның 350-і ОҚМПУ жатақханасынан жеткізілсе, 100 кереует демеушілер есебінен алынды. Бүгінде дәнеркелеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. 1 шілдеге дейін 450 орын толығымен дайын болады. Сонымен қатар, қажетті дәрі-дәрмектерді сақтауға ...
Читать далее »Архив меток: Шымкент
ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР АЛАҢЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ
Үшінші мегаполис Шымкенттің Қаратау ауданындағы тұрғын үйлер алаңы дезинцекцияланды. Қаратау ауданына қарасты Ақ жайық шағын ауданы мен Төлеметов және Көкшетау көшелерінде орналасқан көп қабатты үйлердің аулалары мен кіребестері залалсыздандырылды. Сонымен қатар, аудандағы ішкі орамдық көшелерге де дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Айта кетейік, Шымкент қаласының төрт ауданында дезинфекциялау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Күнделікті залалыздандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты «Самал-3» шағынауданындағы көшелерде ...
Читать далее »ТӘУЛІГІНЕ ҮШ МЫҢ ҚОҢЫРАУ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Шымкентте тәулігіне үш мың қоңырау абылдауға дайын «IKOMEK» орталығы ашылды. Қалада тұрғындардың сауалдарына жауап беретін жаңа орталық жұмысын бастады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кез келген сауалдарыңызға осы 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы жауап ала аласыздар. Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдауға қауқарлы. Қажет болған жағдайда 5000 азаматқа дейін қызмет көрсете алады. Ол үшін 26 қызметкер тәулік бойына жұмыс жасауда. iKomek орталығы ...
Читать далее »ТӨРТ ТҮЛЕККЕ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҰБТ-НЫҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЫ БЕРІЛДІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №1 Білім инновация лицейінің 4 түлегіне Ұлттық Бірыңғай Тестілеу басталарда ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 140 балл көрсеткіші бар сертификат табысталып, тестіден босатылды. Шымкент қаласы Білім басқармасының «Дарын» орталығы түлектерді шын жүректен құттықтайды. Олар: Әкімбай Диас, Шаназаров Аброрбек, Алишер Шерхан және Исағұлов Әбіш. 2020 жылғы ҰБТ-ы тапсырудағы жаңалықтардың бірі – SAT, ACT, IB халықаралық ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин қатысты. Брифингте ең алғаш сөз алған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қаладағы эпидемиологиялық жағдай және оны қалыпқа келтіру барысындағы жұмыстар жөнінде айтты. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРЛАР ДЕМАЛЫССЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастар енді емханаларда да ем қабылдай алады. Бұл үшін мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарда күндізгі стационардың төсек қоры кеңейтілді. Бүгінгі таңда халық денсаулығын нығайту мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен Шымкент қаласы бойынша пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін 14 мемлекеттік емханада және 26 жекеменшік медицина орталығында 623 төсек-орын дайындалды. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың нақты ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: БЕС КҮНДЕ 3318 ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРДЫ
Шымкентте биыл 8 885 түлек мектепті бітірген болса, соның 6 840-ы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 маусымда басталған ұлттық бірыңғай тестті түлектер М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ОҚМПУ және «Silk Way» университеттерінің базасында тапсырып жатыр. Айта кету қажет, 5 күнде 3 577 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген болса, оның 3 318-і тест тапсырған. 95 түлек келмей ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен денсаулық сақтау жүйесін дамыту перспективалары бойынша жиын болып өтті. Онда қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Албаев 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту жоспарын ұсынды. Бес жылдық даму жоспары негізгі 4 бағыт бойынша жүргізіледі. Олар: медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, кадрлық ресурстарды дамыту, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін жетілдіру және денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту. «Нәтижесінде: ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛМЕК
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қаламыздағы инфекциялық аурулардың таралуы жөнінде БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді. Сұхбат барысында, ең алдымен, Ербол Әбілхайырұлы қаламыздағы эпидемиологиялық жағдайды жеткізді. – Қазір Шымкент қаласында тек қана коронавирус емес, ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) мен пневмония өршіп тұр. Осы бойынша біз күнделікті нақты жоспарлы жұмыстарды жасап жатырмыз. Ал пандемиямен аурушылар ...
Читать далее »РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ШЫМКЕНТТІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ҮЗДІК ДЕП АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Бүгінгі кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаған департамент басшысы А.Көмекбаев жеңімпаздарды «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен марапаттады. Еске салсақ, онлайн режимде өткен республикалық деңгейдегі конкурсқа қаламыздың мемлекеттік органдары арасынан 48 білікті де, білімді мамандар құжаттарын тапсырған. Қатысушылардың жұмыстары екі номинация — үздік эссе/мақала, ...
Читать далее »