Архив меток: денсаулық

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласы тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық орындар мен көшелер, тұрғын үйлердің аулалары тұрақты түрде дезинфекциялануда. Бүгін залалсыздандыру жұмыстары Әл-Фараби ауданы аумағындағы А.Байтұрсынов, К.Тоқаев, Ғ.Иляев, Тәуке хан, Түркістан, Т.Әлімқұлов, Т.Орынбаев, І.Есенберлин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне жүргізілді. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасатын болады.

Читать далее »

БАС САНИТАР: «КАРАНТИННІҢ АЯҚТАЛУЫ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ТӘРТІБІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ»

Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин тәртіптері туралы тағы да айтты. «Карантин – коронавирус инфекциясын алдын алудың бірден-бір амалы. Үйде болыңыздар. Ешқайда шықпаңыздар. Азық-түлік немесе дәрі-дәрмек болмаса аса қажеттілік туындамаған жағдайда үйден шықпаған абзал. Үйіңізде де профилактикалық шаралар туралы ұмытпаңыздар. Дымқыл шүберекпен үйді тазартып, бөлмені желдетіп, үй жағдайына арналған ультракүлгінді сәулелендіргішті пайдаланыңыз. Ультракүлгінді сәулелер вирусты өлтіруде өте тиімді. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР КҮНІНЕ ЕКІ РЕТ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА

Шымкент қаласы тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. – Қала әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, бюджеттен қаржы қаралып, қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Шымкент қаласындағы дезинфекциялау жұмыстары бағыттардың жұмысы аяқталған соң, кешкі уақытта автобаза аумағында және күндізгі уақытта бағыттың соңғы аялдамаларында тұрақты атқарылуда, — дейді Шымкент қаласы Жолаушылар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

2020 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша үшінші мегаполисте коронавирустық инфекция тіркелген жоқ. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Тимур Варзилов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізіліп келеді. – Коронавирустық инфекция тіркелген елдерден ...

Читать далее »